R06AX17 Кетотифен (Ketotifen)

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа аса жоғары сезімталдық;
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
- жүктілік және лактация кезеңі;
- 6 жасқа дейінгі балалар;
- эпилепсия;
- пероральді диабетке қарсы препараттармен бір мезгілде қолдану (тромбоцитопенияның даму қаупіне байланысты).

Қауіпсіздік шаралары

Интеркуррентті инфекция туындаған кезде, кетотифенмен емді арнайы микробқа қарсы еммен толықтыру қажет.
Өте сирек жағдайларда кетотифенмен емдеу кезінде құрысулардың туындауы туралы хабарланды. Кетотифен құрысу шегін төмендететіндіктен, оны анамнезінде эпилепсиясы бар пациенттерде қолдануға болмайды.
Кетотифен мен пероральді диабетке қарсы препараттарды (бигуанидтер) бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде тромбоцитопения туындауы мүмкін. Сондықтан бұл препараттарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек
Кетотифеннің тыныштандыратын әсеріне байланысты зейіннің төмендеуі жағдайында препараттың дозасын азайту керек.
Препарат құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактазаның ауыр жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге бұл препаратты қабылдауға болмайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Кетотифен орталық жүйке жүйесін басатын басқа дәрілік препараттардың, антигистаминдік препараттардың антикоагулянттардың және алкогольдің әсерін күшейтуі мүмкін.
Кетотифенді және пероральді диабетке қарсы препараттарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан мұндай пациенттерде кетотифенді дозалау бойынша ұсыныстар жоқ

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан мұндай пациенттерде кетотифенді дозалау бойынша ұсыныстар жоқ

Жүктілік

Кетотифенді жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды. Қолдану анасы үшін потенциалды пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен басым болған жағдайда ғана мүмкін болады.

Емізу

Бұл препарат адамның емшек сүтімен де бөлінеді деп болжануда, сондықтан кетотифен қабылдаған аналар бала емізбеуі тиіс

Жағымсыз әсерлері

Ересектерге күніне екі рет (таңертең және кешке) тамақтану кезінде 1 мг тағайындалады. Тыныштануға бейім пациенттерде бірінші апта ішінде дозаны баяу көтеру ұсынылады. Қабылдауды күніне бір рет кешке 1 таблеткадан бастау және толық емдік дозаға дейін арттыру ұсынылады. Қажет болса, тәуліктік дозаны күніне екі рет 2 мг-ға дейін арттыруға болады. Жоғарырақ дозаларда пайдаланған кезде әсердің тезірек басталуын күтуге болады.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

6 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге тамақтану кезінде күніне екі рет (таңертең және кешке) 1 мг тағайындалады.

Балаларда қолданылуы

6 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге тамақтану кезінде күніне екі рет (таңертең және кешке) 1 мг тағайындалады.