R03AC18 Индакатерол¹ (Indacaterol)

Қолдану көрсеткіштері

Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы бар пациенттерде тыныс жолдарының обструкциясының бронхты кеңейтетін демеуші емі.
    Клинические протоколы:
  1. Бронхиальная астма
  2. Пневмокониоз

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық; тұқым қуалайтын лактоза, галактоза көтере алмаушылығы, Лапп-лактаза жеткіліксіздігі және глюкоза/галактоза мальабсорбциясы; преэклампсия;

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректердің болмауына байланысты демікпе кезінде қолданбау, өліммен аяқталатын жағдайларға дейін жағымсыз әсерлердің артуы; аллергиялық реакциялар, парадоксальді бронх түйілуі, тамыр соғысы жиілігінің артуы, артериялық қысымның жоғарылауы және басқа жағымсыз әсерлер көрініс бергенде препаратты тоқтату керек. Жедел бронх түйілуін шеттетуге арналмаған; жүрек- қантамыр бұзылыстары бар пациенттерге (коронарлы артериялар ауруы, жедел миокард инфарктісі, жүрек аритмиясы, артериялық гипертензия), құрысу бұзылыстары немесе тиреотоксикозы бар пациенттерге, бета2-адренорецепторлар агонистерінің әсеріне талапқа сай әсер бермейтін пациенттерде сақтықпен қолдану қажет; компенсацияланбаған қант диабеті бар пациенттерде препаратты қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелген жоқ.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Оксидазаның моноаминді тежегіштерімен, трициклдік антидепрессанттармен немесе QT интервалының ұзаруына алып келетін дәрілік препараттармен сақтықпен қолдану. QT аралығының ұзаруын индукциялайтын дәрілік препараттар- қарыншалық аритмия қаупінің артуы. Симпатомиметикалық заттар (монотерапия ретінде немесе біріктірілген емнің бір бөлігі ретінде)- препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі; Метилксантин туындылары, стероидтар немесе диуретиктер- гипокалиемиялық әсерінің күшеюі; Бета-адренорецепторлар блокаторларымен (көз тамшысын қоса), амалсыздан негізді қолданудан басқасында, бірге қолдануға болмайды; Индакатеролдің клиренсінің негізгі факторларының бәсеңдеуі- CYP3A4 изоферментінің және Р-гликопротеиннің (Р-gp) жүйелік экспозициясын 2 есе арттырады.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Препаратты қолдану қажет болған жағдайда нәресте үшін емшек емізудің пайдасын және әйел үшін терапия пайдасын ескере отырып, емшек емізуді немесе емдеуді тоқтату.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: назофарингит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары; Жиі: синусит, қант диабеті, гипергликемия, бас ауыруы, бас айналуы, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек қағуының жиілеуі, жөтел, тамақтың және көмейдің ауыруы, ринорея, қышыну, бөртпе, бұлшықеттің түйілуі, қаңқа-бұлшықеттің ауыруы, кеуденің ауыруы, шеткергі ісіну;Жиі емес: аса жоғары сезімталдық реакциялары, парестезия, жүрекшелердің фибрилляциясы, тахикардия, QT аралығының ұзаруы, гипокалиемия, бронхтың парадоксальды түйілуі, миалгия;

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді