A10BK03 Эмпаглифлозин (Empagliflozin)
Қолдану көрсеткіштері
Жеткіліксіз бақыланатын 2 типті қант диабеті бар ересек пациенттерге диетаға және физикалық жаттығуларға қосымша ретінде көрсетілген; метформин көтере алмаушылығы кезінде монотерапия ретінде; 2 типті қант диабетін емдеуге арналған басқа препараттарға қосымша.
Симптоматикалық созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген.
-
Клинические протоколы:
- Сахарный диабет 2 типа
- Хроническая сердечная недостаточность
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың кез-келген компонентіне аса жоғары сезімталдық; І типті қант диабеті; диабеттік кетоацидоз; сирек тұқым қуалайтын аурулар (лактоза тапшылығы, лактозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы).
Қауіпсіздік шаралары
Дозаны өткізіп алғанда, пациент бұл жөнінде еске түсірген бойда препаратты қабылдау керек. Бір күнде препараттың екі еселенген дозасын қабылдауға болмайды. Келесі пациенттерге қолдануда сақтық таныту керек: 75 жастан асқан - дегитратация туындау қаупіне байланысты; бүйрек қызметінің бұзылыстары бар - бүйрек қызметіне бағалау жүргізу керек: препаратты қабылдағанға дейін және ең кемінде жылына 1 рет; бүйрек қызметін төмендететін ілеспелі терапияны бастағанға дейін және кейін жүйелі; несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларымен (пиелонефритпен немесе уросепсиспен); жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге. Жанама әсерлер, әсіресе, гипогликемия туындағанда автокөлік және қауіптілігі жоғары механизмдерді басқарғанда сақтық таныту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Сульфонилмочевина туындылары немесе инсулин - гипогликемия даму қаупі.Гатифлоксацин - гипо-, және де гипергликемияның дамуы мүмкін.Диуретиктер - диуретикалық әсердің күшеюі, сусыздану қаупі және гипотензия.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
ШСЖ 60 мл/мин/1,73 м2 төмен немесе креатинин клиренсі 60 мл/мин төмен, сондай-ақ диализде жүрген пациенттерге - қолдану ұсынылмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ауырлығы орташа немесе жеңіл деңгейдегі бауыр қызметінің бұзылыстары бар пациенттерге дозасын түзету талап етілмейді. Ауыр жағдайларда - қабылдау ұсынылмайды.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: гипогликемия (сульфонилмочевина туындыларымен немесе инсулинмен бірге қолданған кезде).Жиі: қынаптық кандидоз, вульвовагинит, баланит және басқа генитальді инфекциялар, несеп шығару жолдарының инфекциялары; қышыну; несеп шығарудың жиілеуі.Жиі емес: айналымдағы сұйықтық көлемінің азаюы; дизурия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
2 типті қант диабеті
Ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне бір рет монотерапия және қант диабетін емдеуге арналған басқа дәрілік препараттармен үйлесімде қосымша біріктірілген ем кезінде 10 мг эмпаглифлозинді (10 мг дозалы 1 таблетка) құрайды.
Күніне 10 мг және еШСЖ ≥60 мл/мин/1,73 м2 дозасында эмпаглифлозинге төзімділігі жақсы пациенттер үшін, егер қатаң гликемиялық бақылау қажет болса, доза тәулігіне бір рет 25 мг (25 мг дозалы 1 таблетка) дейін ұлғайтылуы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік доза 25 мг құрайды.
Жүрек жеткіліксіздігі (2 типті қант диабетімен немесе онсыз)
Ұсынылатын тәуліктік доза еШСЖ≥20 мл/мин/1,73 м2 пациенттер үшін 10 мг эмпаглифлозинді құрайды. Препарат еШСЖ 20 мл/мин / 1,73 м 2 төмен пациенттерге ұсынылмайды.
2 типті қант диабетімен ауыратын немесе онсыз пациенттерде жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін 10 мг эмпаглифлозинді еШСЖ 20 мл/мин/1,73 м² деңгейіне дейін немесе креатинин клиренсі 20 мл/мин қабылдауды бастауға немесе жалғастыруға болады.
Созылмалы бүйрек ауруының (СБА) терминалдық сатысы бар пациенттерге немесе диализдегі пациенттерге эмпаглифлозин қабылдауға болмайды. Мұндай пациенттерде эмпаглифлозинді қолдану жөнінде жеткілікті деректер жоқ.
Балаларда қолданылуы
Балалар мен жасөспірімдерде эмпаглифлозинді қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Деректер жоқ.