S01FB01 Фенилэфрин (Phenylephrine)

Қолдану көрсеткіштері

Аккомодация түйілуін қайтаруға және алыстан нашар көрудің өршуін емдеу (кешенді ем құрамында). Артқы синехияның пайда болуының алдын алу және нұрлы қабықтың экссудациясын азайту (иридоциклит). Офтальмоскопия және басқа да диагностикалық процедуралар (көздің артқы қиығының жағдайын бақылау үшін қарашықты диагностикалық кеңейту). Алдыңғы камера бұрышы тар профильді және жабық бұрышты глаукомаға күдіктенген пациенттерде провокациялық тест жүргізу. Көз алмасының инъекциясы типін анықтау мақсатында жасалатын дифференциалдық диагностикада. Көз түбіне лазерлік араласулар жүргізуде және витрео-ретиналды хирургияда (қарашықты кеңейту үшін), «қызыл көз синдромында».
    Клинические протоколы:
  1. Катаракта
  2. Термические и химические ожоги, ограниченные областью глаза и его придаточного аппарата
  3. Травма глаз и глазницы. Ушиб глазного яблока и тканей глазницы III-IV степени

Қарсы көрсеткіштері

Препаратқа жоғары сезімталдық, тар бұрышты немесе жабық бұрышты глаукома, ЖИА, қолқа аневризмасымен, I-III дәрежелі атриовентрикулярлық блокадамен, аритмиямен үйлесімдегі артериялық гипертония, тахикардия, анамнезіндегі I типті қант диабеті, моноаминоксидаза тежегіштерін, трициклді антидепрессанттарды, гипотензиялық препараттарды үнемі қабылдау, көз алмасының тұтастығы бұзылған науқастарда, сондай-ақ көз жасының түзілуі бұзылған кезде препаратты хирургиялық операция кезінде қарашықты қосымша кеңейту үшін пайдалану, гипертиреоз, бауыр порфириясы, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның туа біткен тапшылығы.

Қауіпсіздік шаралары

Фенилэфрин гидрохлоридінің мидриатикалық әсері оны атропинмен бірге жергілікті қолдану кезінде күшейеді.

Жүктілік

Препаратты осы санаттағы науқастарда, жүкті әйел үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолдануға болады.

Емізу

Препаратты осы санаттағы науқастарда, ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

Күйдіру сезімі, көрудің бұлдырауы, тітіркенуі, жайсыздық сезімі, көзден жас ағу, көзішілік қысымның жоғарылауы, қолданғаннан кейін келесі күні реактивті миоз.Препараттың қайталанатын инстилляциясы бұл уақытта, бұрынғыға қарағанда, аз білінетін мидриаз беруі мүмкін. Бұл әсер әсіресе егде жастағы пациенттерде жиі байқалады. Сонымен бірге, жүрек қағуының жиілеуі, тахикардия, жүрек аритмиясы, артериялық  гипертензия, қарыншалық аритмия, рефлекторлы брадикардия, коронарлық артериялар окклюзиясы, өкпе артериялары эмболиясы.

Балаларда қолданылуы

Офтальмоскопия жүргізгенде 2,5% ерітіндінің бір тамшысын енгізу жеткілікті. Ең жоғары мидриаз 15-30 минуттан кейін дамиды және 1-3 сағат бойы сақталады. Аккомодация түйілуін қайтару үшін және көзге өте көп жүктеме түскен кезде алыстан нашар көрудің үдеуін емдеу үшін кешенді ем құрамында, 8 жастан асқан балалар: 4 апта бойы күнделікті түнге қарай әр көзге 1 тамшыдан тамызу.  2,5% ерітінді 8 жасқа дейінгі балаларға, 10% ерітінді 12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.