N05AA02 Левомепромазин¹ (Levomepromazine)

Қолдану көрсеткіштері

Айқын білінетін үрейленумен және психомоторлық қозумен жүретін жедел психоздар: шизофренияның жедел ұстамасы; басқа да жедел психоздық жағдайлар. Созылмалы  психоздарды адъювантты емдеу: созылмалы  шизофрения; елестеулермен созылмалы психоздар. Паллиативтік көмек кезіндегі ауырсыну, мазасыздық, жүрек айну және құсу.
    Клинические протоколы:
  1. Аутизм
  2. Детский тип шизофрении
  3. Личностные расстройства (психопатии)
  4. Мании без психотических симптомов
  5. Мании с психотическими симптомами
  6. Органические психозы
  7. Острые психозы
  8. Психические и поведенческие расстройства вызванные употреблением каннабиноидов у несовершеннолетних (7-18 лет)
  9. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением алкоголя (для взрослых)
  10. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением алкоголя у несовершеннолетних (7-18 лет)
  11. Психические расстройства, связанные с физиологическими нарушениями
  12. Расстройства поведения у детей и подростков
  13. Резидуальные психотические расстройства
  14. Сенильный психоз
  15. Синдром Ретта
  16. Шизофрения
  17. Ликворея
  18. Опухоли основания черепа (хирургическое лечение)

Қарсы көрсеткіштері

Фенотиазиндерге және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық; гипертензияға қарсы дәрілерді бір мезгілде қабылдау; моноаминооксидаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау; орталық жүйке жүйесінің тежелуін туғызатын препараттарды (алкоголь, жалпы анестетиктер, ұйықтататын дәрілер) бір мезгілде қабылдау; жабық бұрышты глаукома; несеп шығарудың іркілуі; Паркинсон ауруы; жайылған склероз; миастения, гемиплегия; ауыр кардиомиопатия (қан айналымының жеткіліксіздігі); айқын артериялық гипотензия; қан түзу ағзаларының аурулары; порфирия.

Қауіпсіздік шаралары

Левомепромазинді инсульт даму қаупі факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Анамнезінде жүрек-қантамыр аурулары бар, әсіресе егде жастағы, сондай-ақ іркілген жүрек жеткіліксіздігі, өткізгіштіктің бұзылулары, аритмиясы, QT аралығы ұзаруының іштен туа біткен синдромы немесе қан айналымы жүйесінің тұрақсыз жағдайы бар пациенттерді емдеуде сақ болу ұсынылады. Тырыспасы бар пациенттерге тұрақты түрде клиникалық көрсеткіштер мен ЭЭГ-ні бақылау қажет. Емдеу кезінде және препарат әсерлері жойылғанға дейін препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін 4-5 күн ішінде алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынады. Препаратты бірден тоқтатқанда жедел доғару симптомдары дамуы мүмкін, мысалы психоздық симптомдардың қайталануы, мазасыздық, үрейлену симптомдарының артуы, ұйқысыздық, жүректің айнуы, құсу, бас ауыру, дірілдеу, тершеңдік, ырғақтың жиілеуі. Галактозаны көтереалмаушылық, Lapp-лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Гипертензияға қарсы препараттар - айқын артериялық гипотензия қаупі. Моноаминооксидаза тежегіштері - левомепромазин әсерінің ұзақтығы және оның жағымсыз әсерлері ауырлығының артуы.Антихолинергиялық препараттар (үшциклдық антидепрессанттар, Н1- гистаминге қарсы препараттар, паркинсонға қарсы кейбір препараттар, атропин, скополамин, сукцинилхолин) - антихолинергиялық әсердің (ішектің салданған бітелуі, несептің іркілуі, глаукома) артуы.Орталық жүйке жүйесін тежейтін заттар (есірткілік анальгетиктер, жалпы анестезиялық заттар, анксиолитиктер, тыныштандырғыш және ұйықтататын заттар, транквилизаторлар, үшциклдық антидепрессанттар) - препараттың орталық жүйке жүйесіне әсерін күшейтеді.Орталық жүйке жүйесін ынталандыратын заттар (мысалы, амфетамин туындылары) - психиканы ынталандыратын әсерін төмендетеді.Леводопа - осы препараттың әсерін әлсіретеді.Диабетке қарсы пероральді препараттар - олардың тиімділігі төмендейді (гипергликемия басталуы мүмкін). QT аралығын ұзартатын заттар (аритмияға қарсы кейбір препараттар, макролидтік антибиотиктер, зеңге қарсы кейбір азолдар, цизаприд, кейбір антидепрессанттар, кейбір гистаминге қарсы препараттар, сондай-ақ калий деңгейін төмендететін диуретиктердің тікелей емес әсері) - бұл әсерлер қосылуы және аритмия қаупін арттыруы мүмкін.Дилевалол, басқа бета-блокаторлар - бір- бірінің әсерін күшейтеді.Этанол - орталық жүйке жүйесінің тежелген әсерін күшейтеді және экстрапирамидалық жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігін арттырады.С дәрумені - дәруменнің тапшылығын төмендетеді.Адреналин (эпинефрин) - артық дозаланған кезде қолдануға болмайды.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстары кезінде қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстары кезінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялардың жиілігі белгісіз.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 12 жасқа дейінгі балаларда препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ.