S01AA01 Хлорамфеникол (Chloramphenicol)

Қолдану көрсеткіштері

Сезімтал микрофлора туындатқан көздің бактериялық инфекциялары: конъюнктивиттер, кератиттер, кератоконъюнктивиттер, блефариттер, блефароконъюнктивиттер.
    Клинические протоколы:
  1. Энтропион и трихиаз века, эктропион века
  2. Термические и химические ожоги, ограниченные областью глаза и его придаточного аппарата

Қарсы көрсеткіштері

Препарат  компоненттеріне жоғары сезімталдық, жеке көтере алмаушылық, тері аурулары, жедел алма-кезекті порфирия, сүйек мидың қантүзілімінің тежелуі, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы.

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты профилактикалық мақсатта және/немесе жеңіл түрдегі инфекциялық ауруларда, әсіресе балалар тәжірибесінде тағайындауға болмайды.Бұрын сәулемен емдеу немесе цитостатикалық препараттармен ем қабылдаған  пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Емдеу үдерісінде шеткері қан көрінісін жүйелі бақылау қажет.Препаратты қолданғаннан кейін 1 сағат ішінде автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеуден бас тарту керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Қан түзілуін бәсеңдететін препараттар (сульфаниламидтер, цитостатиктер); бауырдағы зат алмасуына әсер ететін заттар; сәулелік ем – жағымсыз әсердің даму қаупінің артуы;Эритромицин,  клиндамицин, линкомицин, аминогликозидтер, пенициллиндер, полимиксин В,  тетрациклиндер, цефалоспориндер- бактерияларға қарсы әсерлерінің өзара әлсіреуі;Ішке қабылдайтын гипогликемиялық  препараттар - плазмадағы  концентрациясының артуы және әсерлерінің күшеюі;Барбитураттар, фенитоин, тікелей емес антикоагулянттар - осы препараттар метаболизмінің  әлсіреуі,  плазмадағы концентрациясының артуы және шығарылуының бәсеңдеуі;Аскорбин қышқылы, гидрокортизон,  В тобындағы дәрумендер - үйлесімсіз.  

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті реакциялар: жылдам қайтатын шымылдату, қабақтың ісінуі, қышыну, көздің тітіркенуі мен көзден жас ағу, көру өткірлігінің төмендеуі.Жүйелік реакциялар: көру және шеткері жүйкелік неврит, сүйек ми қантүзілімінің бәсеңдеуі, апластикалық анемия, агранулоцитоз, зеңдік аурулар.

Балаларда қолданылуы

Жергілікті, көз тамшылары, конъюнктивальді қалтаға тамызады.1 жастан 8 жасқа дейінгі балаларға: алғашқы 48 сағат аралығында зақымданған көзге 1 тамшыдан әр 2 сағат сайын тамызу, кейін күніне 4 рет.8 жастан асқан балаларға: алғашқы 48 сағат аралығында зақымданған көзге 1-2 тамшыдан әр 2 сағат сайын тамызу, кейін күніне  3-4 рет. 1 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.