N06AB06 Сертралин¹ (Sertraline)

Қолдану көрсеткіштері

Депрессия; обсессивті-компульсивті бұзылыстар; үрейлі бұзылыстар; әлеуметтік қорқыныштар; жарақаттан кейінгі күйзеліс тудыратын бұзылыстар.
    Клинические протоколы:
  1. Болезнь Помпе
  2. Аутизм
  3. Депрессии без психотических симптомов
  4. Депрессии с психотическими симптомами
  5. Детский тип шизофрении
  6. Личностные расстройства (психопатии)
  7. Невротические, связанные со стрессом, соматоформные расстройства
  8. Обсессивно-компульсивное расстройство
  9. Органические психозы
  10. Острые психозы
  11. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением галлюциногенов (для взрослых)
  12. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением других стимуляторов (для взрослых)
  13. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением летучих растворителей (для взрослых)
  14. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением седативных и снотворных средств (для взрослых)
  15. Психические расстройства, связанные с физиологическими нарушениями
  16. Расстройства поведения у детей и подростков
  17. Расстройства психические и поведенческие, вызванные употреблением новых психоактивных веществ
  18. Расстройства психологической адаптации в детском возрасте
  19. Реакция на стресс
  20. Резидуальные психотические расстройства
  21. Сенильный психоз
  22. Синдром Ретта
  23. Тики
  24. Тревожные расстройства
  25. Шизофрения
  26. Болезнь Паркинсона
  27. Нарушения сна (педиатрия)
  28. Прогрессирующая сосудистая лейкоэнцефалопатия. Болезнь Бинсвангера
  29. Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
  30. Функциональные гастроинтестинальные расстройства
  31. Хронический гепатит В у взрослых

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық; биполярлы бұзылыстардың маниакальді фазасы; МАО тежегіштерін қабылдау (қазіргі уақытта немесе 2 апта бұрын); пимозидпен (пимозидің тар емдік индексіне және оның QT аралығын ұзарту қабілетіне байланысты); тиоридазинмен бірге қабылдау; тұрақсыз эпилепсия.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Флуоксетинді қараңыз. Сақтықпен қолдану: бас мидың органикалық аурулары (сонымен қатар ақыл-ой дамуының кешігуі), эпилепсия, бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі, айқын дене салмағының төмендеуі.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Алкоголь - седативтік әсерді потенцирлейді.Амиодарон, дропиридол, флеканид, флуфеназин, галоперидол, пропафенон, рисперидон, саквинавир, трициклдік антидепрессанттар, соталол және QT аралығын ұзартатын басқа препараттар - қарыншалық аритмияның даму қаупі.Эпилепсияға қарсы препараттар - құрысуға дайындық табалдырығының төмендеуі.Карбамазепин, фенитоин, клозапин - концентрацияларының жоғарылау мүмкін.Кумариндік антикоагулянттар, мысалы варфарин - антикоагулянттық әсерді потенцирлеуі мүмкін.Селегилин, трамадол - орталық жүйке жүйесінің зақымдану қаупі.Литий - орталық жүйке жүйесінің зақымдануы және уытты көріністердің ұлғаюы.Моноаминооксидаза тежегіштері, мысалы фенелзин - ауыр уытты көріністердің даму қаупіне байланысты бірге тағайындауды БОЛДЫРМАУ.СЕҚҚП, аспирин, антикоагулянттар - қан кетудің даму қаупі. Тамоксифен - тамоксифеннің емдік әсерінің төмендеуі.                      Трициклдік антидепрессанттар, мысалы амитриптилин - трициклдік антидепрессанттар концентрацияларының жоғарылауы.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен пайдалану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі. Препаратты қабылдау арасындағы аралықты арттыру немесе дозаны төмендету. Бауыр қызметінің ауыр бұзылысы бар пациенттерге қабылдау ұсынылмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Флуоксетинді қараңыз. Сондай-ақ етеккір оралымының бұзылысы, эритема және панкреатит.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Обсессивті-компульсивті бұзылыстар. Ішке, ас ішуге байланыссыз, кешке немесе таңертең. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: бастапқы доза күніне 25 мг; 13 жас және одан асқан балалар: бастапқы доза - 50 мг күніне бір рет. Қажет болған жағдайда дозасын 50 мг және 1 аптадан кем емес аралықпен күніне 200 мг ең жоғарғы дозаға дейін арттыру. Тоқтату симптомдарының пайда болу қаупін төмендету үшін, дозасын кем дегенде 1-2 апта аралығында азайту керек. 18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген, обсессивті-компульсивті бұзылыстар көрсетілімінен басқа.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді