S01EE04 Травопрост (Travoprost)

Қолдану көрсеткіштері

Көзішілік қысым көтерілуінен немесе ашық бұрышты глаукомадан зардап шегіп жүрген ересек пациенттерде көзішілік қысым көтерілуін төмендету;
- көзішілік қысым көтерілуінен немесе балалар глаукомасынан зардап шегетін 2 айлықтан бастап < 18 жасқа дейінгі балаларда көзішілік қысым көтерілуін төмендету.
    Клинические протоколы:
  1. Первичная глаукома
  2. Глаукома вторичная вследствие других болезней глаз

Қарсы көрсеткіштері

белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Қандай да бір өзара әрекеттесу зерттеулері жүргізілмеген.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозаны түзету талап етілмейді.

Жүктілік

Травопрост жүктілікке және/немесе шарана/жаңа туған нәрестеге зиянды фармакологиялық әсер иеленеді. Травопрост препаратын, егер оның тікелей қажеттілігі болмаса, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Емізу

Травопрост көзге тамызатын дәрісінің ананың емшек сүтіне бөлінуіне қатысты ақпарат жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер травопрост пен метаболиттерінің емшек сүтіне бөлінетінін көрсетті. Травопрост препаратын бала емізетін аналарға қолдануға ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті
Өте жиі:
- конъюнктивалық гиперемия, көз гиперемиясы, нұрлы қабықтың гиперпигментациясы
Жиі:
- нүктелік кератит
- көздің ауыруы
- көздің жоғары сезімталдығы, көз қарығуы
- көздегі жайсыздық, көздің тітіркенуі
- көздің құрғауы
- көздің қышынуы
- конъюнктиваның гиперемиясы
- алдыңғы камерадағы торлар
- алдыңғы камерадағы шағылысулар
- көзден бөліністер
- көру жітілігінің төмендеуі
- көзге қос көріну
- қабақтың эритемасы, қабақтың ісінуі, қабақтың қышынуы
- кірпіктердің өсуі, кірпіктердің түссізденуі
Жиі емес:
- көру жітілігінің төмендеуі
- көзден жас ағудың жоғарылауы
- макуланың дегенерациясы
- мөлдір қабықтың эрозиясы
- иридоциклит, ирит, увеит
- кератит
- алдыңғы камераның қабынуы, көздің қабынуы, көздің ісінуі
- мөлдір қабықтың боялуы
- фотопсия
- блефарит, конъюнктиваның бұзылуы, конъюнктиваның ісінуі, конъюнктивит, конъюнктивалық фолликул
- мөлдір қабық эпителийінің ақауы, мөлдір қабықтың пигментациясы
- «гало» пайда болуы
- аллергиялық конъюнктивит, көз аллергиясы
- көз гипестезиясы
- мейбомианит
- эктропия
- кератоконьюнктивит sicca, sicca синдромы,
- пигментті дисперсия синдромы, алдыңғы камераның пигментациясы
- мидриаз
- катаракта
- қабақ тарапынан бұзылу, қабақтың ауыруы, қабақтың шетінің қабыршақтануы, қабақ гиперемиясы
- көз астының қараюы, астенопия
Жүйелік
Жиі:
- терінің гиперпигментациясы (периокулярлы), терінің түссізденуі
Жиі емес:
- бас ауыруы, бас айналу
- еріннің құрғауы
- қарапайым герпес, герпестік кератит
- аса жоғары сезімталдық, маусымдық аллергия
- дәм сезудің өзгеруі
- көру өрісінің бұзылуы
- жүйелі емес жүрек қағуы, жүректің жиі соғуы, жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуі
- қан қысымының төмендеуі, қан қысымының жоғарылауы
- диспное, демікпе, респираторлық бұзылулар, ауыз-жұтқыншақтың ауыруы, тамақтың тітіркенуі
- дисфония, мұрынның бітелуі
- асқазанның ойық жарасының реактивациясы, гастроэнтеранальді бұзылу, іш қату
- аллергиялық дерматит, жанаспалы дерматит, эритема
- периорбитальді ісіну
- шаш түсінің өзгеруі, шаш құрылымының өзгеруі, гипертрихоз, мадароз
- бұлшықеттің ауыруы, астения.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Егде жастағы пациенттерді қоса, ересектерде қолдану
Ұсынылатын доза Травопрост препаратының бір тамшысын тәулігіне бір рет зақымданған көздің (көздердің) коньюктивалық қалтасына тамызуды құрайды. Оңтайлы әсеріне дозаны кешкілік енгізу кезінде жетеді.
Енгізуден кейін мұрын-көз жасы бөлімін жауып тұру немесе қабақты абайлап жабу ұсынылады. Жоғарыда көрсетілген әрекет көзге енгізілген дәрілік препараттардың жүйелі сіңірілуін кемітуі және жүйелі жағымсыз реакциялардың төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Жергілікті қолдануға арналған офтальмологиялық дәрілік препаратты біреуден көп қолданғанда дәрілік препараттарды кемінде 5 минут уақыт аралығымен енгізу қажет.
Дозаны өткізіп алғанда емдеуді келесі дозаны жоспарланған кестеге сәйкес енгізу арқылы жалғастырған жөн. Доза зақымданған көзге (-дерге) күн сайын бір тамшыдан аспауы тиіс.
Глаукоманы емдеуге арналған басқа офтальмологиялық дәрілік препаратты Травопрост препаратымен ауыстырғанда басқа дәрілік препарат енгізуді тоқтату керек, ал Травопрост препаратын енгізуді келесі күні бастау керек.

Балаларда қолданылуы

Травопрост препаратын ересектердегі сияқты дозалау режимімен 2 айлығынан < 18 жасқа дейінгі балаларды емдеу үшін қолдануға болады. Алайда, 2 айлықтан < 3 жасқа дейінгі жас тобындағы (9 пациент) деректер шектеулі.
Травопрост препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі оны жасы 2 айға дейінгі балалар қабылдағанда анықталмады. Деректер жоқ.
Негізінен БТГ (бастапқы туа біткен глаукома) зардабын шегетін < 3 жастағы балалар арасында хирургиялық араласу (мысалы, трабекулотомия/гониотомия) бірінші кезектегі емдеу болып қалады.
Балалар арасындағы ұзақ мерзімді қауіпсіздігіне қатысты қандай да бір деректер жоқ.