A10D2 Метформин және Эмпаглифлозин (Metformin and Empagliflozin)

Қолдану көрсеткіштері

Диетаға және дене жаттығуларына толықтыру ретінде 2-ші типті қант диабеті бар ересек пациенттерге қолданылады: монотерапия түріндегі метформиннің ең жоғары жағымды дозасын қабылдаған кездегі гликемияны бақылауы жеткіліксіз пациенттерге; метформинді және көрсетілген дәрілік препараттарды қабылдаған кезде гликемияның бақылануы жеткіліксіз пациенттерге, диабетке қарсы басқа дәрілік препараттармен біріктірілімде; жекелеген препараттар түрінде эмпаглифлозин мен метформин біріктірілімі қолданылатын ем қабылдап жүрген пациенттерге.
    Клинические протоколы:
  1. Сахарный диабет 2 типа

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық; I типті қант диабеті; жедел метаболизмдік ацидоздың кез келген түрі (мысалы, лактоацидоз, диабеттік кетоацидоз); диабеттік прекома; ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 30 мл/мин); бүйрек функциясын бұзатын жедел аурулар (сусыздану, ауыр инфекциялар, шок сияқты); тіндік гипоксияны туындататын аурулар (атап айтқанда, аурудың жедел түрі немесе созылмалы аурудың өршуі, мысалы, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, тыныс алу жеткіліксіздігі, таяуда өткерілген миокард инфарктісі, шок); бауыр жеткіліксіздігі; жедел алкогольдік уыттану, алкоголизм.

Қауіпсіздік шаралары

 • Препаратын 1 типті қант диабеті бар пациенттерге қолдануға болмайды. • Метформин бүйрекпен шығарылады, ал егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясы төмендейтіндіктен, егде жастағы пациенттерге сақ болу керек. Препаратты қабылдаумен байланысты сүт ацидозының алдын алу үшін бүйрек функциясының мониторингі қажет. 75 жастағы және одан асқан пациенттер жоғары дегидратация қаупіне ұшырауы мүмкіндігін ескеру қажет.  85 жастағы және одан асқан пациенттерді емдеу тәжірибесі жеткіліксіз  болғандықтан, осы топ пациенттерінде емдеуді бастау ұсынылмайды.  • Бета-жасушалар функциясының қоры төмен пациенттерді қоса, SGLT2 тежегіштерін қабылдау кезінде ДКА туындау қаупі жоғары топқа кіретін пациенттерде (мысалы, С-пептид деңгейі төмен 2 типті ҚД бар науқастарда немесе ересектердегі жасырын аутоиммундық диабетте (LADA) немесе  анамнезінде панкреатит бар науқастарда), тағам тұтынуды шектеуге әкелетін жай-күйлері бар пациенттерде, сусыздану қаупі жоғары пациенттерде, инсулин дозасын азайту кезіндегі пациенттерде, аурудың өршуіне, хирургиялық араласуға немесе артық мөлшерде алкоголь тұтыну салдарынан инсулин қажет болатын пациенттерде сақтықпен қолдану керек.   • Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциясы бар пациенттер үшін эмпаглифлозинмен емдеуді уақытша тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек. • SGLT2 басқа тежегішін қолданған жалғасу үстіндегі ұзақ мерзімдік клиникалық зерттеуде аяқ ампутациясы (негізінен бақайлардың) жағдайлары санының артуы байқалды.  • Жедел алкогольдік уыттану кезінде метформин қолдану, әсіресе, ашығу, тойып тамақ ішпеу немесе бауыр жеткіліксіздігі жағдайында лактоацидоздың даму қаупін арттырады.    Пайдалану нұсқауларымен толығырақ танысу қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Инсулин және сульфонилмочевина туындылары сияқты инсулин сөлінісінің стимуляторлары - біріктіріліп қолданғанда гипогликемия қаупі арттыруы мүмкін.УДФ-ферменттерінің индукторлары - тиімділігінің төмендеуі, бірге қабылдамау керек.Йод бар рентгеноконтрастылы дәрілер - енгізуге дейін және енгізу кезінде тоқтатып, бүйрек функциясын қайта бағалау оның тұрақтылығын көрсеткеннен кейін 48 сағат өтпей тұрып жаңғыртпаған жөн.ҚҚСП, оның ішінде циклооксигеназ II іріктелген тежегіштері (COX), АӨФ тежегіштері, ангиотензин II рецепторының антагонистері және диуретиктер, әсіресе ілмекті диуретиктер - лактоацидоз қаупін арттыруы ықтимал, бүйрек функциясына мұқият  мониторинг қажет.Глюкокортикоидтар (жүйелі және жергілікті қолданылатын), бета-2-агонистер және диуретиктер - өзіндік гипергликемиялық әсері бар, қандағы  глюкоза деңгейіне жиірек мониторинг өткізу керек.   Пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен танысу керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Препаратты ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кезінде ШСЖ < 30 мл/мин  қолдануға болмайды, бүйрек функциясына ықпал ететін жай-күйлер болғанда оны қабылдауды уақытша тоқтату керек. Емдеуді бастағанға дейін және одан кейін тұрақты түрде ШСЖ баға беру керек.   Бүйрек функциясының бұзылған емделушілеріне арналған дозалар қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: гипогликемия (сульфонилмочевина туындыларымен немесе инсулинмен бірге қолданғанда); асқазан-ішек жолымен байланысты симптомдар.Жиі: қынаптық кандидоз;  вульвовагинит;  баланит және жыныс ағзаларының басқа инфекциялары;  несеп шығару жолдарының инфекциялары; шөлдеу; дәм сезудің бұзылуы; қышыну (жайылған); несеп шығарудың жиілеуі; сарысудағы липидтер деңгейінің жоғарылауы. Жиі емес: дегидратация; дизурия; қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы/шумақтық сүзілу жылдамдығының төмендеуі; жоғары гематокрит.Сирек: диабеттік кетоацидоз.Өте сирек: лактоацидоз; B12 дәруменінің тапшылығы; бауыр функциясының аномальді көрсеткіштері; гепатит; эритема; есекжем.

Балаларда қолданылуы

Қауіпсіздік және тиімділік туралы мәліметтер болмағандықтан, 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.