N07AA02 Пиридостигмин бромиді¹ (Pyridostigmine)
Қолдану көрсеткіштері
Gravis миастениясы және миастениялық синдром, ішек және қуық атониясы. Клиникалық хаттама: 1. Миастения
-
Клинические протоколы:
- Миастения
Қарсы көрсеткіштері
Әсер ететін затқа немесе препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық, миотония, обтурациялық ішек бітелісі, өт және несеп шығару жолдарының түйілуі, асқазан-ішек жолы ағзаларының түйілу жағдайлары, операциядан кейінгі кезеңдегі шок, бронх демікпесі, обструкциялық бронхит, ирит, деполяризациялаушы миорелаксанттармен біріктірілімде қолдану (мысалы, суксаметоний).
Қауіпсіздік шаралары
Брадикардиясы, Паркинсон ауруы, қант диабеті бар науқастарға, асқазан-ішек жолына жасалған операциялардан кейін сақтықпен қолдану. Көлік құралын және қауіптілігі жоғары механизмдерді басқарудан бас тарту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Аминогликозидтер (мысалы, стрептомицин, неомицин, канамицин, гентамицин), полимиксин, коллистин, окситетрациклин, клиндамицин, линкомицин - пиридостигмин бромиді әсерінің төмендеуі.М-холинолитиктер, ганглиоблокаторлар, хинидин, прокаинамид, жергілікті анестетиктер, трициклді антидепрессанттар, эпилепсияға қарсы және паркинсонға қарсы дәрілер - пиридостигмин бромиді әсерінің төмендеуі.Атропин - пиридостигминнің м-холинергиялық әсерін бейтараптайды, бірақ, оның қаңқа бұлшықеттеріне әсерін емес.Морфин туындылары, барбитураттар, деполяризациялаушы миорелаксанттар - олардың әсерінің күшеюі.Этанол - пиридостигмин бромидімен үйлесімсіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану, препарат дозасы бүйректің функционалдық жағдайына байланысты жеке таңдалады. Бүйрек қызметін бақылау қажет. Плазма құрамында креатинин 2 мг/дл болғанда, демеуші доза жартыға бөлінуі мүмкін немесе препарат қабылдау арасындағы аралық екі еселенеді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану, бауыр қызметін үнемі бақылау.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін. Жүктіліктің ІІІ триместірінде қабылдаған кезде мезгілінен бұрын босану қаупі артады.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Тершеңдік, сілекей бөлінісінің және көзден жас ағудың көбеюі, бронх бездері сөлінісінің күшеюі, жүрек айнуы, құсу, іш өтуі, іштің ұстама тәрізді ауырсынулары (ішек перистальтикасының жоғарылауынан болатын), несеп шығаруға жиі қысылу, бұлшықет дірілі, бұлшықеттер түйілуі, бұлшықет әлсіздігі, құрысулар, аккомодацияның бұзылуы, миоз, брадикардия, жүрек ырғағының бұзылуы, гипотензия, терінің бөртуі.
Балаларда қолданылуы
Ұсынылмайды.