P02BA01 Празиквантел (Praziquantel)
Қолдану көрсеткіштері
Шистосомалардың әр алуан түрлері туғызған жұқпаларды емдегенде (мысалы: Shistosoma haematobium, S. mansoni, S. intercalatum, S. japonicum, S. mekongi); бауырдың екіауыздылары (мысалы: Clonorchis sinensis, Opisthorchis viverrini) және өкпенің екіауыздылары (мысалы: Paragonimus westermani және басқа түрішілік түрлер) туғызған жұқпаларды емдегенде.
-
Клинические протоколы:
- Описторхоз у взрослых
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; көздің цистицеркозында (көз тіндеріндегі паразиттің бұзылуы қайтымсыз зақымдарға әкелуі мүмкін болғандықтан); Р450 цитохромы жүйесінің рифампицин сияқты күшті индукторларымен қосылымды қолданылуы (плазмадағы препараттың емдік тиімділік шектеріндегі деңгейіне қол жеткізілмейтіндіктен).
Қауіпсіздік шаралары
• Емделген кезде жүрек қызметі бұзылған емделушілер үнемі дәрігердің қадағалауында болуға тиісті.• Цистицеркоз және трематодоз бойынша эндемиялық аудандарда тұратын немесе тұрған емделушілерге емдеуді стационарлық жағдайларда жүргізу ұсынылады• Шистосомоз, парагонимоз және финноз туғызған орталық жүйке жүйесінің патологиясын асқындырып жіберетіндіктен препаратты сыртартқысында эпилепсия және/немесе орталық жүйке жүйесі тартылатын басқа маңызды белгілері, мысалы, цистицеркоздың барын жорамалдайтын теріастылық түйіндері болған емделушілерге тағайындамау керек. • Препарат реакция жеделдігіне болжамды теріс әсер ететіндіктен препаратты қабылдап жүрген күні/күндерде сол сәттен әріқарайғы 24 сағат ішінде автокөлік жүргізуді және күрделі автоматтандырылған жүйелерді басқаруды қоя тұрған дұрыс.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
• Хлорохин - бір мезгілде қолдану қандағы празиквантел концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін.• Бауыр ферменттерінің белсенділігін төмендететін препараттар, дәрілік затты метаболиздейтін препараттардың (Цитохром Р 450), мысалы, цимитидиннің бір мезгілде қолданылуы қан плазмасындағы празиквантел концентрациясының жоғарылауын туғызуы мүмкін. • Бауыр ферменттерінің белсенділігін төмендететін препараттар, дәрілік затты метаболиздейтін препараттардың (Цитохром Р 450), мысалы, эпилепсияға қарсы препараттардың, дексаметазонның бір мезгілде қолданылуының салдарынан қан плазмасындағы празиквантел концентрациясының төмендеуі болуы мүмкін. • Р450 цитохромының рифампицин сияқты күшті индукторларымен бір мезгілде тағайындамаған жөн.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Препараттың нефроуыттылық әсері туралы мәліметтер жоқ.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауырдың декомпенсацияланған жеткіліксіздігі бар емделушілерде және бауыр мен көкбауырдың шистосомозы бар емделушілерде қолданғанда сақ болу керек.
Жүктілік
Жүктіліктің алғашқы триместрі кезінде қолдану ұсынылмайды
Емізу
Емшек сүтіне өтеді. Қысқа мерзімді емделу кезінде ем жүргізілген бүкіл уақытта және соңғы қабылдаудан кейінгі алғашқы 24 сағатта емшекпен емузуді тоқтату керек. Кез келген жағдайда дәрігер қоректендіруге арналған қолда бар баламалы жасанды қоспалардың сапасын назарға ала отырып, қауіп-пайда арақатынасын бағалауы керек.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу; бас айналуы және бас ауырулары; есекжемЖиі: ұйқышылдық, соның ішінде қалғу; анорексия, диарея (өте сирек қан аралас); миалгиялар; өзін нашар сезіну, қызбаӨте сирек: аллергиялық реакциялар, полисерозиттер, эозинофилия; қышыну; құрысулар; арнайы емес аритмиялар
Балаларда қолданылуы
Ішке, тамақтанған кезде немесе одан кейін шайнамастан, аздаған сұйықтық мөлшерімен жұтады. Бір дүркіндік қабылдаумен емделгенде таблетканы кешке қабылдаған жақсы. Егер күніне бірнеше таблетка қабылдау тағайындалған болса, қабылдаулар арасында 4 сағаттан кем емес және 6 сағаттан артық емес аралық сақтау ұсынылады. 4 жастан асқан балаларға дозалау режимі, қоздырғыштың түріне қарай, әркімге жеке тағайындалуға тиіс. Shistosoma haematobium кезінде -40 мг/кг бір реттік қабылдау. Емдеу ұзақтығы –1 күн.Shistosoma mansoni, Shistosoma intercalatum кезінде -40 мг/кг тәулігіне бір рет немесе 20 мг/кг тәулігіне екі рет. Емдеу ұзақтығы – 1 күн.Shistosoma japonicum, Shistosoma mekongi кезінде - 60 мг/кг тәулігіне бір рет немесе 30 мг/кг тәулігіне екі рет. Емдеу ұзақтығы – 1 күн.Clonorchis sinensis, Opisthorchis viverrini кезінде - 25 мг/кг тәулігіне 3 рет 1-3 күн бойы.Paragonimus westermani және басқа өкпе сорғыштары - 25 мг/кг тәулігіне 3 рет 2-3 күн бойы. 4 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.