R07AA02 Табиғи фосфолипидтер¹ (Natural Phospholipids)
Қолдану көрсеткіштері
Шала жаңадан туылған нәрестелерде респираторлы дистресс-синдромын емдеу және алдын алу; сурфактант тапшылығының басқа да айғақтары бар шала туылған нәрестелерді емдеу.
-
Клинические протоколы:
- Крайняя незрелость
- Реанимация недоношенных детей
- Респираторный дистресс-синдром (неонатология)
- Стойкое фетальное кровообращение / Персистирующая легочная гипертензия у новорожденного
- Врожденные пороки развития легких у новорожденных
- Пороки развития диафрагмы у новорожденных
- Токсикоз у беременных
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
Препарат шала туылған нәрестелерді емдеу және реанимациялау тәжірибесі бар дәрігердің көмегімен стационарлық жағдайларда қолданылуы тиіс. Емдеуді бастар алдында ацидозға, гипотензияға, анемияға, гипогликемияға және гипотермияға түзету жүргізу қажет. Препаратты қолдану респираторлы дистресс-синдромы ағымының ауырлығын немесе оның пайда болу қаупін төмендетеді, бірақ шала туылған нәрестелердің жетілмеуімен байланысты болған асқынуларды толық алдын алады деп күтуге болмайды. Өкпе серпінділігінің және созылуының (өкпенің өмірлік көлемі), артериялық қан ағысындағы оттегі концентрациясының тез артуы мүмкін. Гипероксияға жол бермеу үшін артериялық қандағы газ құрамына, тіндердегі оттегі мөлшеріне ұзақ мониторинг жүргізу керек. Рефлюкс және эндотрахеальді түтік обструкциясын төмендету үшін препаратты енгізер алдында шырышты сорып алады. 6 сағат ішінде шұғыл қажеттілік жағдайларынан басқа, трахея ішіндегі зат аспирациясын болдырмау керек. Емдеуге қанағаттанарлықсыз жауап алған жағдайда немесе қайталануы тез болғанда, ашық артериялық қан ағысы немесе өкпенің басқа аурулары (мысалы: пневмония) сияқты басқа асқынулардың болу ықтималдығын қарастыру. Бас миының электрлік белсенділігінің уақытша (2-10 мин) төмендеуі мүмкін. Брадикардия, гипотония жағдайында, оттегімен қанығу төмендегенде жағдай тұрақтанғанша препаратты қолдануды тоқтату. Өмірге маңызды қызметтердің мониторингі кезінде жалғастыру. Бөлме температурасына дейін жылытылған құтыларды тоңазытқышқа тек бір рет қайта қоюға және 24 сағаттан асырмай сақтауға болады. Құтыда қалған препарат қайта пайдалануға жарамайды.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Жиі емес: пневмоторакс, сепсис, бассүйекішілік қан құйылу.Сирек: аллергиялық реакциялар, өкпеден қан кету, брадикардия, гипотензия, бронхөкпе дисплазиясы, оттегімен қанығудың төмендеуі.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
Трахеяға жылдам болюсті инстилляция жасау жолымен енгізіледі: эндотрахеальді түтіктің бүйірлік адаптері арқылы немесе екі саңылауы бар түтік арқылы. Алдын алу: алғашқы доза - нәресте туылғаннан кейін алғашқы 15 минут ішінде 100-200 мг/кг; екінші доза - әр 6-12 сағат сайын 100 мг/кг. Респираторлы дистресс-синдромының бірінші белгілері кезінде емдеу: 100-200 мг/кг; қажет болған кезде бір немесе екі қосымша жартылай дозаны - 12 сағат аралықпен 100 мг/кг дозаны қолданады. Ең жоғары жалпы дозасы - 300-400 мг/кг. Әрбір енгізуден кейін аппараттағы бастапқы көрсеткішке тең болатын, тыныспен қабылданатын оттегі концентрациясымен 1-2 минут бойы қолмен желдету жүргізіледі.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді