S01AE07 Моксифлоксацин (Moxifloxacin)

Қолдану көрсеткіштері

Препарат микроорганизмдердің моксифлоксацинге сезімтал штаммдарынан туындаған, бактериялық конъюнктивиттерді емдеуге арналған.
    Клинические протоколы:
  1. Афакия
  2. Катаракта
  3. Травма глаз и глазницы. Ушиб глазного яблока и тканей глазницы III-IV степени

Қарсы көрсеткіштері

Моксифлоксацинге аллергиялық реакция пайда болған кезде препарат қолдануды тоқтату қажет. Моксифлоксацинге немесе басқа компоненттерге аса жоғары сезімталдықтың жедел реакциясы туындаған кезде реанимациялық шараларды жүргізу қажет болуы мүмкін. Клиникалық көрсетілімдер болған кезде оттегі және тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру қолданылады.
Басқа антибиотиктердегідей, ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің, соның ішінде зеңдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Суперинфекция пайда болған жағдайда препаратты тоқтатып, баламалы ем тағайындау қажет.
Моксифлоксацинді қоса, фторхинолондарды жүйелі тағайындау кезінде, әсіресе егде жастағы пациенттерде және кортикостероидтарды қатар қабылдайтын пациенттерде сіңірлердің қабынуы және үзілуі дамуы мүмкін. Офтальмологиялық тағайындаудан кейін плазмадағы моксифлоксациннің концентрациясы моксифлоксацинді емдік пероральді қолданғаннан кейінгіге қарағанда әлдеқайда төмен алайда сақтық танытып және препаратпен емдеу сіңірдің алғашқы қабыну белгілерінде-ақ тоқтатылуы тиіс. Препараттын фторхинолондарға Neisseria gonorrhoeae резистенттілігінің даму мүмкіндігіне байланысты гонококктық конъюнктивиттің профилактикасы үшін немесе эмпирикалық емі ретінде, соның ішінде жаңа туған нәрестелерге, тағайындауға болмайды. Neisseria gonorrhoeae туындаған көз инфекциясы бар пациенттер тиісті жүйелі ем қабылдауы керек.
Пациенттерге бактериялық көз инфекциясының белгілері мен симптомдары болған кезде жанаспалы линзаларды тағуға болмайтындығы туралы ескерту керек.
Жаңа туған нәрестелердегі конъюнктивитті емдеу кезінде моксифлоксацин қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәліметтер шектеулі. Сондықтан жаңа туған нәрестелердегі конъюнктивитті емдеу үшін препаратты қолдану ұсынылмайды.
Препаратты екі жасқа дейінгі пациенттерде Chlamydia trachomatis емдеу кезінде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл жағдайда препаратты қолдану зерттелмеген. Chlamydia trachomatis туындаған көз инфекцияларында 2 жастан асқан пациенттерге тиісті жүйелі емдеу тағайындалады.
Жаңа туылған балалардағы конъюнктивит жағдайында тиісті емдеу, яғни Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындаған ауруларды жүйелі емдеу тағайындалады.

Қауіпсіздік шаралары

Анафилактикалық реакциялардың даму қаупі ықтимал. Егер моксифлоксацинді қолдану кезінде аллергиялық реакциялар дамыса, препаратты қабылдауды тоқтату қажет. Гигиенаны сақтау. Құтыдағы заттардың ластануын болдырмас үшін, тамшуыр ұшын көзге немесе басқа кез келген беткейге тигізбеу керек. Бірнеше жергілікті офтальмологиялық заттармен пайдаланған кезде, препараттар қабылдау арасындағы аралықты сақтау керек, кемінде 5 минут. Көз тамшыларының уақытша анық көрмеу немесе басқа да визуальды мазасыздық түрінде көруге әсер ететін ерекшелігіне байланысты, көлік құралдары мен қауіптілігі ықтимал механизмдерді басқару қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін болғандықтан, тамызғаннан кейін көру қабілеті қалпына келгенше біраз уақыт күту немесе препаратты алдын ала қолдану қажет.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Препарттың дәрілік өзара әрекеттесуіне зерттеу жүргізілмеген. Препаратты жергілікті қолданғаннан кейін моксифлоксациннің төмен жүйелік концентрациясын назарға ала отырып, басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесудің даму ықтималдығы аз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаны таңдау қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозаны таңдау қажет емес.

Жүктілік

Жүктілік кезінде моксифлоксацинді көзге тамызатын дәрі түрінде қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Алайда, жүктілік кезінде жергілікті офтальмологиялық қолданғанда моксифлоксациннің организмге әсері күтілмейді, өйткені моксифлоксациннің жүйелік әсері елеусіз. Дәрілік зат жүктілік кезінде қолданылуы мүмкін.

Емізу

Моксифлоксациннің емшек сүтіне енетіні-енбейтіні белгісіз. Жануарларға жүргізілген зерттеу моксифлоксацинді оральді қолданудан кейін емшек сүтіне енудің елеусіз дәрежесін көрсетті. Алайда тағайындалуы бойынша қолданған кезде және емдік дозалары сақталса, препараттың емшектегі балаларға әсері күтілмейді. Препарат бала емізу кезінде қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Сирек: гемоглобиннің төмендеуі, мөлдір қабық эпителийінің зақымдануы, мөлдір қабықтың зақымдануы, конъюнктивит, блефарит, көздің ісінуі, конъюнктиваның ісінуі, көрудің бұлдырауы, көру жітілігінің төмендеуі, астенопия, қабақ эритемасы, мұрын жайсыздығы, жұтқыншақ-көмей ауыруы, бөгде денені сезіну (тамақ ішінде), аланинаминотрансфераза, гаммаглутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы. Белгісіз: жоғары сезімталдық, бас айналу, эндофтальмит, ойық жаралы кератит, мөлдір қабықтың эрозиясы, мөлдір қабықтың жұқаруы, көзішілік қысымның жоғарылауы, мөлдір қабықтың бұлдырауы, мөлдір қабық инфильтраты, мөлдір қабықтағы шөгінділер, көз аллергиясы, кератит, қабақтың ісінуі, көз қарығу, қабақтың ісінуі, көзден шамадан тыс жас ағу, көзден аққан бөлінділер, көздегі бөтен денені сезіну, жүрек қағуының жиілеуі, ентігу, жүрек айнуы, қызару, бөртпе, қышыну, есекжем. Жиі емес: бас ауыруы, дәм сезудің бұзылуы, көздің ауыруы, көздің тітіркенуі нүктелі кератит, көздің құрғауы, конъюнктиваға қанның құйылуы, көз гиперемиясы, көздің қышуы, қабақтың ісінуі, көздегі жайсыздық.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Дозалау режимі
Ересектер, егде жастағы (65 жастан асқан) адамдарды қоса алғанда
Күніне 3 рет зақымдалған көзге бір тамшыдан тамызыңыз. Жақсаруы, әдетте, 5 күннен кейін пайда болады, емдеуді келесі 2-3 күнде де жалғастыру керек. Егер 5 күн ішінде жай-күйінің жақсаруы байқалмаса, диагнозды және/немесе емдеуді қайта қарау керек. Емдеу ұзақтығы жай-күйдің ауырлығына, сондай-ақ аурудың клиникалық және бактериологиялық ағымына байланысты.
Балаларда қолдану
Дозаны таңдау қажет емес.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігінде қолдану
Дозаны таңдау қажет емес.
Қолдану тәсілі
Офтальмологияда тек жергілікті қолдануға арналған. Инъекцияға арналмаған. Препарат, көзге тамызатын дәрі, 5 мг/мл препараты конъюнктиваның астына немесе тікелей көздің алдыңғы камерасына енгізілмеуі тиіс.
Тамшылатқыш пен ерітіндінің микробтық ластануын болдырмау үшін мұқият болу керек және тамшылатқышпен қабақтарға, көз айналасындағы жерлерге және басқа беттерге тигізбеу керек.
Тамшылардың мұрынның шырышты қабаты арқылы сіңуіне жол бермеу үшін, әсіресе жаңа туған нәрестелерде немесе балаларда, тамшыларды қолданғаннан кейін 2-3 минут ішінде көз жасы-мұрын өзектерін жабу керек. Қақпақшаны алып тастағаннан кейін, алғашқы ашуды бақылайтын қорғаныш сақинасын алып тастаңыз.
Бірнеше офтальмологиялық медициналық препараттарды тағайындау кезінде оларды қолдану арасындағы үзіліс кемінде 5 минут болуы тиіс. Көзге арналған жақпамайды соңынан қолданған жөн.

Балаларда қолданылуы

Балаларда қолдану.
Дозаны таңдау қажет емес.Клиникалық зерттеулер моксифлоксацинді балаларда, соның ішінде жаңа туған нәрестелерде көзге тамызатын дәрі түрінде қолдану қауіпсіз екенін көрсетті.