R03BB07 Умеклидиний бромиді (Umeclidinium bromide)
Қолдану көрсеткіштері
Ересектердегі өкпенің созылмалы обструкциялық аурулары симптомдарын жеңілдетуге бағытталған, бронх кеңейтетін демеуші терапия.Клиникалық хаттама: 1. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы
-
Клинические протоколы:
- Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Әсер ететін затқа немесе препараттың құрамына кіретін кез келген компонентке жоғары сезімталдық; сүт ақуызын айқын көтере алмаушылық.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
Бронх демікпесі бар пациенттерде қолданбау. Парадоксальді бронхоспазм дамыған кезде тез арада емдеуді тоқтату керек және альтернативті терапияны қажет болған жағдайда тағайындайды. Жедел симптомдарды жеңілдету үшін, яғни бронхоспазмнің жедел эпизоды кезінде жедел жәрдем терапиясы ретінде қолдануға болмайды. Ауыр жүрек- қантамыр аурулары (соның ішінде жүрек аритмиясы), несеп шығарудың ұсталуы немесе жабық бұрышты глаукомасы, сүт ақуызының айқын көтере алмаушылығы бар пациенттерде сақтықпен қолдану.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Мускарин антагонистері – ингаляциялық мускарин антагонистерімен байланысты белгілі жағымсыз реакциялардың күшеюі.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстарында сақтықпен қолдану.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болғанда қолданылуы мүмкін.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Емізу
Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болғанда қолданылуы мүмкін.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: қан кетудің клиникалық анықтауынсыз гематокрит төмендеуі, пункция жасаған жерден, жарадан қан кету, мұрыннан және қызыл иектен қан кету, трансаминаза деңгейінің транзиторлық жоғарылауы.Жиі: бассүйекішілік қан құйылу, эмболия, ішкі ағзалардан қан кету, қызба.Жиі емес: өмірге қауіп төндіретін әр түрлі этиологиядағы қан кетулер.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді