V08AB04 Йопамидол (Iopamidol)
Қолдану көрсеткіштері
Препарат тек қана диагностикалық мақсаттарда қолдануға арналған! - артериография, ангиокардиография, сандық субтракциялық ангиография (ССА), компьютерлік томография (КТ) жасағанда, бейненің контрасттылығын күшейтеді;- флебография, экскреторлық урографияда бейненің контрасттылығын күшейтеді.
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; манифестацияланған гипертиреоз
Қауіпсіздік шаралары
Йодталған контрастты зат мүмкіндігінше шұғыл көмек көрсету үшін алдын ала дайындалған стационар жағдайында және техникалық қамтамасыз ету арқылы, сондай-ақ білікті қызметкерлер құрамы тарапынан қолданылуы тиіс. Елеулі реакцияларды шұғыл емдеу шаралары және қажетті апаттық қорек көздері дайындалуы тиіс. Электр тогы кенетен өшіп қалған жағдайда, контрастты затты енгізу тез арада тоқтатылып, қажет болған жағдайда спецификалық көктамыр ішін емдеу тағайындалуы тиіс. Контрастты затты көктамыр ішіне енгізу үшін, иілгіш қуыс канюля немесе катетерді (тікелей көктамыр ішіне жету үшін) пайдаланған жөн. Препаратты енгізген соң, емделуші 30 минут бойы бақылауда болуы тиіс, өйткені барлық елеулі оқиғалардың көпшілігі атап айтқанда осы кезеңде өтеді. Келесі аурулары бар емделушілерге айрықша назар аудару қажет: аллергияға бейімділік; жасырын гипертиреоз; эутериоидты зоб; бүйрек жеткіліксіздігі; бауыр қызметінің ауыр бұзылуы; ауыр жүрек-қантамыр аурулары; бронх демікпесі; қант диабеті; мидың құрысу бұзылыстары; церебральді тамырлардың таралған атеросклерозы; жедел инсульт; гематоэнцефалдық кедергінің бұзылуымен, мидың ісінуімен қатар жүретін жедел бассүйекішілік қан құйылу; жалпы жағдайы нашар жай-күйде; сусыздану; дис- немесе парапротеинемия; феохромоцитома.Контрастылы заттар көктамыр ішіне және артерия ішіне гомозиготты орақ тәрізді генді адамдарда енгізілгенде орақ-жасушалы эритроциттер өндірілуіне ықпал етуі мүмкін. Кездейсоқ паравазальді инъекция жергілікті ісінуге, ауыруға және эритемаға әкелуі мүмкін. Бұл симптомдар қайтымды болып табылады және асқынуларсыз өтеді. Зақымдалған аяқ-қолды көтеріп, салқын компресс таңу керек.Контрастылы заттарды қабылдағанға дейін және одан кейін организмге сұйықтықтың жеткілікті келіп түсуін қамтамасыз ету керек. Қажет болған жағдайда, емделушіге контрастты зат толық жойылғанға дейін көктамыр ішіне гидратация жүргізуі тиіс. Бұл, әсіресе, бүйрек қызметі бұзылған, дис- және парапротеинемиясы, қан диабеті, гиперурикемиясы бар емделушілерге, сондай-ақ жаңа туылған сәбилерге, емшектегі балаларға, жасы кіші балаларға, егде жастағы емделушілер мен жалпы жай-күйі нашар емделушілерге қажет. Қауіп тобындағы емделушілерде су-электролиттік балансты бақылау, сондай-ақ қан сарысуындағы кальций деңгейінің төмендеуін көрсететін симптомдарды бақылау керек. Ерітінді құрамында бос йодтың болуы және йодталған контрастты затты қолданудан соң йодсыздандыру арқылы йодтың пайда болуы қалқанша безінің қызметіне әсер етеді. Бұл бейім емделушілерде гипертиреоз немесе тіпті тиреоуытты криз тудыруы мүмкін. Айқын, бірақ диагностикаланбаған гипертиреозы бар емделушілер, анықталған гипертиреозы бар емделушілер (көбіне түйінді зобы бар емделушілер) және функционалдық бұзылуы бар емделушілер (негізінен, йод жетіспейтін өңірлердегі егде жастағы адамдар) қауіпті топқа жатады.Йодталған контрастылы затты қабылдау алдында, емделушінің қалқанша безін сканирлеуді жоспарламағанына немесе қалқанша безінің қызметін тексеруді немесе радиоактивті йодты қолдана отырып емдеуді жоспарламағанына көз жеткізу керек. Енгізу тәсіліне қарамай йодталған контрастты затты қабылдау препараттың қалқанша безінің гормондары құрамына және йод толық шығарылғанға дейін оны қалқанша безінің немесе қалқанша безі обыры метастаздарының толық экскрециялаумен жұтуына әсер етеді, йодталған контрастылы затты енгізгеннен кейін гипотиреоздың туындау қаупі бар. Гипотиреоздың даму қаупі сондай-ақ йодталған контрастылы заттарды қабылдаған жаңа туған нәрестелерде немесе олардың аналары қабылдаған сәбилерде де бар.Жүрек-қантамыр аурулары бар, әсіресе, жүрек жеткіліксіздігі, ауыр коронарлық бұзылуы, тұрақсыз стенокардиясы, коронарлық шунттауымен жүрек ақауы, миокард инфарктісі бар, өкпе гипертензиясы бар емделушілерде күрделі жүрек асқынуларының даму қаупі жоғары. Әсіресе, жүрек ішінде сол жақ және оң жақ қарыншаға контрастылы затты қабылдағанда, жоғары болып келеді. ЭКГ-дегі ишемиялық өзгерістерді және айқын аритмияны қоса реакциялар егде жастағы науқастар мен сыртартқысында жүрек патологиясы бар науқастарда жиі кездеседі. Контрастты затты қантамыр ішіне енгізу жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде өкпе ісінуін тудыруы мүмкін.Метформин қабылдайтын емделушілер: өйткені йопамидолды қан тамыр ішіне енгізу бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін, зерттеуге дейін және зерттеу барысында метформинді қабылдауды тоқтату керек және тексеру кезінде және бүйрек қызметі мен оның қалпына келуін қайта зерттеген соң 48 сағат ішінде қайта жаңғыртуға болмайды.Бүйрек қызметі бұзылған немесе тексерілмеген реанимациялық науқастарда дәрігер контрастылы затпен тексерудің қаупі және пайдасын таразылап, сақтық шараларын қолдануы тиіс: метформинді қабылдауды тоқтату, гидратация, бүйрек қызметінің мониторингі, қан сарысуындағы лактат деңгейін анықтау және сүт-қышқыл ацидозы белгілерінің болуын анықтауға арналған рН мониторингі.Ангиографияда катетердің көмегімен контрастылы заттарды енгізу тромбоэмболиялық асқынулардың қаупімен байланысты. In vitro ионды емес контрастылы заттардың ионды контрастылы заттарға қарағанда, антикоагулянтты белсенділігі аз болып келеді. Контрастылы заттардың өз әсерінен басқа ретте, зерттеудің ұзақтығы, инъекциялар саны, катетер мен еккіш түрі, қатар жүретін аурулар мен жүргізілуші емнің болуы сияқты бірқатар факторлар тромбоэмболиялық асқынулардың дамуына әсер етуі мүмкін. Сондықтан катетеризациялауда, осы факторларды ескеріп, ангиография техникасын орындауға, сондай-ақ катетерді физиологиялық ерітіндімен шаюға (қажет болған жағдайда гепаринді қосу) және тромбоз бен эмболияның туындау қаупін ең төмен дәрежеге келтіру үшін емшараны өткізу мерзімін барынша қысқартуға ерекше көңіл бөлу керек. Гомоцистинуриясы бар емделушілерге (тромбоэмболияның даму қаупінен) айрықша көңіл бөлу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
• Диуретиктер, АПФ тежегіштері және / немесе бета-блок агенттер - жүрек және / немесе гипертониялық ауруы бар емделушілерге йодталған контрасты заттарды енгізу кезіндегі жанама реакциялардың жоғары даму қаупі.• Бета-блокаторлар-контрасты затпен туындаған бронхоспазмды емдеуге жауапты бұзады.• Вазопрессорлар- ішкі артериялық контрасты заттың неврологиялық әсерін қатты потенциалдайды.• Контрасты орта билирубинді, ақуыздарды немесе бейорганикалық заттарды (мысалы, темір, мыс, кальций, фосфаттар) зертханалық зерттеулерге кедергі келтіруі мүмкін. Бұл заттарды контрасты затты енгізгеннен кейін сол күні талдауға болмайды.• Интерлейкин 2-атиптік жағымсыз реакциялар, мысалы, эритема, қызба және препаратты енгізгеннен кейін тұмау белгілері байқалды.• Нейролептиктер, анальгетиктер, құсуға қарсы дәрілер, фенотиазиндер тобынан антигистаминге қарсы және седативті дәрілер-құрысудың шегін төмендетеді, мұндай препараттармен емдеуді контрасты затты енгізгенге дейін кем дегенде 48 сағат бұрын тоқтату керек және емдеуді одан кейін 24 сағаттан кейін ерте емес қайта бастауға болады
Бүйрек жеткіліксіздігі
Контрастты заттарды қабылдаған соң, транзиторлық бүйрек жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздігіне алып келетін бүйрек аурулары: бүйрек жеткіліксіздігі; диабеттік нефропатия; 60-тан жоғары жас ерекшелігі; сусыздану; үдемелі атеросклероз; қалпына келмейтін жүрек жеткіліксіздігі; контрастты заттың жоғары дозаларымен көп реттік инъекциялары; контрастты заттың бүйрек артериясына тікелей енгізілуі; нефроуытты заттардың әсері; ауыр және созылмалы артериялық гипертензия; гиперурикемия және парапротеинемия (мысалы, плазмоцитома, макроглобулинемия).Келесі алдын алу шаралары ұсынылады: контрастылы заттарды қабылдағанға дейін және одан кейін жеткілікті гидратациялауды қамтамасыз еткен жөн; дұрысы, көктамыр ішіне инфузиялау жолымен контрастылы заттардың толық сыртқа шығарылуына дейін; бүйрекке қосымша әсер етуді болдырмау (нефроуытты дәрілік заттар, бүйрек артериясының ангиопластикасы, кең хирургиялық араласулар және т.б); контрастылы заттың дозасын ең төмен дозаға дейін азайту.Контрастылы затты қолдану арқылы қайта зерттеу бүйрек қызметі қалпына келгенде ғана орындалуы тиіс. Гемодиализдегі емделушілерде енгізілген контрастылы заттар организмнен диализ барысында шығарылады.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ауыр бауыр жеткіліксіздігімен ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кейде гемодализді қажет ететін контрастты заттардың экскрециясын елеулі кідіртуі мүмкін.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Бала емізуден бас тарту талап етілмейді.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас ауруы.Сирек: бастың айналуы, дәмінің өзгеруі; экстрасистолдар, жыпылықтайтын аритмия, қарыншалық тахикардия және жыпылықтайтын аритмия сияқты жүрек ырғағының бұзылуы; гипотония, гипертония; құсу, диарея, іштің ауыруы, ауыздың құрғауы; бөртпе, есекжем, қышу, эритема, жоғары тер бөліну; арқаның ауыруы; жіті бүйрек жеткіліксіздігі; кеуденің ауыруы, инъекция орнындағы ауырсыну, гипертермия, суықтың сезімі; қандағы креатинин жоғарылауы.Өте сирек: сананың шатасуы; парестезия; брадикардия; өкпенің ісінуі, демікпе, бронхоспазм; бұлшық еттердің спазмы.
Балаларда қолданылуы
Дозаға қатысты қосымша ақпарат алу үшін препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа жүгіну ұсынылады.