R03BA08 Циклезонид¹ (Ciclesonide)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер мен 12 жас және одан үлкен балалардағы бронх демікпесін емдеу.   Демікпенің алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. Бронхиальная астма
  2. Бронхиальная астма у детей

Қарсы көрсеткіштері

Циклезонидке немесе қосымша заттардың кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Белсенді және белсенді емес сатыдағы туберкулезі, зеңдік, вирустық немесе бактериялық инфекциялары бар пациенттерге, және пациенттер талапқа сай ем қабылдаған жағдайда, абайлап тағайындаған жөн. Демікпелік статус немесе демікпенің басқа жедел көріністерін емдеу үшін қолданылмайды. Препаратты ұзақ уақыт жоғары дозаларда қабылдағанда жүйелі әсерлер (бүйрек үсті бездері қызметінің бәсеңдеуі, балалар өсуінің кідірісі, сүйек тінінің минералдық тығыздығының төмендеуі, катаракта және глаукома) пайда болуы мүмкін. Балалар өсуін бақылау, өсуі баяулаған кезде ингаляциялық кортикостероидтардың дозасын демікпенің тиімді бақылануын сақтайтын, мүмкіндігінше, ең төменгі дозаға дейін азайту. Пероральді стероидтардан ингаляциялық циклезонидке ауыстыру кезінде пациенттер бүйрекүсті безі зақымдануы және аллергиялық реакциялардың (ринит немесе экзема) дамуы бойынша қауіп тобына жатады. Жауабы болмаған немесе демікпенің ауыр асқынуы кезінде ингаляциялық циклезонидтің дозасын арттыру қажет, ал қажет болған жағдайда жүйелік стероидты және/немесе егер инфекция бар болса, антибиотик қолдану керек. Ентігу мен сырылдар тез өсетін бронхтың парадоксальді түйілуі немесе бронх констрикциясының басқа симптомдары емді қайта қарастыруды қажет етеді. Ингалятордың дұрыс қолданылуын тексеру. Емдеуді күрт тоқтатуға болмайды. Емдік әсері төмен температурада кемиді.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 күшті тежегіштері (мысалы, кетоконазол, итраконазол, ритонавир немесе нелфинавир) - бір мезгілде қолдануды болдырмау.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациентерге бауыр қызметіне мониторинг қажет.

Жүктілік

Препараттың жүктілік кезіндегі қауіпсіздігі жөнінде деректері жоқ. Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолдануға болады. Бүйрекүсті безінің гипофункциясын болдырмау үшін, кортикостероидтармен емделген анадан жаңа туылған нәрестелерді бақылау қажет.

Емізу

Циклезонид және оның метаболиттерінің ана сүті арқылы бөлінуі зерттелмеген. Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда бала емізу кезеңінде қолданылады. Демікпені талапқа сай бақылау үшін қажет циклезонидтің ең төменгі тиімді дозасын пайдалану керек.

Жағымсыз әсерлері

Жүрек айнуы, құсу, жағымсыз дәм, іштің ауыруы, диспепсия, сирек ауыздың құрғауы, орофарингеальді кандидоз; бас ауыруы, өте сирек психомоторлы аса жоғары белсенділік; ұйқының бұзылуы, үрей, депрессия, озбырлық, мінездің өзгеруі (негізінен балаларда); дисфония, ингаляциядан кейінгі жөтел, парадоксальді бронх түйілуі, жүрек қағуы, гипертензия; аса жоғары сезімталдық реакциялары, бөртпе, экзема, ангионевротикалық ісіну.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

12 жас және одан асқан балалар. Жеңіл дәрежедегі демікпе: күніне бір рет 160 мкг; орта дәрежеде: күніне бір рет 160-320 мкг; ауыр дәрежеде: күніне бір рет 320-640 мкг немесе күніне екі рет 320 мкг; пероральді кортикостероидтарды қосымша қабылдап жүрген пациенттер - күніне екі рет 320-640 мкг. Дозаны күніне бір рет 80 мкг дейін төмендету көптеген пациенттер үшін тиімді демеуші доза болып табылады. Күніне 160 мкг бір рет, егер бақылау қолға алынса, күніне 80 мкг дейін төмендетеді; қажет болған жағдайда немесе ауыр демікпе кезінде дозаны ең жоғарғы күніне екі рет 320 мкг дейін арттыруға болады. 12 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсізігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.            Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.