A11DA01 Тиамин (Thiamine)

Қолдану көрсеткіштері

В1 гиповитаминозы және авитаминозы (соның ішінде зонд арқылы тамақтанатын, гемодиализдегі пациенттерде, мальабсорбция синдромынан зардап шегетін пациенттерде). Дистрофиялық процестер (миокардиодистрофия, ішек атониясы, атониялық іш қатулар, бауыр қызметінің айқын бұзылыстары, қант диабеті), перифериялық жүйке жүйесінің аурулары (неврит, радикулит, полиневриттер, невралгия, перифериялық парез немесе салдану), тері аурулары (дерматоздар, теміреткі, псориаз, экзема), интоксикациялар (сонымен бірге созылмалы маскүнемдік – Вернике-Корсаков синдромы, тиреотоксикоз).
    Клинические протоколы:
  1. Хроническая интоксикация фтором и соединениями фтора
  2. Заболевания белого вещества головного мозга
  3. Клещевой энцефалит
  4. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  5. Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  6. Белково-энергетическая недостаточность у детей
  7. Болезнь Помпе
  8. Мукополисахаридозы у детей
  9. Рахит
  10. Синдром Жильбера
  11. Тиреотоксикоз у взрослых
  12. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением алкоголя (для взрослых)
  13. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением летучих растворителей у несовершеннолетних (7-18 лет)
  14. Умственная отсталость
  15. Гидроцефалия
  16. Диабетическая нейропатия (дистальная симметричная полинейропатия)
  17. Доброкачественная внутричерепная гипертензия у детей
  18. Поражение лицевого нерва (Невропатия лицевого нерва)
  19. Прогрессирующая мышечная дистрофия Дюшенна/Беккера
  20. Расстройство вегетативной нервной системы у детей
  21. Хроническая воспалительная демиелинизирующая полинейропатия
  22. Эпилептический статус у взрослых и детей
  23. Острый и хронический тонзиллит у детей
  24. Атопический дерматит у детей
  25. Хроническая интоксикация фосфором и его соединениями
  26. Псориаз
  27. Другие неинфекционные гастроэнтериты и колиты (педиатрия)
  28. Неспецифический язвенный колит. Болезнь Крона у детей
  29. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися кахексией, астенией
  30. Послеожоговые рубцовые стриктуры пищевода
  31. Целиакия у детей
  32. Цирроз печени у взрослых
  33. Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки без кровотечения и прободения (педиатрия)
  34. Дисменорея
  35. Доброкачественная гиперплазия предстательной железы
  36. Криз отторжения почечного трансплантата
  37. Нейрогенная дисфункция мочевого пузыря
  38. Хроническая трансплантационная нефропатия
  39. Болезнь Гиршпрунга у детей
  40. Болезни печени, связанные с беременностью
  41. Токсикоз у беременных
  42. Вибрационная болезнь
  43. Отморожения у взрослых
  44. Перелом плеча
  45. Послеожоговые рубцовые стриктуры пищевода
  46. Хроническая интоксикация свинцом
  47. Хроническая интоксикация сероводородом
  48. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  49. Рак поджелудочной железы
  50. Злокачественные новообразования прямой кишки
  51. Злокачественные новообразования ободочной кишки
  52. Врожденные/наследственные миопатии
  53. Спинальные мышечные атрофии у детей
  54. Заболевания мочеполовой системы

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық, аллергиялық реакциялар, идиосинкразия, әйелдердегі климакс алдындағы және климактериялық кезең.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Вернике-Корсаков энцефалопатиясында тиамин гидрохлоридін сақтықпен қабылдаған жөн. Тиамин гидрохлориді ерітіндісін парентеральды қолданар алдында препаратқа жеке сезімталдығын тексеру үшін теріге сынама жүргізу қажет. Инъекцияны енгізгеннен кейін ауыр аллергиялық реакциялар дамуы мүмкіндігіне байланысты 30 минут бойы бақылау қажет. Жүйке жүйесінің жоғары қозғыштығында, 12 елі ішектің ойық жарасының гиперацидты түрінде сақтықпен тағайындайды. Маскүнемдіктен зардап шегетін пациенттерде препараттың жанама әсерлері күшеюі мүмкін. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Деполяризациялаушы миорелаксанттар (суксаметоний хлориді), холин туындылары - олардың терапевтикалық әсерінің әлсіреуі. Тиосемикарбазон, 5-фторурацил - тиамин белсенділігінің тежелуі.Тырысуға қарсы препараттар (фенобарбитал, фенитоин, карбамазепин), дигоксин, индометацин, антацидті препараттар - тиамин тапшылығының дамуы.Цианокобаламин, пиридоксин - тиаминнің фосфорланған биологиялық белсенді түріне айналуын қиындатады және оның аллергиялық әсерін күшейтеді.Этанол - тиаминнің сіңірілу жылдамдығын баяулатады.Адреномиметиктер, симпатомиметиктер - олардың терапевтикалық әсерінің әлсіреуі.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Тиамин ана сүтіне енеді. Егер ана үшін күтілетін пайда сәби үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда лактация кезінде қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жүрек айнуы, анорексия, ішек тонусының төмендеуі, ішек геморрагиялары, жұтынудың қиындауы; бас ауыруы, бас айналуы, мазасыздық, парестезия, көру жүйкесінің зақымдануы; аллергиялық реакциялар (есекжем, қышыну, Квинке ісінуі), дерматит, тыныс алудың қиындауы, ентігу, бронхоспастикалық синдром; құрысулар, анафилактикалық шок, тахикардия, аритмия, коллапс, бауыр ферменттері белсенділігінің бұзылуы.Жалпы бұзылыстар: тершеңдіктің жоғарылауы, қалтырау, тремор, жалпы әлсіздік, ісінулер, қызба, басқалар: симпатоплегия – тиаминнің түрлі медиаторлармен кешендер қалыптастыру қабілеті, артериялық қысымның төмендеуімен, жүрек аритмиясының пайда болуымен, қаңқа бұлшықеттері жиырылуының бұзылуымен (соның ішінде, тыныс алу), ОЖЖ тежелуімен бірге жүруі мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

8 жастан асқан балаларға, бұлшықетке терең 12,5 мг (0,25 мл 5% ерітінді) тәулігіне 1 рет енгізеді. 8 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді