N05AX15 Карипразин (Cariprazine)
Қолдану көрсеткіштері
Шизофрения.
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың әсер етуші затына немесе қандай да болсын қосымша компонентіне аса жоғары сезімталдық; CYP3A4 изоферментінің күшті немесе орташа тежегіштерін бір мезгілде қабылдау.
Қауіпсіздік шаралары
Препаратты қабылдау басталғаннан кейін және дозаны әрбір өзгерткеннен кейін бірнеше апта ішінде пациенттердің емге жағымсыз реакциялары мен жауаптарын бақылау қажет.Суицид қаупі жоғары пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс.Акатизия симптомдары байқалған немесе оған бейімділігі бар, анамнезінде құрысулары бар немесе тырысуға дайындық шегінің төмендеуімен қатар жүретін аурулармен, инсульт тәуекел факторларымен, артериялық қысымның өзгеруіне бейім жүрек- қан тамырлары ауруларымен, қант диабетімен немесе қант диабетінің даму қаупінің факторлары (мысалы, семіздік, отбасылық анамнездегі диабет) бар емделушілерде сақтықпен қолдану керек .Кеш дискинезия белгілері және симптомдары пайда болғанда препарат қабылдауды тоқтатудың мақсатқа сай болуын қарастыру керек. Егде жастағы емделушілерде дозаны таңдау деректердің жеткіліксіздігіне байланысты аса сақтықпен жүргізілуі тиіс.Грейфрут шырынын қолдануға жол бермеген жөн. Емделу кезінде көлік құралдарын және басқа да қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Кетоконазол, CYP3A4 изоферментінің күшті тежегіші - қан плазмасында карипразиннің (карипразиннің және оның белсенді метаболиттерінің) жалпы экспозициясының екі есе артуын туындатты. CYP3A4 изоферментінің индукторларымен (мысалы, карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин, рифампицин, шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum), бозентан, эфавиренз, этравирин, модафинил, нафциллин) - карипразинді CYP3A4 изоферментінің күшті және орташа индукторларымен бір мезгілде қолдану қан плазмасында карипразиннің жалпы экспозициясының айқын төмендеуіне әкелуі мүмкін
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі жоқ болғандықтан ұсынылмаған.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі жоқ болғандықтан ұсынылмаған.
Жүктілік
Ұсынылмайды.
Емізу
Ұсынылмайды.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: акатизия, паркинсонизм.Жиі: дене слмағының артуы, тәбеттің төмендеуі, тәбеттің жоғарлауы, дислипидемия; ұйқының бұзылуы, үрейлену; әлсіздік, бас айналу, дистония, басқа да пирамидалық бұзылулар және қимыл-қозғалыс бұзылыстары; көздің анық көрмеуі; тахиаритмия; артериялық қысымның жоғарылауы; жүректің айнуы, іш қату, құсу; «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы; қан сарысуында креатинфосфокиназа белсенділігінің жоғарылауы;қажығыштық.Жиі емес: анемия, эозинофилия; қандағы тиреотроптық гормон концентрациясының төмендеуі; қан сарысуындағы натрий мөлшерінің бұзылуы, қан сарысуындағы глюкоза концентрациясының жоғарылауы, қант диабеті; суицидтік мінез-құлық, делирий, депрессия, либидоның төмендеуі, либидоның жоғарылауы, эректильді дисфункция; летаргия, дизестезия, дискинезия6, кеш дискинезия, вертиго;көздің тітіркенуі, көзішілік қысымның жоғарылауы, аккомодацияның бұзылуы, көру өткірлігінің нашарлауы;жүрек өткізгіштігінің бұзылулары, брадиаритмия, ЭКГ-де QT аралығының ұзаруы, ЭКГ-де T толқынының бұзылуы, артериялық қысымның төмендеуі; ықылық, шөлдеу, гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру, қанда билирубин мөлшерінің жоғарылауы; қышыну, бөртпе; дизурия, поллакиурия.Сирек: нейтропения;аса жоғары сезімталдық;гипотиреоидизм; құрысу ұстамалары/құрысулар, амнезия, афазия, фотофобия, катаракта; дисфагия; рабдомиолиз.
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген. 18 жасқа дейігі балалар мен жасөспірімдерде қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.