S01BC11 Бромфенак (Bromfenac)

Қолдану көрсеткіштері

Операциядан кейінгі қабынуды емдеу және пациенттерде катаракта экстракциясынан кейін ауырсыну сезімін азайту.
    Клинические протоколы:
  1. Афакия
  2. Катаракта

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компонеттеріне, сонымен қатар басқа да стероидты емес қабынуға қарсы препараттарға жоғары сезімталдық; ацетилсалицил қышқылы және басқа да СЕҚҚП қабылдағанда бронх демікпесі ұстамалары, есекжем және жедел ринит симптоматикасы күшейетін пациенттерде.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

СЕҚҚП жергілікті қолдану кератит дамуына алып келу мүмкін. Кейбір сезімтал пациенттерде жергілікті СЕҚҚП ұзақ қолдану кезінде эпителий ажырауын, мөлдір қабықтың жұқаруын, мөлдір қабық эрозиясын, мөлдір қабықта ойық жараның пайда болуы немесе мөлдір қабықтың перфорациясын тудыруы мүмкін. Бұл жағымсыз құбылыстар көру қабілетін жоғалту қаупін туындатуы мүмкін. Көлік құралын немесе қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болу керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін. Жүктіліктің соңғы мерзімдерінде препаратты тағайындауды болдырмау.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Емізу кезінде препаратты қолдану ұсынылмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: жайсыздық сезімі және көздегі ерекше сезім, көздің тітіркенуі, ауыруы, қышынуы және ашуы, көздің қызаруы, конъюнктива гиперемиясы, бас ауыруы, көздің нұрлы қабығының қабынуы;Сирек: эрозия, перфорация, мөлдір қабықтың жұқаруы, эпителий бұзылуы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді