S01BC10 Непафенак (Nepafenac)

Қолдану көрсеткіштері

Катарактаны алып тастау бойынша хирургиялық операциямен байланысты қабынулар мен операциядан кейінгі ауырулар профилактикасында және емдеуде; диабеттік пациенттерде катаракта хирургиясымен байланысты операциядан кейінгі макулярлық ісіну қаупін төмендетуде.
    Клинические протоколы:
  1. Катаракта

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе  кез-келген қосымша заттарға немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) аса жоғары сезімталдық; Ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да ҚҚСД қабылдаудан болған демікпе ұстамалары, есекжем немесе жедел ринит.

Қауіпсіздік шаралары

 •  Препаратпен емделген кезде күн сәулесі әсерінен қорғану қажет.  •  Катарактаға хирургиялық операция жасалғаннан кейін қант диабеті бар пациенттерге  тағайындаған кезде  қосымша қауіп факторы болған кезде макулярлық ісіну профилактикасы мақсатында пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалау және пациентті барынша мұқият бақылау  қажет. •  Жергілікті офтальмологиялық пайдалану кератиттің өршуіне, жазылу үдерісін баяулатуы немесе кідіртуі мүмкін. Кейбір бейім пациенттерде ҚҚСД ұзақ пайдалану эпителий жасушаларының зақымдануын, мөлдір қабықтың жұқаруын, мөлдір қабық эрозиясын, мөлдір қабықта ойық жараның пайда болуын немесе мөлдір қабықтың тесілуін туындатуы мүмкін, бұл көрмей қалу қаупін туғызуы мүмкін. Мөлдір қабық эпителийі жасушаларының зақымдану белгілері бар пациенттер  препаратпен емделуді дереу тоқтатуы тиіс және мөлдір қабықтың жай-күйін бақылап отырулары қажет.  •  Көзге хирургиялық операция жасалғаннан кейін асқынулары, мөлдір қабық денервациясы, мөлдір қабық эпителийі ақаулары, қант диабеті, көздің беткейлік аурулары (мысалы, көздің құрғап кету синдромы), ревматоидты артриті бар немесе қысқы уақыт аралығында көзіне қайта хирургиялық операция жасалған пациенттерді емдеген кезде сақтықпен қолданылуы тиіс. Көздегі хирургиялық операциямен бірге қолданғанда көз тіндерінде (гифемаларды қоса алғанда) қарқынды қан кету қаупі бар.•  Анамнезінде қан кетуге бейімділігі бар немесе қан ұю уақытын ұзартатын басқа дәрілік препараттарды қабылдайтын емделушілерге сақтықпен қолдану керек.• Препаратымен емделген кезде жұмсақ жанаспалы линзаларды тақпай тұра тұру ұсынылады.• Автокөлікті басқару немесе механизмдерді пайдаланудан бұрын көру қабілеті қалпына келтірілгенге дейін біраз уақыт күте тұру қажет. Қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

• Жергілікті ҚҚСД және жергілікті стероидтарды бір мезгілде қолдану-  жазылуға қатысты проблемалардың туындау мүмкіндігін арттыруы мүмкін. •Препаратты қан  ұюын төмендететін дәрілік заттармен бір мезгілде пайдалану -геморрагияның туындау қаупін арттыруы мүмкін

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Жүктілік

Ұсынылмайды.

Емізу

Препаратының жүйелік әсері елеусіз болғандықтан,  бұл препарат бала емізу кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес: кератит, нүктелік кератит, мөлдір қабық эпителийінің бұзылуы, көзде бөгде денені сезіну, қабақ жиектерінің қабыршақтануы.Сирек: ирит, хориоидальді эффузия, мөлдір қабықтағы шөгінділер, көздің ауыруы, көздегі жайсыздық, көздің құрғап кету синдромы, блефарит, көздің тітіркенуі, көздің қышынуы, көздегі бөліністер, аллергиялық конъюнктивит,жүрек айнуы,жайылған эластолиз (дерматохалазия), аллергиялық дерматит.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты  қарсы көрсетілген.