A02BC05 Эзомепразол¹ (Esomeprazole)
Қолдану көрсеткіштері
Гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруы: эрозиялық рефлюкс-эзофагит, эрозиялық-рефлюкс эзофагиттен сауыққаннан кейін аурудың қайталануын болдырмау мақсатында ұзақ мерзімді демеуші ем, гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу; Helicobacter Pylori ассоциирленген, асқазан және он екі елі ішек ойық жарасын кешенді антибактериялық емдеу құрамында Helicobacter Pylori эрадикациясы, пептикалық ойық жарадан қан кетулер болған пациенттерде ұзақ мерзімді қышқылды басу емі (қайталанудың алдын алу мақсатында, асқазан бездерінің секрециясын төмендететін препараттарды көктамырға енгізгеннен кейін), стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттарды ұзақ уақыт қолданумен байланысты гастропатиялар, Золлингер-Эллисон синдромы және патологиялық гиперсекрециямен сипатталатын басқа да жағдайлар, соның ішінде идиопатиялық гиперсекреция, қауіп тобына жататын пациенттердің стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттарды ұзақ уақыт қолданумен байланысты асқазан және он екі елі ішек ойық жарасының алдын алу.
-
Клинические протоколы:
- Ботулизм
- Болезнь Вильсона-Коновалова у детей
- ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
- Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
- Стеноз аортального клапана
- Стеноз митрального клапана
- Трансплантация сердца
- Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
- Экстракорпоральная мембранная оксигенация как метод лечения тяжелых форм дыхательной и сердечной недостаточности
- Аутоимунный гепатит
- Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь
- Другие неинфекционные гастроэнтериты и колиты (педиатрия)
- Невирусные гепатиты (аутоиммунный гепатит)
- Неязвенные колиты у детей (ишемический колит)
- Холецистит у детей
- Хронический гастрит
- Хронический панкреатит у взрослых
- Цирроз печени у взрослых
- Хроническая интоксикация фосфором и его соединениями
- Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки
- Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки без кровотечения и прободения (педиатрия)
- Ювенильная локальная склеродермия
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Инородное тело пищевода у детей
- Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
- Ожоги у детей
- Функциональные гастроинтестинальные расстройства
- Сепсис
Қарсы көрсеткіштері
Эзомепразолға, алмастырылған бензимидазолдарға немесе препарат құрамына кіретін басқа ингредиенттеріне жоғары сезімталдық, тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактозалық мальабсорбция немесе сахароза-изомальтазды жеткіліксіздік, нелфинавирмен бір мезгілде қабылдау.
Қауіпсіздік шаралары
Таблетканы сумен бүтіндей жұту керек, шайнауға немесе бөлуге болмайды. Жұтуы қиындаған науқастарға таблетканы жарты стакан газдалмаған суда ерітеді (басқа сұйықтықтарды қолдануға болмайды, себебі микрогранулалардың қорғаныс қабаты еріп кетуі мүмкін). Кез келген қауіпті симптомдар кезінде (мысалы, айтарлықтай кенеттен салмақ жоғалту, қайталап құсу, дисфагия, қан аралас құсу немесе мелена сияқты), сонымен қатар асқазан ойық жарасында (немесе асқазан ойық жарасына күдік болған жағдайда) қатерлі жаңа түзілім болуын болдырмау керек, себебі эзомепразолмен емдеу симптоматиканы жасыруы және диагноз қою үрдісін кешеуілдетуі мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде сақтықпен тағайындау.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге ең жоғарғы тәуліктік дозасы - 20 мг асырмау керек.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Бала емізу кезінде қолдану ұсынылмайды.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас ауыруы, іш ауыруы, диарея, метеоризм, жүрек айнуы, құсу, іш қату.Жиі емес: дерматит, қышыну, есекжем, бөртпе, бас айналуы, ауыздың құрғауы, ұйқысыздық, парестезия, ұйқышылдық, «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, шеткергі ісінулер, көрудің бұлыңғырлануы.Сирек: лейкопения, тромбоцитопения, қызба, ангионевротикалық ісіну, анафилактоидтық реакция/шок, қозу, депрессия, жалпы шаршағыштық, сананың шатасуы, дәмнің бұзылуы, гипонатриемия, бронх түйілуі, стоматит және асқазан-ішек кандидозы, сарғаюымен (немесе онсыз) гепатит, фотосенсибилизация, алопеция, артралгия, миалгия, омыртқа, жамбас, білезік сүйектерінің сыну қаупі, тершеңдік.Өте сирек: агранулоцитоз, панцитопения, елестеулер (негізінен әлсіреген пациентерде), озбыр мінез-құлық, бауыр жеткіліксіздігі, бауыр энцефалопатиясы, мультиформалы экссудативті эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, бұлшықет әлсіздігі, интерстициальді нефрит, гинекомастия, гипомагнезиемия, ауыр гипомагнезиемия гипокальциемияға алып келуі мүмкін, микроскопиялық колит. Ауыр күйдегі пациенттерде жоғары дозаларын қабылдағанда көздің қайтымсыз бұзылыстары болғаны жайлы баяндалған.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
12 жастан асқан балалар. Гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруын емдеу: 40 мг тәулігіне бір рет 4 апта бойы қабылдау. Эрозиялық рефлюкс-эзофагиттен сауыққаннан кейін қайталануларының алдын алу мақсатындағы демеуші ем 20 мг тәулігіне бір рет. Эзофагиті жоқ пациенттерде гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу 20 мг тәулігіне бір рет. 12 жасқа дейінгі балаларға ГЭРА кезінде, гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруын қоспағанда, 18 жасқа дейінгі балаларға басқа көрсеткіштер бойынша қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.