N07BB01 Дисульфирам¹ (Disulfiram)
Қолдану көрсеткіштері
Созылмалы маскүнемдікті емдеу үшін қосымша дәрі ретінде.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Дисульфирамға немесе препараттың қандай да бір компоненттеріне жоғары сезімталдық, ауыр тыныс алу жеткіліксіздігі, қант диабеті, неврологиялық және психиатриялық бұзылыстар, жүрек- қантамыр аурулары (жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру).
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
Медициналық тексеруден кейін тағайындау. Дисульфирамды реакциялардың даму қаупіне байланысты препаратты тоқтатқаннан кейін 14 күн бойы емдеу кезінде құрамында алкоголь бар препараттарды және алкогольді қабылдамау керек. Жүрек ырғағының бұзылуы, стенокардия ұстамалары, жүрек- қантамыр коллапсы, мокард инфарктісі, кенеттен болатын өлім, тыныс алудың тежелуі, сананың шатасуы, энцефалопатия және құрысулар болуы мүмкін. Көлік құралын немесе басқа да қауіптілігі ықтимал механизмдерді басқарудан бас тарту.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Алкоголь, үшциклды антидепрессанттар, изониазид, 5-нитроимидазолдар - ОЖЖ дисульфирамның уытты әсерінің артуы. Варфарин және басқа да тікелей емес антикоагулянттар - қан кету қаупінің артуы, пероральді антикоагулянттар дозасын түзету керек. Фенитоин, теофиллин - олардың метаболизмінің тежелуі, дозасын төмендету қажет болуы мүмкін. Рифампицин - бүйрек арқылы рифампициннің шығарылуы және тотығуының баяулауы.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Бауыр жеткіліксіздігі
Гепатоуытты, бауыр қызметіне жүйелі бақылау жүргізу. Сақтықпен қолдану, ауыр бұзылыстары кезінде қарсы көрсетілген.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Жүректің айнуы, ауыздың "металл" татуы, құсу, галитоз, асқазанның ауыруы, іштің өтуі, колостомиясы бар науқастарда ауыздан жағымсыз иіс шығу (көміртек сульфидінің түзілуімен байланысты), қандағы трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы, гепатит жағдайлары, гепатиттің фульминантты және фатальді түрлері мүмкін; аяқтардың полиневриті, көру жүйкесінің невриті, нейропсихикалық бұзылыстар, ес жоғалту, сананың шатасуы, астения, бас ауыруы, жоғары шаршағыштық, ұйқышылдық, өзін нашар сезіну; терілік- аллергиялық реакциялар; коллапс, жүрек ырғағының бұзылысы, артериялық гипотензия, стенокардия, миокард инфарктісі, кенеттен болатын өлім, тыныс алудың тежелуі, бас миының ісінуі, бассүйекішілік қан кету, тырысулар, энцефалопатия.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді