S01ED51 Тимолол және Дорзоламид
Қолдану көрсеткіштері
Ашық бұрышты глаукомасы немесе жалғанэксфолиативті глаукомасы бар пациенттерде, бета-блокаторлармен жергілікті емдеудің тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда, жоғары көзішілік қысымды емдеу үшін
-
Клинические протоколы:
- Глаукома вторичная вследствие других болезней глаз
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затына немесе кез келген қосалқы затқа жоғарғы сезімталдық; тыныс алу жолдарының реактивті аурулары, бронх демікпесін қоса (соның ішінде анамнездегі), өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық аурулары; синустық брадикардия, синустық бұрыштың әлсіздігі синдромы, синоаурикулярлық блокада, функциясын атқаратын электрокардиостимулятор жоқ болған кезде болатын II-III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, жүрек функциясының клиникалық тұрғыдан айқын жеткіліксіздігі, кардиогенді шок.
Қауіпсіздік шаралары
• Ириттер болуы ықтимал, жұмсақ жанаспалы линзаларға тигізіп алуға жол бермеу керек, қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып қою және препаратты тамызғаннан кейін кем дегенде 15 минут күте тұру керек. • Дұрыс қолданбаған жағдайда көзге тамызатын дәрілер бактериялармен инфекцияланып, көздің көрмей қалуына әкеп соғатын күрделі қабыну ауруларын дамытуы мүмкін. • Препараты жүйелік тұрғыдан әсер беруі мүмкін. Жүйелік жағымсыз жанама әсерлердің даму жиілігі төмен. • Бірінші дәрежедегі жүрек блокадасы бар, шеткері қан айналудың ауыр бұзылулары бар (яғни Рейно ауруының ауыр түрі немесе Рейно синдромы бар) пациенттерге сақтықпен қолданылуы керек. • Егер жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде қолдануды тоқтату қажет болса, емдеуді біртіндеп тоқтатқан жөн. Препаратты өкпенің жеңіл/орташа айқын созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА) бар науқастарға және потенциалды пайдасы болжамды қаупінен басым болған жағдайларда ғана сақтықпен қолданған жөн. • Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты ауыр жағымсыз әсерлер дамыған кезде препаратты қолдануды дереу тоқтатқан жөн. • Екі бета-адренергиялық блокаторларды қолдану ұсынылмайды. •: Дорзоламид және карбоангидразаның пероральді тежегіштерімен, сыртқа қолдануға арналған бета-адренергиялық рецепторлардың блокаторларымен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. • Кездейсоқ гипогликемияға ұшыраған пациенттерге немесе құбылмалы диабеті бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек, өйткені бета-блокаторлар жедел гипогликемияның белгілері мен симптомдарын бүркемелеуі мүмкін. • Препарат гипертиреоздың белгілерін бүркемелеуі мүмкін. Емдеуді күрт тоқтату ауру симптомдарының нашарлай түсуін тездетуі мүмкін. • Препарат көздің құрғауын туындататындықтан, мөлдір қабық аурулары бар науқастарға сақтықпен қолдану керек. Препаратты қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып тастап және 15 минут күте тұру қажет, өйткені препарат жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіруі мүмкін. • Егер пациент препаратты тимололмен бірге қабылдап жүрсе, бұдан анестезиолог хабардар болуы тиіс. • Бета-блокаторлармен емдеу ауыр жалғансал миастения симптомдарын нашарлатуы мүмкін. • Анамнезінде бүйректерінде тас бар екендігі көрсетілген пациенттерде осы дәрілік препаратты қолданған кезде несеп-тас ауруының жоғары қаупі болуы мүмкін. • Сүзу процедурасынан кейін супресанттардың сулы ерітінділерімен (тимололмен, ацетазоламидпен және басқалармен) ем жүргізген кезде торқабықтың қыртыстану жағдайлары тіркелді.• Жабық бұрышты глаукомасы бар пациенттерді офтальмологиялық гипотензиялық препараттармен емдеу дәрігердің қосымша бақылауын қажет етеді. Бұл дәрілік препарат жедел жабық бұрышты глаукомасы бар пациенттерге қолданылмаған. • Ұзақ емдеуден кейін, кейбір пациенттерде офтальмологиялық препаратқа төмен реактивтілік білінді. • Препаратты қабылдағаннан кейін көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді қолданбау керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
• Кальций өзекшелерінің пероральді блокаторлары, бета-адренергиялық блокаторлар, аритмияға қарсы препараттар (амиодаронды қоса), оймақгүл гликозиді, парасимпатомиметиктер, гуанетидин, наркозға арналған дәрілер және моноаминоксидаза тежегіштері - бір мезгілде қолданғанда гипотензияға және/немесе елеулі брадикардияға әкеп соғатын аддитивті әсерлер дамиды. • CYP2D6 тежегіштері (хинидин, флуоксетин, пароксетин және тағы басқалар) - бірге қолданғанда жүйелік бета-блокадалайтын әсері күшееді. • Адреналин - бірге қабылдағанда мидриаз жағдайлары тіркелген. • Диабетке қарсы препараттар - гипогликемиялық әсерінің күшеюі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) немесе метаболизмдік ацидозда қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану қажет.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Тимолол малеатының офталмологиялық ерітіндісіЖиі: бас ауыру; көздің тітіркену белгілері және симптомдары (күйдіруі, қышуы, жасаурауы, қызаруы және басқалар), блефарит, кератит, мөлдір қабық сезімталдығының азаюы, көздің құрғауы. Жиі емес: бас айналу, естен танулар; депрессия; көрудің бұзылулары, рефракцияның бұзылуларын қоса (кейбір жағдайларда миотиктермен емдеуді тоқтатқандықтан); брадикардия; ентігу; жүректің айнуы, асқазан бұзылысы; астения/шаршау.Сирек: жүйелік аллергиялық реакциялар, Квинке ісінуін, аллергиялық бөртпені, ошақтық бөртпені және есекжемді қоса, анафилаксиялық реакция; ұйқысыздық, түнгі қорқынышты түс көрулер, жадының жоғалуы; парестезия, гравис миастения белгілері мен симптомдарының ұлғаюы, жыныстық құмарлықтың төмендеуі, ми қан айналымының жедел бұзылуы, церебральді ишемия; птоз, диплопия, көрудің жіті болмауы және мөлдір қабықтың қыртыстануы; құлақтың шуылдауы; гипотензия, кеуденің ауыруы, жүрек қағуының жиілеуі, ісінулер, жүрек ырғағының бұзылуы, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі, жүректің тоқтап қалуы, жүрек блокадасы; церебральді ишемия, қан айналымының динамикалық бұзылуы, Рейно синдромы, қолдардың және табандардың салқындауы; бронхың түйілуі (көбіне бронхтың түйілу ауруы бар пациенттерде), жөтел , тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі; диарея, ауыздың кеберсуі; шаштың түсуі, псориаз формалы бөртпе немесе псориаздың өршуі; жүйелік қызыл жегі; жыныс мүшесінің фибропластикалық индурациясы (Пейрони ауруы), жыныстық құмарлықтың кемуі . Белгісіз: гипогликемия; қышыну, жас ағу, қызару, көрудің бұлыңғырлануы, мөлдір қабықтың эрозиясы; атриовентрикулярлы блокада*, жүрек функциясының жеткіліксіздігі; дисгевзия, іштің ауыруы, құсу; тері бөртпесі; бұлшықеттің ауыруы; жыныстық дисфункция Дорзоламид гидрохлоридінің офталмологиялық ерітіндісіЖиі: бас ауыру; қабақтың қабынуы*, қабақтың тітіркенуі; жүректің айнуы; жалпы әлсіздік/қажу.Жиі емес: иридоциклит. Сирек: бас айналу, парестезия қабақтың қызаруын, ауыруын, қыртыстың тү;зілуін қоса тітіркену, уақытша миопия (ол емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтады), мөлдір қабықтың ісінуі, көзішілік қысымның төмендеуі, мөлдір қабықтың қыртыстануы жұтқыншақтың тітіркенуі, ауыздың кеберсуі; мұрыннан қан кету; бөртпе.Консерванттардың офталмологиялық ерітіндісіӨте жиі: көзде күйдіру, шаншу сезімдері; дәмнің бұзылуы.Жиі: конъюнктивальді инъекция, көрудің жіті болмауы, мөлдір қабықтың эрозиясы, көздің қышуы, жас ағу; синусит.Жиі емес: уролитиаз.Сирек: Квинке ісінуін, аллергиялық бөртпені, ошақтық бөртпені және есекжемді қоса, жүйелік аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық реакция; тыныс алудың жеткіліксіздігі, ентігу, ринит, сирек - бронхтың түйілуі; жанаспалы дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз.
Балаларда қолданылуы
8 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсеетілген.