N06AB08 Флувоксамин (Fluvoxamine)

Қолдану көрсеткіштері

Ауқымды депрессиялық көрініс. Обсессивтік-компульсивтік бұзылыстар (ОКБ).
    Клинические протоколы:
  1. Аутизм
  2. Депрессии без психотических симптомов
  3. Депрессии с психотическими симптомами
  4. Детский тип шизофрении
  5. Личностные расстройства (психопатии)
  6. Невротические, связанные со стрессом, соматоформные расстройства
  7. Обсессивно-компульсивное расстройство
  8. Органические психозы
  9. Острые психозы
  10. Психические и поведенческие расстройства вызванные употреблением каннабиноидов у несовершеннолетних (7-18 лет)
  11. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением галлюциногенов (для взрослых)
  12. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением других стимуляторов (для взрослых)
  13. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением летучих растворителей (для взрослых)
  14. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением летучих растворителей у несовершеннолетних (7-18 лет)
  15. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением опиоидов
  16. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением опиоидов у несовершеннолетних (7-18 лет)
  17. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением седативных и снотворных средств (для взрослых)
  18. Психические и поведенческие расстройства, вызванныеупотреблением каннабиноидов
  19. Психические расстройства, связанные с физиологическими нарушениями
  20. Расстройства поведения у детей и подростков
  21. Расстройства психические и поведенческие, вызванные употреблением новых психоактивных веществ
  22. Расстройства психологической адаптации в детском возрасте
  23. Реакция на стресс
  24. Резидуальные психотические расстройства
  25. Сенильный психоз
  26. Синдром Ретта
  27. Тревожные расстройства
  28. Шизофрения
  29. Функциональные гастроинтестинальные расстройства

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық, тұрақсыз эпилепсия.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты "тоқтату реакциясы" қаупіне байланысты емдеуді кенеттен доғаруды болдырмау керек. Препаратты қабылдауды тоқтату қажет болған жағдайда препаратты тоқтату реакцияларының қаупін төмендету үшін дозасы біртіндеп, 1-2 апта аралығында төмендетілуі тиіс. Алкоголь қабылдау ұсынылмайды. Емдеу үшін флувоксамин тағайындалатын, психиатриялық бұзылыстар да қауіпті суицидтік әрекеттер мен көңіл-күйлердің жоғарылауымен сипатталады. Үздіксіз немесе жүйелі пайда болатын ішкі қозғалыс алаңдаушылығының жағымсыз сезімі пайда болуымен, қозғалу және қалпын өзгертуге ішкі қажеттілікпен және пациенттің бір қалыпта ұзақ отыруға немесе ұзақ қозғалыссыз қалуға қабілетсіздігімен сипатталатын, акатизиялар дамуы мүмкін. Емдеудің алғашқы аптасында пайда болады. Осындай пациенттерге дозасын арттыру жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін. Анамнезінде маниялар және/немесе гипоманиялары бар пациенттерге, анамнезінде тырысулары бар науқастарға, көзішілік қысымның жоғарылауы немесе жабық бұрышты глаукома қаупі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Тұрақсыз эпилепсиясы бар науқастарға тағайындауды болдырмау. Гипонатриемия дамуы мүмкін, қандағы глюкоза деңгейінің бақылауы бұзылуы мүмкін. Егде жастағы, сонымен қатар қан кетулері және анамнезінде осыған алып келетін жағдайлары бар немесе тромбоциттер қызметіне әсер ететін препараттарды немесе қан кетулер қаупін арттыратын препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге сақтықпен қолдану. Ұйқышылдық даму мүмкіндігіне байланысты, емдеуге жекелей реакция анықталғанша автокөлік немесе қауіптілігі жоғары басқа да механизмдерді басқаруда сақ болу керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Моноаминооксидаза тежегіштері - сананың шатасуы, қозу, АІЖ бұзылыстары, гипертермия, тырысулар, гипертониялық криздер, серотониндік синдром, өлім. Бір мезгелді қолдану қарсы көрсетілген, МАО тежегіштерімен емдеу курсынан кейін 14-күндік аралықта үзіліс жасау керек. Рамелтеон - рамелтеон концентрациясының айтарлықтай жоғарылауы, мөлшерден тыс дозалану қаупі бар. Терапевтикалық индексі тар препараттар (теофиллин, карбамазепин, циклоспорин және т.б.) - берілген топ препараттарының қандағы концентрацияларының және олардың уыттылығының жоғарылауы.  Трициклдік антидепрессанттар, нейролептиктер - берілген топ препараттарының қандағы концентрацияларының және олардың уыттылығының жоғарылауы. Бензодиазепиндер - олардың концентрацияларының жоғарылауы, бензодиазепиндер дозасын төмендету ұсынылады.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Емдеуді төмен дозадан, дәрігер бақылауымен бастау керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Емдеуді төмен дозадан, дәрігер бақылауымен бастау керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: ашушаңдық, үрейлену, қозу, ұйқысыздық немесе ұйқышылдық, тремор, бас айналуы, бас ауыруы, жүрек қағысы, тахикардия, ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, іштің қатуы, диарея, диспепсия, анорексия, астения, әлсіздік, тершеңдік.Жиі емес: галлюцинациялар, сананың шатасуы, агрессия, атаксия, экстрапирамидалық бұзылыстар, постуральді (ортостатикалық) гипотензия, артралгия, миалгия, эякуляция баяулауы, жоғары сезімталдықтың терілік реакциялары (соның ішінде, қышыну, ангионевротикалық ісіну).Сирек: мания, тырысулар, бауыр қызметінің бұзылыстары (бауырлық трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы), галакторея, фотосенсибилизация реакциялары.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

ОКБ бар науқастарды қоспағанда, 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындамау. 8 жастан асқан балалар: бастапқы доза 25 мг/тәу бір қабылдауға, ұйықтар алдында қабылдау ұсынылады. Дозасын тиімді тәуліктік дозаға жеткенше әр 4-7 күн сайын 25 мг жоғарылату керек. Әдеттегі тиімді доза тәулігіне 50 мг-нан 200 мг-ға дейінгі дозаны құрайды, жоғары доза тәулігіне 200 мг аспауы тиіс. ОКБ кезінде 8 жасқа дейінгі балаларға және депрессия кезінде балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді