A16A02 Имиглюцераза¹ (Imiglucerase)

Қолдану көрсеткіштері

Нейронопатикалық белгілерсіз (1-тип) немесе созылмалы нейронопатикалық белгілермен (3-тип) Гоше ауруының расталған диагнозымен ұзаққа созылған орын басатын ферменттік терапия.Клиникалық хаттама:   1. Бас миы ақ затының аурулары
    Клинические протоколы:
  1. Заболевания белого вещества головного мозга

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез- келген компонентінің біріне жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Антиденелері немесе асқын сезімталдық симптомдары бар пациенттер; анамнезінде спленэктомиясы бар пациенттер- өкпелік гипертензия дамуының жоғары қаупі;

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Препараттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы зерттеулер жүргізілмеген. Сондықтан препаратты басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Жүкті емес әйелдерді емдеуді жүкті болғанға дейін бастау ұсынылады.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: тынысалудың қиындауы, жөтел, асқын сезімталдық реакциялары, аллергиялық бөртпе/ Квинке ісінуі, қышыну, бөртпе.Жиі емес: бас айналуы, бас ауыруы, парестезия, тахикардия, цианоз, қызару, артериялық қысымның төмендеуі, жүрек айнуы, құсу, іштің түйілуі, диарея, артралгия, бел ауыруы, енгізу орнындағы жайсыздық сезімі, ашыту, жергілікті ісіну, енгізу орнындағы стерильді абсцесс, кеудедегі жайсыздық, қызба, тырысулар, шаршағыштық.Сирек: анафилактоидтық реакциялар.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Көктамыр ішіне, минутына дене массасының 0,5 ХБ/кг аспайтын жылдамдықпен енгізу. Туылғаннан бастап балаларға, дозасын түзету талап етілмейді.. Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді