V03AF01 Месна (Mesna)

Қарсы көрсеткіштері

Меснаға, препараттың кез келген компонентіне немесе басқа тиол қосылыстарына жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Аутоиммундық аурулары бар пациенттерге препаратты қауіп пен пайдасына мұқият баға бергеннен кейін ғана және медициналық бақылаумен тағайындау. Препаратты тағайындауда аса жоғары сезімталдық реакцияларының дамуы мүмкіндігі туралы, сонымен қатар бұл жағымсыз реакциялар препаратты бірнеше рет қолданғаннан кейін нашарлауы мүмкін, ал кейбір жағдайларда өмірге қауіпті болуы мүмкін екендігін ескеру керек; препаратты қабылдағанда аса жоғары сезімталдық реакциялары сепсистің клиникалық көрінісін еске түсіретіндей қабылдануы мүмкін, ал аутоиммунды бұзылысы бар пациенттерде - негізгі аурулардың асқынуы ретінде болуы мүмкін. Көлік құралын немесе басқа да қауіптілігі ықтимал механизмдерді басқаруда сақтық таныту.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Цисплатин, карбоплатин және хлорметинмен үйлесімсіз. Алайда, инъекцияға әртүрлі жерді пайдаланғанда олар бір мезгілде қолданылуы мүмкін. Бұл препараттар дене ішінде өзара әрекеттеспейді.Месна препаратын эпирубицинмен араластыруға болмайды, өйткені бұл эпирубицин белсенділігінің жойылуына алып келеді.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Жүктілік

Препараттың эмбриоуытты және тератогенді әсерін ескере отырып, ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: бас ауыруы, естен тану алдындағы жағдай, әлсіздік/ұйқышылдық, бет терісіне қан құйылулар, іштің ауыруы/іштің түйіліп ауыруы, жүректің айнуы, диарея, бөртпе, енгізген жерде реакциялар, енгізген жердің қышуы, енгізген жердің бөртуі, тұмау тәрізді ауру, қалтырау.Жиі: лимфаденопатия, тәбеттің төмендеуі, сусызданудың сезілуі, ұйқысыздық, түнгі қорқыныштар, бас айналуы, парестезиялар, гиперестезия, естен тану, гипестезия, зейіннің бұзылуы, конъюнктивит, жарықтан қорқу, көрудің бұлыңғырлануы, жүректің қағуы, мұрынның бітелуі, жөтел, плевралық ауыру, ауыздың құрғауы, бронх түйілуі, ентігу, көмейдің жайсыздануы, мұрыннан қан кету, шырышты қабықтың тітіркенуі, метеоризм, құсу, ашытып ауыру (төс артының/эпигастр аймағының), іш қату, қызылиектің қанағыштығы, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы, қышыну, гипергидроз, артралгия, арқаның ауыруы, миалгия, аяқ-қолдың ауыруы, жақтың ауыруы, несеп шығарудың бұзылуы, енгізген жердің ауыруы, енгізген жерде эритема, енгізген жерде есекжем, енгізген жерде ісік, кеуденің ауыруы, әлсіздік, бет ісінуі.Өте сирек: фарингит.Жиілігі белгісіз: панцитопения, лейкопения, лимфопения, тромбоцитопения, эозинофилия, анафилаксия, аса жоғары сезімталдық, құрысулар, периорбитальді ісіну, электрокардиографияның атипиялық деректері, тахикардия, гипотензия, гипертензия, тыныс алу жеткіліксіздігі, гипоксия, қанның оттегімен қанығуының азаюы, тахипноэ, қан түкіру, стоматит, дәмнің бұзылуы, гепатит, гамма-глутамилтрансфераза белсенділігінің жоғарылауы, қанда сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, дәрілік бөртпе, ойық жаралану және/немесе буллезді бөртпе/күлдіреуік, ангионевроздық ісіну, тұрақты дәрілік эритема, жарыққа жоғары сезімталдық кезіндегі бөртпе, есекжем, күйдіру сезімі, эритема, бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі, шеткері ісінулер, астения, диссеминирленген қантамырішілік ұю синдромы үшін тән зертханалық көрсеткіштер, протромбин уақытының артуы, белсендірілген ішінара тромбопластин уақытының артуы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балалар. Көктамыр ішіне. Енгізу аралығын жекелей азайту (мысалы, 3 сағатқа) және/немесе препарат дозасының мөлшерін (мысалы, 6 дозаға дейін) арттыру талап етіледі. 16 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қабылдау жөнінде ұсынымдары жоқ.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.