A14AB01 Нандролон¹ (Nandrolone)

Қолдану көрсеткіштері

Ауыр жарақаттан, уыттанудан, инфекциялық аурулардан, ауқымды операциялық араласулардан кейінгі реконвалесценция (сауығу) кезеңінде; созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі нәтижесіндегі анемияда (кешенді ем құрамында).
    Клинические протоколы:
  1. Гипогонадизм у детей
  2. Ожоги II – IIIA-Б - IV степени более 30%, глубоких более 10% поверхности тела
  3. Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
  4. Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Препаратқа аса жоғары сезімталдық; ерлердегі сүт безі немесе қуық асты безінің карциномасы; әйелдердегі сүт безі обыры (гиперкальциемия кезіндегі метастаздармен); нефроз, гломерулонефрит (нефротикалық форма); гиперкальциемия (сонымен қатар анамнезінде).

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Ұсынылған дозадан арттыруға болмайды. Миокард дисфункциясы, миокард инфарктісі (оның ішінде анамнезінде), артериялық гипертензиясы, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі, эпилепсиясы, бас сақинасы немесе глаукомасы, қант диабеті, атеросклерозы, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау. Әйелдерде етеккір оралымы бұзылуы кезінде қолдануды тоқтату. Көзішілік қысымды тұрақты бақылау. Бауыр қызметі бұзылуы мүмкін. Емдеуді бастар алдында еркектер тік ішекті саусақпен тексеруден өтуі қажет; егде жастағы пациенттерде қуық асты безі гиперплазиясы дамуы мүмкін. Гипогликемиялық препараттар дозасын түзету қажет.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Гипогликемиялық препараттар - гипогликемиялық әсердің күшеюі.Кумарин туындылары - пероральді антикоагулянттар әсірінің күшеюі. Соматотропты гормон және оның туындылары - олардың әсерлерінің әлсіреуі және түтікті сүйек өсуінің эпифизарлық аймақтары минерализациясының жылдамдауы.Глюкокортикостероидтар, минералокортикостероидтар, кортикотропин, құрамында Na+ бар препараттар және Na+ бай тағамдар - ағзада сұйықтық кідіруінің күшеюі, ісіну даму қаупінің жоғарылауы, безеулік бөртулер айқындығының жоғарылауы.Гепатоуытты заттар - бауыр қызметі бұзылуының дамуы қаупі.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Бауыр жеткіліксіздігінің ауыр деңгейінде қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылыстар: тыныс алу бұзылысы.Эндокринді жүйе тарапынан бұзылыстар: гонадотропин секрециясының тежелуі, әйелдерде вирилизация, аменорея, бой өсуінің кідіруі немесе тоқтауы; қыздарда - қасаға шаштары өсуінің күшеюі және клитор гипертрофиясы, ұлдарда пубертантты кезеңнен кейін - қуықтың тітіркенуі, мастодиния, гинекомастия, приапизм, жыныс функциясының төмендеуі.АІЖ тарапынан бұзылыстар: жүрек айнуы, құсу, эпигастральды аймақтың ауыруы, іштің ауыруы, тәбеттің төмендеуі, диарея, асқазанның толу сезімі, метеоризм; холестаз, сарғаю, холестатикалық гепатит, гепатонекроз.Асқын сезімталдық реакциялары: аллергиялық реакциялар.Қан тарапынан өзгерістер: ТТЛП концентрациясының жоғарылауы және ЖТЛП концентрациясының төмендеуі, темір тапшылықты анемия, бауырдың функциональді сынамалары көрсеткіштерінің ауытқулары (жоғарылауы).

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді