S02CA06 Дексаметазон, Неомицин сульфаты, Полимиксин сульфаты және фенилэфрин (Dexamethasone and antiinfectives)

Қолдану көрсеткіштері

Жедел және созылмалы ринит, синуситтер.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне, әсіресе парабендерге немесе аминогликозидтерге жоғары сезімталдық; жабық бұрышты глаукомаға күдіктену; уретропростатикалық бұзылыстарға байланысты, несеп шығарылуының іркілуіне күдіктену; белдемелі теміреткі, желшешек, герпес сияқты инфекциялардың мұрынға орнығуы; тамыр тарылтатын дәрінің альфа-симпатомиметикалық белсенділігіне байланысты инсульт туындауына ықпал етуі мүмкін анамнездегі инсульт немесе қауіп факторлары; ауыр немесе нашар теңестірілген артериялық гипертензия; ауыр коронарлық жеткіліксіздік; анамнездегі құрысулар.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Ятрогендік риниттің даму қаупіне байланысты ұзақ уақыт кезеңі бойы препаратты пайдалануға болмайды. Артериялық гипертензия, тахикардия, жүректің қағуы немесе жүрек ырғағының бұзылуы, жүрек айнуы немесе кез келген неврологиялық белгілер (бас ауыруының пайда болуы немесе өршуі сияқты) туындаған кезде емдеуді тоқтату қажет.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

МАО қайтымсыз селективті емес тежегіштері - пароксизмальді гипертензия және гипертермия даму қаупі.Альфа-симпатомиметиктер (оральді және/немесе назальді), жанама симпатомиметиктер - вазоконстрикция және/немесе гипертониялық кризистің даму қаупі.Ацетилсалицил қышқылы - ацетилсалицил қышқылының қабынуға қарсы дозаларымен жоғары қан кету қаупі.Празиквантел - қан плазмасында празиквантел концентрациясының төмендеуі.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Сирек: мұрынның құрғау синдромы, аллергиялық реакциялардың терілік көріністері.Өте сирек: бас ауыруы, ұйқысыздық, артериялық қысымның жоғарылауы, жүрек соғуының жиілеуі, діріл, терінің бозаруы; антибиотиктерді жүйелі қолданудан препараттың құрамына кіретін антибиотиктерге жергілікті немесе жүйелік аса жоғары сезімталдық және сенсибилизация.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

15 жастан асқан балаларға. Жергілікті, әрбір мұрын қуысына тәулігіне 3 рет бір бүркуден. 15 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді