S01EB01 Пилокарпин (Pilocarpine)
Қолдану көрсеткіштері
Бастапқы және созылмалы ашық бұрышты глаукомада - жабық бұрышты глаукоманың жедел ұстамасында - созылмалы жабық бұрышты глаукомада (хирургиялық араласуға дейін) - салдарлы глаукомада (торқабықтың орталық вена тромбозы, торқабық артериясының жедел бітелуі, көру жүйкесінің атрофиясы, торқабықтың пигментті дегенерациясы, шыны тәрізді денеге қан құйылу нәтижесінде) - мидриатиктермен артық дозаланғанда диагностикалық мақсатта және хирургиялық араласулар кезінде көз қарашығын тарылту қажеттілігінде (жоғары дәрежелі миопиясы бар адамдардан басқаларға). |
-
Клинические протоколы:
- Болезнь Шегрена
- Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық. - Жедел ирит. - Алдыңғы увеит. - Салдарлы глаукоманың кейбір түрлері. - Жұмсақ жанаспалы линзаларды пайдалану. - Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық. |
Қауіпсіздік шаралары
Өте жоғары дозаларды тағайындағанда, әсіресе жедел жабық бұрышты глаукоманы емдеу кезінде жүйелі абсорбция мүмкіндігін ескеру керек. Пилокарпин, көзге тамызатын дәрі препаратын бронх демікпесі, ойық жаралы ауруы, несеп шығару жолдарының тарылуы, Паркинсон ауруы, жедел жүрек жеткіліксіздігі және гипертониясы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Пилокарпин, көзге тамызатын дәрі препаратымен емдеуді бастамас бұрын барлық пациенттерге көз түбін тексеру ұсынылады, өйткені торқабықтың ажырауы сезімтал адамдарда және торқабықтың ауруы бар адамдарда миотиктерді қолданумен байланысты. Созылмалы глаукомаға байланысты препаратпен ұзақ ем алатын пациенттерде көру өрісіне және көзішілік қысымға тұрақты мониторинг жүргізу керек. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Жүйелі сіңірілуі кезінде препарат алкоголь мен антихолинэстеразалардың әсерін күшейтуі және холинолитиктердің әсерін азайтуы мүмкін. Препараттың әсерін антихолинэстеразалар, МАОТ, фенотиазиндер, антигистаминді препараттар және үшциклді антидепрессанттар күшейтуі мүмкін. Адреноблокаторлар препараттың әсерін төмендетуі мүмкін. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. |
Жүктілік
Препараттың жүктілік кезіндегі қауіпсіздігі анықталмаған. Пилокарпин, көзге тамызатын дәрісі жүйелі сіңуі мүмкін және осы препаратты қабылдайтын аналар мазасыздық, құрысулар, терлеу және гипотермия сияқты неонатальді менингитке еліктейтін белгілері бар нәрестелерді тууы мүмкін. Сондықтан препаратты жүктілік кезінде қажет болған жағдайда ғана қолдану керек. |
Емізу
Бала емізу кезінде препараттың қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан оны нақты көрсетілім болған кезде ғана пайдалану керек. Препарат емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз. Сондықтан жүйелі сіңу мүмкіндігін ескеру қажет |
Жағымсыз әсерлері
Көру ағзасының тарапынан Жиі: нашар жарықта көру өткірлігінің төмендеуі (егде жастағы адамдарда және көзбұршақтың бұлыңғырлануы бар пациенттерде жиі байқалады), қышыну, күйдіріп-ашу, ауыру (жайсыздық), қабақ аймағының аллергиялық реакциясы және склераның конъюнктивалық инъекциясы, беткейлік кератит, цилиарлы бұлшықеттің түйілуі, көрудің бұлыңғырлануы, индукцияланған миопия, өтпелі миопия, ұзақ пайдалану кезінде көзбұршақтың қайтымды бұлыңғырлануы, көз қарашығы блогының күшеюі, шыны тәрізді денеге қан құйылу, торқабықтың ажырауы; Сирек: жас ағудың күшеюі. Жүйке жүйесі тарапынан Жиі: самай немесе параорбитальді аумақтардағы бас ауыруы (әсіресе жақын арада емді бастаған жас пациенттерде); Сирек: тершеңдік, сілекей бөлінуінің күшеюі, тремор. Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан Сирек: жүрек ырғағының өзгеруі, артериялық қысымның өзгеруі. Тыныс алу, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан Сирек: бронх түйілуі, өкпенің ісінуі. Асқазан-ішек жолы тарапынан: Сирек: гиперсаливация, жүрек айнуы, құсу, диарея. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Пилокарпин, көзге тамызатын дәріні әр көзге 1-2 тамшыдан тәулігіне 2-4 рет тамызады. Тәуліктік дозаны және емдеу курсының ұзақтығын көзішілік қысым деңгейіне байланысты дәрігер белгілейді. Қажет болған кезде препаратты β-адренорецепторлары бөгегіштерімен біріктіруге болады. Жабық бұрышты глаукоманың жедел ұстамасында препарат былайша тағайындалады: – алғашқы сағат ішінде – әр 15 минут сайын 1 тамшыдан; – 2-3 сағат бойы – әр 30 минут сайын 1 тамшыдан; – 4-6 сағат бойы – әрбір 60 минут сайын 1 тамшыдан; – бұдан әрі тәулігіне 3-6 рет ұстама басылғанға дейін. Пациенттердің ерекше топтары. Балалар. Препарат балаларға қолданылмайды. |
Балаларда қолданылуы
Препарат балаларға қолданылмайды |