S01ED01 Тимолол (Timolol)

Қолдану көрсеткіштері

Көзішілік қысымның жоғарылауы (офтальмогипертензияда), созылмалы ашық бұрышты глаукома, жабық бұрышты глаукомада көзішілік қысымды төмендету үшін қосымша зат ретінде (миотиктермен біріктірілімінде), екіншілік глаукома, соның ішінде афакиялық, увеальды, посттравматикалық, туа біткен глаукома (басқа терапиялық шаралар тиімсіз болғанда).
    Клинические протоколы:
  1. Диабетическая нефропатия
  2. Мукополисахаридозы у детей
  3. Хроническая болезнь почек у взрослых
  4. Афакия
  5. Катаракта
  6. Термические и химические ожоги, ограниченные областью глаза и его придаточного аппарата

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне жоғары жекелей сезімталдық, бронх демікпесі, бронхтардың гиперреактивтілігі, өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық аурулары, синустық брадикардия (жүрек жиырылу жиілігінің төмендеуі), II және III деңгейдегі атриовентрикулярлық өткізгіштік бұзылуы, II-III деңгейдегі жүрек жеткіліксіздігі, кардиогенді шок, ауыр атрофиялық ринит, мөлдір қабықтың дистрофиясы.

Қауіпсіздік шаралары

Өкпе эмфиземасы, компенсация сатысындағы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипотензиясы, аллергиялық емес созылмалы бронхит, вазомоторлы ринит, Рейно ауруы, феохромоцитома, ацидоз, ауыр цереброваскулярлық жеткіліксіздігі, қант диабеті (әсіресе, тұрақсыз ағымдағы), гипогликемия, гипертиреоз, миастениясы бар науқастарда сақтықпен қолдану қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Адреналин - қарашықтың кеңеюі.Резерпин, бета-адреноблокаторлар, кальций каналдарының блокаторлары - артериялық қысымның төмендеуі және жүрек ырғағының баяулауы.Қант деңгейін төмендететін заттар - гипогликемия даму қаупі.Деполяризациялаушы емес миорелаксанттар - миорелаксация ұзақтығының артуы.Хинидин, циметидин - қан плазмасында тимолол концентрациясының артуы.

Жүктілік

Ұсынылмайды.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Конъюнктиваның, қабақ терісінің тітіркенуі мен гиперемиясы, көздің шымылдауы мен қышуы, жасаурау, жарықтан қорқу, мөлдір қабық эпителийінің ісінуі, нүктелік беткей кератопатия, мөлдір қабық гипостезиясы, диплопия, птоз, көздің құрғауы, фистулизациялайтын глаукомаға қарсы операцияларды жүргізген кезде операциядан кейінгі кезеңде көз тамырлық қабығы ажырауының дамуы мүмкін, жүрек жеткіліксіздігі, брадикардия, брадиаритмия, артериялық қысымның төмендеуі, коллапс, атриовентрикулярлық бөгет, жүректің тоқтауы, ми қан айналымының өтпелі бұзылуы, ентігу, бронх түйілуі, өкпе жеткіліксіздігі, бас ауыру, бас айналу, әлсіздік, депрессия, парестезиялар, галлюцинациялар, қорқынышты түс көру, сананың шатасуы, астения, жүрек айнуы, диарея, есекжем, экзема, ринит, жыныс функциясының бұзылуы, алопеция.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.