N06AX11 Миртазапин¹ (Mirtazapine)
Қолдану көрсеткіштері
Депрессиялар.
-
Клинические протоколы:
- Депрессии без психотических симптомов
- Депрессии с психотическими симптомами
- Личностные расстройства (психопатии)
- Невротические, связанные со стрессом, соматоформные расстройства
- Обсессивно-компульсивное расстройство
- Органические психозы
- Острые психозы
- Психические расстройства, связанные с физиологическими нарушениями
- Реакция на стресс
- Резидуальные психотические расстройства
- Сенильный психоз
- Тревожные расстройства
- Шизофрения
- Хронический гепатит В у взрослых
- Функциональные гастроинтестинальные расстройства
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе қосымша заттарының кез-келгеніне асқын сезімталдық; МАО тежегіштерін қабылдау (қазіргі уақытта немесе алдыңғы 2 аптада).
Қауіпсіздік шаралары
Егде жастағыларға, жүрек-қантамыр бұзылыстары, гипотониясы бар, несеп шығару бұзылыстары, қант диабеті, жабық бұрышты глаукомаға бейім, психозы, мания/гипомания, анамнезінде құрысулар, бас миының органикалық зақымдануларында сақтықпен тағайындау керек. Сүйек кемігі қызметінің бұзылуы туралы хабарланған, ол әдетте гранулоцитопения немесе агранулоцитозбен көрінеді. Пациенттерге кез-келген қызба, тамақтың ауыруы, стоматит немесе емдеу кезінде инфекцияның басқа да белгілері туралы хабарлау керек екендігін ұсыну керек. Қан талдауына мониторинг жүргізу және қанда патологиялық өзгерістер болған кезде емдеуді тоқтату керек. Препаратты жедел тоқтатқан кезде жүрек айнуы, құсу, бас айналуы, қозу, үрейлілік, бас ауыруы болуы мүмкін, осыған байланысты препараттың дозасын бірнеше апта ішінде төмендету керек. Миртазапинді қабылдау кезінде суицидтік ойлар, өзіне зиян келтіру және суицид (суицидпен байланысты оқиға) қаупінің жоғары болуымен байланысты депрессияға қауіп болады және олар емнің бүкіл кезеңі бойы қатаң бақылауда болуы тиіс. Сарғаю пайда болған кезде емдеуді тоқтату керек. Антидепрессанттарды қолдану акатизия дамуымен байланысты, ол субъективті жағымсыз немесе жәбірлейтін мазасыздықпен және тыныш тұру немесе отыру мүмкіндігінің жоқтығымен жиі қатар жүретін қозғалу қажеттілігімен сипатталады. Бұл симптомдар дамитын пациенттерде дозаны ұлғайту денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Миртазапин қолдану кезінде гипонатриемияның сирек жағдайлары хабарланған, бұл антидиурездік гормонның талапқа сай емес секрециясына байланысты (SIADH). Препаратты жоғары қауіп тобындағы пациенттерге, мысалы, егде жастағы пациенттерге немесе гипонатриемия тудыруы мүмкін сәйкес ем қабылдайтын пациенттерге ерекше сақтық таныту қажет. Серотониннің қайта ұсталуының таңдамалы тежегіштерін (СҚҰТТ) басқа серотонинергиялық белсенді заттармен бір мезгілде қолданған жағдайда серотонинді синдром туындауы мүмкін. Серотонинді синдром симптомдарына гипертермия, сіресу, миоклония, өмірлік маңызды көрсеткіштердің мүмкін болатын жылдам өзгеруімен автономды тұрақсыздық, делирий мен комаға дейін үдейтін, психикалық жағдайдың өзгеруі, оған қоса сананың шатасуы, тітіркенгіштік және қозу. Құрамында лактоза бар, сондықтан препаратты сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, лактаза тапшылығы және глюкоза- галактозалық мальабсорбция синдромы бар пациенттерге тағайындауға болмайды. Емдеу кезеңінде жоғары зейін қою мен психомоторлы реакциялар жылдамдығын қажет ететін потенциалды қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан бас тарту.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
МАО тежегіштері - МАО тежегіштерімен емді тоқтатқаннан кейін екі апта аралығында қабылдамау немесе қабылдауды болдырмау. Сондай-ақ миртазапинмен емдеуді аяқтағаннан кейін, пациенттердің МАО тежегіштерін қолдануына дейін, екі аптаға жуық уақыт өтуі тиіс.Басқа да серотонинергиялық белсенді заттар (L-триптофан, триптан, трамадол, линезолид, СҚҰТТ, венлафаксин, литий және құрамында шәйқурай бар препараттар - серотонинмен байланысты әсерлердің (серотониндік синдром) пайда болуы, сақтық таныту, пациенттер қатаң медициналық бақылауда болуы тиіс.Бензодиазепиндер және басқа седативті препараттар (антипсихотиктердің, антигистаминдік препараттардың, H1-рецепторлары антагонистерінің, опиоидтардың көбі) - седативтік қасиеттерінің күшеюі.Алкоголь - ОЖЖ алкогольдің депрессиялық әсерінің күшеюі.Варфарин - халықаралық қалыптастырылған индекстің жоғарылауы, миртазапинді варфаринмен біріктіріп қолдану жағдайында ХҚИ бақылау ұсынылады.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Орташа немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде миртазапин клиренсі төмен.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану. Сарғаю туындаған кезде тоқтату.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: дене салмағының артуы, тәбеттің жоғарылауы, ұйқышылдық, седация, бас ауыруы, ауыздың құрғауы, ұйқының бұзылуы, сананың шатасуы, мазасыздық, ұйқысыздық, летаргия, бас айналуы, тремор, ортостатикалық гипотензия, жүректің айнуы, құсу, диарея, экзантема, артралгия, миалгия, арқаның ауыруы, шеткергі ісінулер, қажу, түнгі қорқыныштар, мания, ажитация, елестеулер, психомоторлы қозу (соның ішінде акатизия, гиперкинезия), парестезия, аяқтың шаршауы, естен тану, артериялық гипотензия, ауыз қуысы шырышты қабығының гипестезиясы.Сирек: агрессия, сарғаю, бөртпе, миоклония, панкреатит, қан сарысуында трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы, сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі (гранулоцитопения, агранулоцитоз, апластикалық анемия, тромбоцитопения), эозинофилия, антидиурездік гормон секрециясының бұзылуы, гипонатриемия, суицидтік ойлар, суицидтік мінез-құлық, құрысулар (қан құйылулар), серотониндік синдром, дизартрия, ауыз қуысы шырышты қабығының ісінуі, сілекей бөлінуінің ұлғаюы, трансаминаза және гамма-глутамилтрансфераза деңгейлерінің уақытша жоғарылауы, Стивенс-Джонсон синдромы, буллездік дерматит, мультиформалы эритема, уытты эпидермальді некролиз, несеп шығуының іркілуі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.