R03BB01 Ипратропий бромиді (Ipratropium bromide)
Қолдану көрсеткіштері
Бронх демікпесін және өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының ағымымен қатар жүретін қайтымды бронх түйілуін емдеу
-
Клинические протоколы:
- Бронхиальная астма
- Бронхиты у детей
- Бронхоэктатическая болезнь у детей
- Бронхиальная астма у детей
Қарсы көрсеткіштері
Атропинге және оның туындыларына немесе ипратропий бромидіне немесе аталған өнімнің кез келген басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық, жабық бұрышты глаукома. Сақтықпен: несеп шығару жолдарының обструкциясы, қуықасты безінің гиперплазиясы.
Қауіпсіздік шаралары
Муковисцидозбен ауыратын науқастарда асқазан-ішек жолы моторикасы бұзылуының даму мүмкіндігі жоғары.Антихолинергиялық дәрілерді қолдану кезінде жабық бұрышты глаукомадан зардап шегетін немесе оның туындауына бейім пациенттерде, сондай-ақ, несеп шығару жолдарының обструкциясы бар пациенттерде (мысалы, простата гиперплазиясы, қуықтан ағып шығудың бұзылуы) сақтық шараларын сақтау ұсынылады. Өт қалтасының фиброзы бар пациенттер асқазан-ішек жолының дискинезиясы туындауына бейім болғандықтан аталған пациенттерге ипратропий бромидін басқа да антихолинергиялық дәрілер сияқты сақтықпен қолдану керек. Көлік құралдарын және басқа да механизмдерді басқару сияқты қызметтің аса қауіпті түрлерінен аулақ болу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Бета2-адренергиялық дәрілер және ксантин туындылары препараттың бронходилатациялайтын әсерін күшейтуі мүмкін.
Жүктілік
Жүктіліктің I триместрінде қарсы көрсетілген.Ана үшін күтілетін пайда ұрыққа төнетін кез келген ықтимал қауіптен басым жағдайларды қоспағанда жүктілік уақытында аталған өнімді қолданбаған жөн. Күтілетін пайда ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Сақтықпен қолданған жөн. Ана үшін күтілетін пайда нәрестеге төнетін кез келген ықтимал қауіптен басым жағдайларды қоспағанда аталған өнімді қолданбаған жөн. Күтілетін пайда ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас ауыруы, бас айналуы, тамақтың қышуы, жөтел, ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, асқазан-ішек жолы моторикасының бұзылуы .Жиі емес: аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық реакциялар, Квинке ісінуі (тіл, ерін, бет ісінуі), көрудің бұлыңғырлануы, көзішілік қысымның жоғарылауы, мидриаз, глаукома, көз алмасының ауырсынуы, көру өрісінде құбылмалы шеңберлердің болуы , коньюнктива гиперемиясы, мөлдір қабықтың ісінуі, жүрек қағуының жиілеуі, қарыншаүстілік тахикардия, бронх түйілуі, пародоксальді бронхоспазм, ларингоспазм, жұтқыншақтың ісінуі, тамақтың құрғақтығы, диарея, іш қату, құсу, стоматит, бөртпе, қышыну, несеп шығарудың іркілуі.Сирек: аккомодация бұзылуы, жүрекшелердің фибрилляциясы, жүрек қағуының жылдамдауы, есекжем офтальмологиялық асқынулар ипратропий бромидінің аэрозольдері, өздігінен, сондай-ақ адренергиялық бета2-агонистермен біріктірілімде көз беткейімен жанасқан кезде белгіленді.
Балаларда қолданылуы
6 жастан асқан балалар: күніне 4 рет 2 ингаляциялық доза (бүрку). Балаларда препарат емдеуші дәрігер тарапынан мұқият бақылаумен және ересектердің үнемі қадағалауымен ғана қолданылуы тиіс