R03BB06 Гликопирроний бромиді (Glycopyrronium bromide)
Қолдану көрсеткіштері
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы бар ересек пациенттердегі симтомдарды жеңілдету үшін демеуші бронхолитикалық ем.Клиникалық хаттама: 1. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы
-
Клинические протоколы:
- Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Гликопирронийге немесе кез келген қосымша затқа асқын сезімталдық.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
Шұғыл көмек құралы болып табылмайды! Бронх түйілуінің жедел көріністерін басу үшін пайдаланбау керек. Келесі жағдайларда тез арада қабылдауды тоқтату және баламалы емді тағайындау қажет: аллергиялық реакцияның, соның ішінде ангионевроздық ісіну, есекжем немесе тері бөртпесінің дамуын айғақтайтын белгілер пайда болғанда; парадоксальді бронх түйілуінде; жабық бұрышты глаукоманың жедел ұстамасында; тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясында.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Бүйрек жеткіліксіздігі
Шумақтық сүзілу жылдамдығы 30 мл/мин/1,73 м2 төмен болғанда күтілетін пайда ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолданылады.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Емізу
Ана үшін күтілетін пайда сәби үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Жиі: назофарингит, ұйқысыздық, бас ауыруы, ауыздың құрғауы, гастроэнтерит, несеп шығару жолдарының инфекциялары;Жиі емес: ринит, цистит, асқын сезімталдық, ангионевроздық ісіну, гипергликемия, гипестезия, жүрекшелер фибрилляциясы, жүрек соғуын сезіну, мұрын қуыстарындағы іркілісті құбылыстар, өнімді жөтел, жұтқыншақтың тітіркенуі, мұрыннан қан кету, диспепсия, тіс жегісі, бөртпе, қышыну, аяқ-қолдың ауыруы, кеуде қуысының қаңқа бұлшықеттерінің ауыруы, дизурия, несеп іркілісі, шаршау, астения.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді