N05AH02 Клозапин¹ (Clozapine)
Қолдану көрсеткіштері
Шизофренияның емге резистентті түрлерін қоса, шизофренияда, сондай-ақ атипиялық антипсихотикалық дәрілерді қоса, басқа да антипсихотикалық препараттарды қабылдауда туындайтын ауыр неврологиялық жағымсыз реакцияларымен шизофрениясы бар пациенттерде, стандартты ем тиімсіз болған жағдайда Паркинсон ауруындағы психикалық бұзылыстарда.
-
Клинические протоколы:
- Аутизм
- Депрессии без психотических симптомов
- Депрессии с психотическими симптомами
- Детский тип шизофрении
- Личностные расстройства (психопатии)
- Мании без психотических симптомов
- Мании с психотическими симптомами
- Органические психозы
- Острые психозы
- Приобретенная афазия с эпилепсией (Синдром Ландау-Клеффнера)
- Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением алкоголя (для взрослых)
- Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением опиоидов
- Психические и поведенческие расстройства, вызванныеупотреблением каннабиноидов
- Психические расстройства, связанные с физиологическими нарушениями
- Расстройства поведения у детей и подростков
- Резидуальные психотические расстройства
- Сенильный психоз
- Синдром Ретта
- Шизофрения
- Болезнь Паркинсона
Қарсы көрсеткіштері
Клозапинге немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық, анамнезінде уытты немесе идиосинкратиялық гранулоцитопения/агранулоцитоз (бұрын жүргізілген химиялық емді қоспағанда), анамнезінде клозапин қабылдаудан туындаған агранулоцитоз, сүйек кемігі функциясының бұзылуы, жеткіліксіз бақыланатын эпилепсия, спазмофилия, миастения, алкоголь немесе басқа уытты заттар қабылдаудан туындаған психоздар, дәрімен уыттану, коматозды жай - күй, циркуляторлық коллапс немесе басқа себептерден туындаған ОЖЖ депрессиясы, жүректің ауыр аурулары (миокардит), жүрек айнуы, анорексия, ішектің салданып бітелуі, агранулоцитоз дамуын туындатуы мүмкін препараттармен бір мезгілде тағайындау, қуық асты безі гипертрофиясы, галактозаны көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы, қан талдауын ұдайы жүргізу мүмкіндігі жоқ пациенттер.
Қауіпсіздік шаралары
Клозапинді қолдану агранулоцитоздың дамуын туындатуы мүмкін. Клозапинмен емдеуді бастар алдында пациентке қан талдауын жасау және анамнез жинау, сондай - ақ физикальді тексеру керек. Клозапинді қолдану лейкоциттердің мөлшері төмендеуі нәтижесінде тоқтатылған пациенттерге препаратты қайта тағайындауға болмайды. Препарат құрамында лактоза моногидраты бар. Галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығының тұқым қуалайтын сирек жағдайлары немесе глюкоза - галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс. Клозапинді қабылдау эозинофилия, тромбоцитопения, жүрек - қантамыр жүйесі тарапынан бұзылыстар, миокард инфарктісі, QT аралығының ұзаруы, цереброваскулярлық жағымсыз құбылыстар, тромбоэмболия, құрысулар дамуымен байланысты болғандықтан, иммобилизациялы пациенттерге қолданбау. Қызбаның көтерілуі, метоболиттік бұзылыстар, гипергликемия, дислипидемия, дене салмағының ұлғаюы, рикошетті симптомдар және тоқтату симптомдары, 60 жастағы және одан үлкен пациенттер, деменциясы бар егде жастағы пациенттер препаратты қабылдамауы тиіс немесе сақтықпен қолдануы керек.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Депо - нейролептиктер - сүйек кемігі қызметіне бәсеңдеткіш әсер етеді.Бензодиазепиндер және басқа психотропты заттар - тамырлық коллапстың даму қаупі жоғарылайды, сирек жағдайда ауыр болуы және жүректің және/немесе тыныс алудың тоқтауына әкелуі мүмкін.Антихолинергиялық, гипотензивті және тыныс алуды бәсеңдететін заттар - аддитивтік әсер беруі мүмкін.Анти - альфа - адренергиялық препараттар - гипертензиялық әсерін төмендетеді.CYP 1A2 индукциялайтын заттар (омепразол) - клозапиннің деңгейін төмендетуі мүмкін.Литий - қатерлі нейролептикалық синдромның (ҚНС) даму қаупін ұлғайтуы мүмкін.Варфарин және дигоксин - қан плазмасындағы ақуыздармен байланысу орнынан ығыстырып шығарады.Фенитоин - қан плазмасында клозапин концентрациясының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Психозға қарсы заттар - QTc аралығын ұлғайтады немесе электролиттік дисбаланс дамуына алып келеді.CYP 1A2 бәсеңдететін заттар (мысалы, флувоксамин, кофеин, ципрофлоксацин, перазин немесе гормондық ұрықтануға қарсы дәрілер (CYP 1A2, CYP 3A4, CYP 2C19)) - клозапин деңгейлерін арттыруы мүмкін.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Сақтықпен қолдану. Ем қабылдау барысында баланы емізбеуі керек.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: ұйқышылдық/седативтік әсер, бас айналуы, тахикардия, іш қатуы, гиперсаливация.Жиі: лейкопения, нейтропения, эозинофилия, лейкоцитоз, дене салмағының артуы, дизартрия, бас ауыруы, тремор, сіресу, акатизия, экстрапирамидтік симптомдар, эпилепсиялық ұстамалар, құрысулар, миоклониялық тартылу, көрудің бұлыңғырлығы, ЭКГ өзгерістер, гипертензия, постуральді гипотензия, естен тану, жүрек айнуы, құсу, ауыз құрғауы, бауыр ферменттерінің деңгейі артуы, несеп ұстамауы, несеп іркілісі, қажығыштық, қатерсіз гипертермия, тер бөлінуінің бұзылуы /термореттеу.Сирек: анемия, глюкозаға төзімділік бұзылуы, диабетпен науқастарда жай-күйдің нашарлауы, алғаш білінген диабет, мазасыздық, қозу, сананың шатасуы, делирий, жүрек- қантамыр жеткіліксіздігі, аритмия, миокардит, перикардит, тромбоэмболия, өлімге алып келуі мүмкін тамақпен аспирациялану (тыныс жолдарына түсіп кетуі), төменгі тыныс жолдарының пневмониясы және инфекциялары, дисфагия, холестаздық сарғаю, панкреатит, гепатит, креатинфосфокиназа артуы.Өте сирек: тромбоцитопения, тромбоцитемия, кетоацидоз, гиперосмолярлық кома, жедел гипергликемия, гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, кешеуілдеген дискинезия, обсессивті - компульсивті симптомдар, кардиомиопатия, тыныс тарылуы/ тоқтауы, ішек парезі/ бітелуі/ іш қатуы, құлақ маңы безі ұлғаюы, бауырдың шұғыл некрозы, тері реакциялары, интерстиальді нефрит, приапизм, кенеттен түсініксіз өлім.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
16 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.