R03DA05 Аминофиллин¹ (Aminophylline)
Қолдану көрсеткіштері
Инъекциялық ерітінді үшін: демікпелік статус (қосымша ем); ишемиялық тип бойынша ми қан айналымының бұзылуы (біріктірілген ем құрамында); бронх түйілуімен және Чейн-Стокс типі бойынша тыныс алудың бұзылуымен сол жақ қарынша жеткіліксіздігі; шығу тегі бүйректік ісіну синдромы (кешенді ем құрамында).Таблеткалық түрі үшін: бронх демікпесі (физикалық күш түсудегі бронх демікпесі бар науқастарда таңдау препараты және басқа түрлері кезінде қосымша зат ретінде); өкпенің созылмалы обструкциялық аурулары; өкпелік гипертензия; «өкпелік» жүрек; түнгі апноэ.
-
Клинические протоколы:
- Поражение лицевого нерва (Невропатия лицевого нерва)
- Астматический статус
- Бронхиальная астма у детей
- Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися нарушением функции дыхания и/или накоплением жидкости в плевральной полости
- Грыжи диска поясничного и других отделов позвоночника с сохранением стабильности позвоночно-двигательного сегмента (оперативное лечение)
- Анафилактический шок
- Коклюш
- Тупая травма живота, открытые повреждения живота
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Дефицит альфа-1-антитрипсина у детей
- Мукополисахаридозы у детей
- Бронхоэктатическая болезнь у детей
- Стеноз гортани
- Стеноз гортани у детей
- Стеноз трахеи
- Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
- Лекарственная гиперчувствительность с различными клиническими проявлениями
- Острая мезентериальная ишемия
- Перитонит
- Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
- Врожденные пороки развития легких у детей
- Ведение живого донора почки (в послеоперационном периоде)
- Абдоминальная травма
- Ожоги II – IIIA-Б - IV степени более 30%, глубоких более 10% поверхности тела
- Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
- Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
- Ожоги поверхностные до 20% (взрослые)
- Ожоги у детей
- Острый аппендицит
- Рак мочевого пузыря
- Закрытая торакальная травма
- Гепатоцеллюлярная карцинома
- Рак шейки матки
- Злокачественные новообразования слюнных желез
- Рак вульвы
- Злокачественные новообразования гортани
- Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
- Злокачественные новообразования ротоглотки
- Злокачественные новообразования носоглотки
- Злокачественные новообразования полости рта
- Злокачественные новообразования прямой кишки
- Злокачественные новообразования ободочной кишки
- Злокачественные неоплазии тела матки
- Рак поджелудочной железы
Қарсы көрсеткіштері
Аминофиллинге немесе басқа да ксантин туындыларына жоғары сезімталдылық; эпилепсия; ауыр артериялық гипертензия немесе гипотензия; ауыр тахиаритмия; геморрагиялық инсульт; көз торына қан құйылулар.
Қауіпсіздік шаралары
55 жастан асқан пациенттерге, бақыланбайтын гипотериоз (кумуляциялану мүмкіндігі) кезінде, сепсис, ұзақ гипертермия, гастроэзофагеальді рефлюкс, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы (анамнезінде), қуық асты безінің аденомасы кезінде, ауыр коронарлық жетіспеушілігінде (миокард инфарктісінің жедел фазасы, стенокардия), қан тамырлардың кең таралған атеросклерозы, гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия, жиі қарыншалық экстрасистолия, құрысуға бейімділіктің жоғарылауы кезінде сақтықпен тағайындау қажет. Егде жастағы пациенттерге организмнен баяу шығарылуына байланысты препарат дозасын төмендету қажет. Шылым шегетін пациенттерге препараттың организмнен қарқынмен шығарылуына байланысты дозаны арттыру қажет.Автокөлікті немесе қозғалмалы механизмдерді басқарудан бас тарту тиіс.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Эфедрин, β-адреностимуляторлар, кофеин және фуросемид- аминофиллин әсерінің күшеюі.Жүрек гликозидтері- гликозидті интоксикация дамуы.Фенобарбитал, фенитоин, рифампицин, изониазид, карбамазепин және сульфинпиразон - аминофиллин элиминациясының жылдамдауы және оның терапевтикалық әсерінің төмендеуі.Макролидтер, линкомицин, аллопуринол, циметидин, изопреналин, кешенді оралды контрацептивтер, дисульфирам, флувоксамин, вилоксазин, тұмауға қарсы вакциналар және β-адреноблокаторлар - аминофиллин элиминациясының төмендеуі және оның қандағы концентрациясының жоғарылауы.Бензилпенициллин - аминофиллиннің химиялық инактивациясы.Литий тұздары, пиридоксин және β-адреноблокаторлар - бұл препараттардың терепевтикалық әсерінің төмендеуі. β-адреноблокаторлар аминофиллиннің бронходилататорлық әсерін төмендетеді.β-адреномиметиктер, глюкокортикостероидтар, диуретиктер - гипогликемия даму қаупі.Минералокортикостероидтар - гипернатриемия даму қаупі.Наркозға арналған фторланған туындылар - қарыншалық аритмиялар дамуының қаупі.ОЖЖ қоздыратын заттар - нейротокскалығының даму қаупі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметінің айқын бұзылыстары кезінде дәрігердің тұрақты қадағалауымен сақтықпен тағайындау.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің айқын бұзылыстары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау.
Жүктілік
Препаратты тағайындауда ананы емдеу үшін пайдасы мен ұрыққа төнетін қауіпті бағалауды талап етеді. Жүктілік кезінде қолдану ұрық және жаңа туған нәресте организмінде теофиллин мен кофеиннің қауіптілігі зор концентрациялары түзіледі. Жүктілік кезінде (әсіресе ІІІ триместр) анасы аминофиллин қабылдаған жаңа туған нәрестелерге метилксантиндермен уланудың болжамды симптомдарын бақылау үшін медициналық қадағалауды қажет етеді.
Емізу
Препаратты қабылдау кезінде емшекпен емізуді тоқтату керек.
Жағымсыз әсерлері
ОЖЖ тарапынан бұзылыстар (бас айналуы, бас ауыруы, ұйқысыздық, қозу, үрейлену, тітіркенгіштік, тремор, құйылулар);ЖҚЖ тарапынан бұзылыстар (жүрек қағуы, тахикардия, аритмия, артериялық қысымның төмендеуі, кардиалгия, стенокардия ұстамалары жиілігінің артуы);АІЖ тарапынан бұзылыстар (гастралгия, диарея, жүрек айну, құсу, гастроэзофагеальді рефлюкс, қыжыл, ойық жараның өршуі, диарея, тәбеттің төмендеуі (ұзақ уақыт қабылдағанда);Аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, қызба, терлеудің артуы);Кеуденің ауыруы, тахипноэ, гипогликемия, бүйрек функциясының бұзылуы (диурездің күшеюі, альбуминурия, гематурия).Жергілікті реакциялар: енгізген жерде - терінің тығыздануы, гиперемия, ауырсыну; жылдам көктамыр ішіне енгізген кезде – коллапс.
Балаларда қолданылуы
Көктамырға, 4-6 минут ішінде сорғалатып, инфузия түрінде минутына 30-50 тамшы жылдамдығымен енгізеді. 14-18 жас аралығындағы балалар: к/і- бір реттік доза 3 мг/кг, тәуліктік- 0,25-0,5 г аралығында.Ішке, тамақтан кейін, жеткілікті мөлшерде сұйықтықпен ішу. 6 жастан асқан балалар: тәулігіне 7-10 мг/кг 4 қабылдауға бөлу. Жоғары дозалары: бір реттік- 7 мг/кг, тәуліктік- 15 мг/кг. 14 жасқа дейінгі балаларға (инъекция түрі); 6 жасқа дейінгі балаларға (таблетка түрінде) қарсы көрсетілген.