S03AA07 Ципрофлоксацин (Ciprofloxacin)

Қолдану көрсеткіштері

Офтальмология: ципрофлоксациннің әсеріне сезімтал патогендер туғызған мөлдір қабықтың ойық жараларын және көздің және оның қойнауларының беткейлі бактериялық инфекцияларын емдеу.Оториноларингология: жедел сыртқы отиттерді және ципрофлоксациннің әсеріне сезімтал, бактериялық түрлерінен туындаған бөлінуі бар құлақ жарғағының тесілуінен болған құлақтың ортаңғы бөлігінің қабынуларын емдеу.Клиникалық хаттама:   1. Катаракта
    Клинические протоколы:
  1. Катаракта

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Ципрофлоксацинге немесе басқа хинолондарға, немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Көзге/құлаққа басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қолданғанда олардың арасында кемінде 10 минут аралықты сақтау керек. Жүйелі хинолондарды қабылдайтын пациенттерде алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін күрделі асқын сезімталдықтың кейде фатальді (анфилаксиялық) реакциялары туралы хабарлар бар. Ашық күн астында ұзақ жүруге болмайды және фотосезімталдық белгілері пайда болғанда емдеуді тоқтату керек. Ципрофлоксацинді ұзақ қолданғанда сезімтал емес бактериялық штамдардың шамадан тыс өсуінің даму қаупі бар. Көлік құралын және басқа да қауіптілігі ықтимал механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Теофиллин - қан плазмасында теофиллин концентрациясының жоғарылауы.Кофеин - кофеин метаболизмінің өзгеруі.Варфарин және оның туындылары - ішке қабылдауға арналған антикоагулянттар әсерінің күшеюі.Циклоспорин - циклоспоринді қатарлас ем ретінде қабылдайтын пациенттерде сарысулық креатининнің уақытша артуы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: мөлдір қабықтағы түзілімдер, көздегі жайсыздық, гиперемия, көздің тітіркенуі, конъюнктива гиперемиясы, көз гиперемиясы, көздегі бөгде дененің сезінуі, көздегі жайсыздықты сезіну, дисгеузия, дәмнің бұрмалануы.Жиі емес: кератопатия, нүктелік кератит, мөлдір қабық инфильтраттары, мөлдір қабықтың боялуы, фотофобия, көру өткірлігінің төмендеуі, көрудің бұлыңғырлануы, ауыруы, көздің құрғауы, көздің ісінуі, қышыну, көз жасының шамадан тыс ағуы, көзден бөлінулер, қабақтың ісінуі, қабақ жиегіндегі қабыршақтар, қабақ эксфолиациясы, конъюнктива ісінуі, қабақ эритемасы, көз аллергиясы, жүрек айнуы, бас ауыруы, қызба.Сирек: асқын сезімталдық, көздің уыттануы, кератит, конъюнктивит, мөлдір қабық эпителийінің ақауы, диплопия, көз гипостезиясы, астенопия, көз жүйкесінің қарапайым ұшығы, теріскен, көздің қабынуы, бас айналуы, құлақтың ауыруы, құлақтың бітелуі, оторея, құлақтағы қышыну, мұрын жанындағы қойнаулардың гиперсекрециясы, ринит, іштің өтуі, іштің ауыруы, дерматит.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

8 жастан асқан балаларға ересектерге арналған дозаларда және сол ұзақтықпен жергілікті қолданады. 8 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді