A10BK01 Дапаглифлозин (Dapagliflozin)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектердегі 2 типті қант диабетінде гликемия бақылануын жақсарту үшін келесілер ретінде: монотерапияда, біріктіріп емдеуде.Клиникалық хаттама:   1. 2 типті қант диабеті
    Клинические протоколы:
  1. Сахарный диабет 2 типа

Қарсы көрсеткіштері

Ересектердегі 2 типті қант диабетінде гликемия бақылануын жақсарту үшін келесілер ретінде: монотерапияда, біріктіріп емдеуде.

Қауіпсіздік шаралары

Келесі жағдайларда сақтықпен қолдану керек: жүрек-қантамыр аурулары (гипотония қаупі); электролиттік баланстың бұзылуы; гипотония; гематокрит жоғарылауы; егде жастағы адамдар (гипотония қаупі); пиелонефритті немесе уросепсисті емдеуде дапаглифлозинмен емдеуді уақытша тоқтата тұру мүмкіндігін қарастыру керек;дапаглифлозин пиоглитазонды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттердің пайдалануы үшін ұсынылмайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Деуретиктер (тиазидтік және ілмектік диуретиктер) - сусыздану мен гипотензия қаупін арттыруы мүмкін.Инсулин және инсулин секрециясының стимуляторлары (мысалы сульфонилмочевина,акарбоза және т.б)- гипогликемияны туғызады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Егер клиренс креатині 60 мл/ мин кем болса қабылдауға болмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының орташа немесе ауыр бұзылуы бар емделушілерге сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: гипогликемия (сульфонилмочевина туындысымен немесе инсулинмен біріктіріп қолданғанда);Жиі: вульвовагинит, баланит және жыныс мүшелерінің соған ұқсас инфекциялары (вульвовагиналық зең инфекциясы, қынап инфекциясы, баланит, жыныс мүшелерінің зеңдік инфекциясы, вульвовагиналық кандидоз, вульвовагинит, кандидоздық баланит, гениталий кандидозы; жыныс мүшелерінің инфекциясы, ерлердегі жыныс мүшелерінің инфекциясы, жыныс мүшесінің инфекциясы, вульвит, бактериялық вагинит, вульва абсцесі); несеп шығару жолдарының инфекциясы (несеп шығару жолдарының инфекциялары, цистит, несеп шығару жолдарының Escherichia-дан туындаған инфекциялары, несеп-жыныс жолының инфекциялары, пиелонефрит, тригонит, уретрит, бүйрек инфекциялары және простатит); бас айналуы; бөртпе; арқаның ауыруы; дизурия, полиурия (поллакиурия, полиурия және диурездің күшеюі); дислипидемия; бүйректік креатинин клиренсінің төмендеуі; гематокрит мәнінің жоғарылауы;Жиі емес: зеңдік инфекция; айналымдағы қан көлемінің азаюы (сусыздану, гиповолемия, артериялық гипотензия), шөлдеу; іш қатуы, ауыздың құрғауы; никтурия, бүйрек функциясының бұзылуы; вульвовагинальді қышыну, гениталий қышынуы; қандағы креатинин концентрациясының жоғарылауы, қандағы мочевина концентрациясының жоғарылауы; салмақ азаюыСирек: диабеттік кетоацидоз.

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.