N07BA03 Варениклин (Varenicline)
Қолдану көрсеткіштері
Никотинге тәуелділікті емдеу.Клиникалық хаттама: 1. Темекіні қолданудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары (ересектер мен балалар үшін)
-
Клинические протоколы:
- Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением табака (для взрослых и детей)
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді затына немесе қандайда бір қосымша затына жоғары сезімталдық;
Қауіпсіздік шаралары
Варениклинмен емделген кезде күрделі психоневрологиялық симптомдар туындаған жағдайда пациенттер дереу емді тоқтатып, емге қайта баға беру үшін медицина қызметкеріне жүгінулері тиіс; Анамнезінде құрысу ұстамалары немесе құрысуға дайындық шегін төмендетуге қабілетті, басқа да аурулары бар пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек; Емдеу кезеңі аяқталғаннан кейін препаратты қабылдауды тоқтатқан кезде 3 %-ға дейінгі пациенттер қатты ашушаңдықты, шылым шегуге аса құмарлықты, депрессияны және/немесе ұйқысыздықты сезінді. Препаратты тағайындаған медицина қызметкері дозаны біртіндеп төмендету қажеттілігін пациентке хабарлауы және талқылауы немесе қарастыруы тиіс; Пациенттерге автокөлік құралын басқарудан, күрделі механизмдермен жұмыс істеуден немесе кез келген басқа да қауіптілігі зор қызметті жүзеге асырудан бас тарта тұру ұсынылады
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Циметидинді варениклинмен бір мезгілде қолдану варениклиннің бүйректік клиренсінің төмендеуі салдарынан 29 %-ға варениклиннің жүйелі әсер етуінің артуын туғызады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Егер креатинин клиренсі 30 мл / мин / 1,73 м 2-ден аз болса, бастапқы дозасы 500 мкг тәулігіне бір рет, 3 күннен кейін күніне 1 мг-ға дейін артады.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозаны коррекциялауды қажет етпейді.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: бас ауыруы, жүрек айнуы, назофарингит, әдеттен тыс түс көру, ұйқысыздықЖиі: бронхит, синусит, дене салмағының артуы, тәбеттің төмендеуі, тәбеттің жоғарылауы, ұйқышылдық, бас айналуы, дисгевзия, ентігу, жөтел, гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру, құсу, іш қату, диарея, іштің кебуі, іштің ауыруы, тіс ауыруы, диспепсия, метеоризм, ауыздың құрғауы, қышыну, бөртпе, артралгия, миалгия, арқаның ауыруы, кеуде қуысының ауыруы, қатты қажу, бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштері нормасынан ауытқу.
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген.