A11CA01 Ретинол (Retinol)

Қолдану көрсеткіштері

А-гиповитаминозы және авитаминозында.Кешенді ем құрамында: қызылшада, пневмонияда, дизентерияда, тұмауда, трахеитте, бронхитте; үсуде, күйікте, жарада, ихтиозда, фолликулярлық дискератозда, кәрілік кератозда, тері туберкулезінде, экземаның кейбір түрлерінде, псориазда; пигменттік ретинитте, ксерофтальмияда; рахитте, гипотрофияда, жедел респираторлық ауруларында, созылмалы бронхөкпе ауруларында, асқазан-ішек жолының эрозиялы-ойық жаралы және қабынған зақымдануларында, бауыр циррозы, эпителиальді ісіктер мен лейкоздарда (қан түзетін тіндердің цитостатиктер әсеріне төзімділігін арттыру үшін).
    Клинические протоколы:
  1. Корь у детей
  2. Корь
  3. Острый ларинготрахеит
  4. Ожоги поверхностные до 20% (взрослые)
  5. Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
  6. Врожденный ихтиоз
  7. Рахит

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; өт-тас ауруы; созылмалы панкреатит.

Қауіпсіздік шаралары

• Жекелеген жағдайларда бірінші күні қолданғанда қышытатын теңбілді-папулезді бөртулер туындауы мүмкін, бұл препаратты тоқтатуды қажет етеді. • Препаратты жедел және созылмалы нефритпен науқастарда, жүрек қызметінің декомпенсациясы кезінде сақ болу керек.• Препараттың жоғары дозаларын қабылдаған жағдайда, өт-тас ауруы мен созылмалы панкреатиттің өршуі байқалуы мүмкін.• Ретинолдың жоғары дозаларының тератогендік әсері оны қабылдауды тоқтатқаннан кейін де сақталады, сондықтан препаратты қолдану кезінде жүктілікті тек 6-12 айдан соң жоспарлау ұсынылады.• Препарат сақтықпен қолданылады: егде жастағы адамдар, маскүнемдік, бауыр циррозы, вирустық гепатит.• Ықтимал жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болған жөн

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 • Эстрогендер және ішу арқылы қабылданатын контрацептивтер, олардың құрамындағылар - препараттың сіңуін күшейтеді, бұл А- гипервитаминозының дамуына әкелуі мүмкін. • Глюкокортикоидтар - қабынуға қарсы әсерін төмендетеді, гиперкальциемияның даму қаупін ұлғайтады.  • Изотретиноин - уытты әсерінің туындау қаупін ұлғайтады.  • Тетрациклин мен А витаминін жоғары дозаларда  (50 мың/ӘБ және одан жоғары) - бір мезгілде қолданғанда бассүйекішілік гипертензияның даму қаупін ұлғайтады. • Нитриттер, холестирамин - препараттың сіңуін бұзады.   • Препаратты  холестираминді қабылдаудан 1 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 4-6 сағаттан соң қолдану керек.  • Кортикостероидтар және алкоголь - препараттың емдік әсерін төмендетеді.  • Токоферол - бауырда ретинолдың уыттылығын, сіңуін, жинақталуын төмендетеді, токоферолдың жоғары дозалары организмдегі ретинол қорын азайтуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметі жетіспеушілігі бар науқастарға сақ болу қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Қарсы көрсеілген.

Емізу

Қарсы көрсеілген.

Жағымсыз әсерлері

Ұйқышылдық; сылбырлық; бас ауыруы; температураның қысқа мерзімге жоғарылауы; терінің қабыршақтануы; жүрістің бұзылуы; А витаминінің көп дозаларын ұзақ уақыт қолданғанда аяқ сүйектерінің ауыруы; жүрек айну, құсу.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.