R03AL03 Вилантерол және Умеклидиний бромиді (Vilanterol and Umeclidinium bromide)

Қолдану көрсеткіштері

Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларында демеуші ем ретінде.Клиникалық хаттама:   1. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы
    Клинические протоколы:
  1. Хроническая обструктивная болезнь лѐгких

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Әсер ететін заттарға немесе кез келген компонентке жоғары сезімталдық, сүт ақуызын айқын көтере алмаушылық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Бронх демікпесі бар пациенттерге препаратты қолдану ұсынылмайды. Берілген препаратты жедел симптомдарды басу үшін, яғни бронх түйілуінің жедел көрінісінде шұғыл жәрдем емі ретінде қолдануға болмайды. Парадоксальді бронх түйілуі дамығанда препаратпен емдеуді тоқтату керек. Бета-2-агонисттеріне сезімтал пациенттерге, тиреотоксикозбен немесе құрысу бұзылыстары бар, несептің іркілуі немесе жабық бұрышты глаукомамен, жүрек-қантамыр ауруларының ауыр түрлеріне шалдыққан пациенттерге препаратты сақтықпен тағайындау керек. Препаратпен емдеу басталғаннан бастап қант диабеті бар науқастарда қандағы глюкоза деңгейі үнемі бақылануы тиіс. Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан галактозалық төзімсіздігі, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозалық Lapp-мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Селективті емес және селективті бета-блокаторлар - бета₂-агонистері әсерлерінің әлсіреуі.CYP3A4 күшті тежегіштері (кетоконазол, кларитромицин, итраконазол, ритонавир) - вилантеролдың жүйелік экспозициясының артуы.Мускаринді рецепторлар антагонистері, симпатомиметиктер - жағымсыз әсерлердің күшеюі.Метилксантин туындылары, стероидтар, калий жинақтамайтын диуретик - бета2-адренорецепторлар агонистерінің потенциалды гипокалиемиялық әсері күшейеді.                                                                   Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Жеңіл немесе орташа ауырлық деңгейлерінде дозасын түзету талап етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Ана сүті арқылы шығарылады. Қабылдау қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: ринофарингит.                                                                                         Жиі: бас ауыруы, ауыздың құрғауы, ауыз-жұтқыншақ ауыруы, синусит, назофарингит, фарингит, жөтел, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары, іш қатуы.Жиі емес: тахикардия, қарыншаүстілік тахикардия, жүрекшелер жыпылықтауы, идиовентрикулярлы ырғақ, суправентрикулярлы экстрасистолия, жүрекшелер фибрилляциясы, бөртпе, тремор, дәм сезудің бұрмалануы, жүрек қағуы, бұлшықет түйілуі, мазасыздану.Сирек: анафилаксия, ангионевротикалық ісіну, есекжем, көрудің анық болмауы, глаукома, көзішілік қысымның жоғарылауы, парадоксальді бронх түйілуі, несептің ұсталуы, дизурия, инфравезикальді обструкция синдромы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды. 18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді