N06AA02 Имипрамин (Imipramine)

Қолдану көрсеткіштері

Депрессияның барлық түрлері (мазамен және мазасыз); түнгі энурез

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затына немесе препараттың басқа компоненттеріне, сондай-ақ құрылымдық жағынан жақын басқа трициклдік антидепрессанттарға жоғары сезімталдық;миокардтың жедел инфаркті, жақында өткізілген инфаркт миокарды,жүрек өткізгіштігінің бұзылуы,аритмия;маниакальді жағдай;жабық бұрышты глаукома;несептің іркілуі, өткір порфириялар.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты бронх демікпесінде, инсульте, глаукомада, қуық түбі безінің гипертрофиясында, ауыр іш қатуында,  жүректің ишемиялық ауруында, бауыр және/немесе бүйрек функциясының бұзылуында,, қант диабетімен (қан плазмасында глюкоза деңгейінің  өзгеруі),  феохромоцитома немесе нейробластомамен (препаратты қабылдау гипертониялық криз тудыруы мүмкін) сақтықпен тағайындау керек. Емдеу барысында анестезия кезінде аритмия мен артериялық гипертензия даму қаупі жоғары.Антидепрессанттармен ұзақ емделу кезінде тіс жегісінің жоғары жиілігі    байқалған. Соған байланысты  стоматологқа  ұдайы  қаралу  ұсынылады. Қолдану кезеңінде көлік құралдарын жүргізуге және зейінді жоғары жұмылдыруды және психимоторлық реакция жылдамдығын  талап ететін жұмыстарды орындауға тыйым салынады

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

МАO тежегіштерімен- қабылдауға болмайды, уытты әсерлер (гипертониялық криз, жоғары қызба, миоклонус-статус, қозу, еліру және кома) тудыруы мүмкін.Ішу арқылы қолданылатын контрацептивтер мен эстрогендер- антидепрессанттық әсер төмендеді және жоғары уыттылық симптомдары пайда болады. Фенотиазиндер, атропин, бипериден, паркинсонизмге қарсы және гистаминге қарсы дәрілер-  антихолинергиялық әсерді күшейтуі немесе жағымсыз әсерлердің (мысалы, салданған ішек бітелісі) пайда болуы мүмкін. Апиындар, бензодиазепиндер, барбитураттар, жалпы анестезияға арналған дәрілер, алкоголь-  әр препараттың негізгі де, сондай-ақ жағымсыз әсерлерін де күшейтуі де мүмкін.Антипсихотикалық дәрілер- қан плазмасындағы антидепрессанттардың деңгейін арттырады және сол арқылы олардың негізгі және жағымсыз әсерлерін күшейтедіГуанетидин, бетанидин, резерпин, клонидин, метилдофа- осы препараттардың антигипертензивтік әсерлері бәсеңдеуі мүмкін.Адреналин, норадреналин, изопропилнорадреналин, эфедрин, фенилэфрин- олардың жүрек-қан тамыр жүйесіне әсері күшеюі мүмкін. Ішу арқылы қолданылатын антикоагулянттар-қан кету қаупін арттырады.Диабетке қарсы дәрілер- қандағы глюкоза деңгейі өзгеруі мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі  бар пациенттерге қарсы көрсетілген

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі:  шаршау, ұйқышылдық, мазасыздық, үрейленудің күшеюі, қозу, діріл, ұйқының бұзылуы, гипоманиакальді жағдайлар, сананың шатасуы (әсіресе егде емделушілерде және Паркинсон ауруы бар емделушілерде), бағдарсыздық, жүрек функциясының қалыпты жағдайы мен ортостатикалық гипотензиясы бар емделушілерде синустық тахикардия, электрокардиограмманың клиникалық болымсыз өзгерістері (Т тісшесі мен ST сегментінің); ауыздың құрғауы, тершеңдік, іш қату, аккомодацияның бұзылуы, көру өткірлігінің төмендеуі, ыстықты сезіну немесе ыстық құйылулар, дене салмағының артуы.Сирек: парестезия, бас ауыруы, бас айналу, эпилепсиялық ұстамалар, қарашықтардың кеңеюі, глаукома, салданудың салдарынан ішек бітелісі, трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы, сарғаюсыз гепатит, аллергиялық тері реакциялары (бөртпе, есекжем), жергілікті немесе жайылған ісіну, фотосенсибилизация, қышыма, петехиялар, алопеция, эозинофильді немесе онсыз аллергиялық пневмонит, гипотензиямен жүйелік анафилактикалық реакциялар, психоз белгілерінің белсенділенуі;Кейде: жүректің айнуы, құсу, тәбеттің жоғалуы, стоматит, тілдің  өңезденуі    және іштегі жайсыздық сезімі;  несеп шығарудың қиындауы, елестеулер.Жекелеген жағдайларда: эозинофилия, лейкопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения мен пурпура, озбырлық, электроэнцефалограмманың өзгеруі, бұлшықеттердің клоникалық жиырылулары, әлсіздік, экстрапирамидалық симптомдар, атаксия, түсініксіз сөйлеу, жоғары қызба, гинекомастия, галакторея, антидиуретикалық гормон секрециясының бұзылу синдромы, гипо- немесе гипергликемия, дене салмағының төмендеуі немесе артуы, құлақтағы шуыл, жыныстық құштарлықтың төмендеуі немесе жоғарылауы  және потенцияның бұзылуы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Ішке. Түнгі энурезді емдеген кезде ұснылатын дозалар:6-8 жаста (дене салмағы 20-25 кг): тәулігіне 25 мг;9-12 жаста (дене салмағы 25-35 кг): тәулігіне 25-50 мг;12 жастан асқанда (дене салмағы 35 кг-нан көбірек): тәулігіне 50-75 мг.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді