A11CC03 Альфакальцидол (Alfacalcidol)

Қолдану көрсеткіштері

Остеопороздың негізгі типтері мен түрлері, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі остеодистрофия, гипопаратиреоз және псевдогипопаратиреоз, гиперпаратиреоз, Д дәруменінің тамақпен бірге жеткіліксіз түсуімен немесе оның асқазан ішек жолдарында сіңірілуінің бұзылуына байланысты остеомаляциялар, гипофосфатемиялық D дәруменіне резистентті рахит және остеомаляция, псевдодефицитті (D дәруменіне тәуелді) рахит және остеомаляция, Фанкони синдромы (нефрокальцинозды, кеш дамитын рахит және адипозогенитальды дистрофиялы тұқым қуалайтын бүйрек ацидозы), бүйректің тубулярлы ацидозы.
    Клинические протоколы:
  1. Хронический тубулоинтерстициальный нефрит
  2. Нарушения, развивающиеся в результате дисфункции почечных канальцев (педиатрия)
  3. Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
  4. Болезнь Гоше
  5. Гипопаратиреоз
  6. Хроническая болезнь почек у взрослых
  7. Хроническая болезнь почек у детей
  8. Болезнь Бехчета
  9. Аутоимунный гепатит
  10. Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
  11. Остеопороз
  12. Перекрестный (overlap) синдром
  13. Узелковый полиартериит у детей
  14. Ювенильная локальная склеродермия
  15. Хроническая трансплантационная нефропатия
  16. Криз отторжения почечного трансплантата

Қарсы көрсеткіштері

Бүйрек диализіндегі адамдарда гиперкальциемия, гиперкальциурия, гиперфосфатемия, гипермагнемия; Д гипервитаминозы.

Қауіпсіздік шаралары

Атеросклероз, жүрек жеткіліксіздігі, саркоидоз, өкпе туберкулезі (белсенді түрі), гиперкальциемия даму қаупі жоғары пациенттерге препаратты сақтықпен тағайындау керек. Альфакальцидолмен емдеу барысында аддитивті өзара әрекеттесуі және гиперкальциемия даму қаупі жоғары болуына байланысты Д дәруменін және оның туындыларын тағайындамаған жөн. 

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Оймақгүл препараттары - жүрек ырғағы бұзылыстарының даму қаупі.Барбитураттар, тырысуға қарсы заттар - альфакальцидол дозасын жоғарылату қажет.Тиазидті диуретиктер, кальций препараттары - гиперкальциемия даму қаупі.Антацидтер (магний негізіндегі), іш айдайтын заттар - гипермагниемия даму қаупі.Д дәрумені және оның туындылары - гиперкальциемия даму қаупі. Колестирамин, колестипол, сукральфат, антацид - альфакальцидол сіңірілуінің төмендеуі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Нефролитиаз, бүйрек жеткіліксіздігі, әсіресе несеп-тас ауруларында препаратты сақтықпен тағайындау керек.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Гиперкальциемия, тахикардия, тері бөртпесі, қышыну түріндегі аллергиялық реакциялар, әлсіздік, шаршағыштық, бас айналуы, ұйқышылдық, бас ауыруы, жүрек айнуы, ауыздың құрғауы, эпигастр аймағындағы жайсыздық сезімі, іш қатуы, анорексия, қыжыл, диарея, бұлшықет, сүйек, буындардың аздап ауыруы.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.