N04BB01 Амантадин (Amantadine)
Қолдану көрсеткіштері
Паркинсон ауруында (бұлшық ет белсенділігі, тремор, гипо - немесе акинезия); нейролептиктер немесе басқа да препараттар қабылдағаннан кейін болған экстрапирамидалық бұзылыстар; белдемелі герпестегі невралгияда.Клиникалық хаттама: 1. Паркинсон ауруы
-
Клинические протоколы:
- Болезнь Паркинсона
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді затына немесе қандайда бір қосымша затына жоғары сезімталдық; жүректің іркілген ауыр жеткіліксіздігі (Нью-Йорк Кардиологиялық Ассоциациясының шкаласы бойынша ІV класс), кардиомиопатия, миокардит, ІІ және ІІІ дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, жүректің жиырылу жиілігі минутына 55 реттен кем болатын брадикардия, QТ аралығы 420 мс-дан астамға ұзарғанда, қарыншалық аритмия (оның ішінде қарыншалардың дірілдеуі); қанда калий немесе магний мөлшерінің азаюы; QT аралығын ұзартатын препараттармен бір мезгілде қабылдау; тұқым куалатын галоктозаның жетіспеушілігі, лактазалық дефицит, глюкоза-галактозды мальабсорбция, фенилкетонурия, қантты-изомальтозды жетіспеушілік, тұқым куалатын фруктозаның жетіспеушілігі.
Қауіпсіздік шаралары
Қуықасты безінің гиперплазиясында, тарбұрышты глаукомада, бүйрек қызметінің ауырлығы әртүрлі дәрежедегі жеткіліксіздігінде (препараттың жиналып қалу қаупі бар), ажитацияда, делирийде, орталық жүйке жүйесі бәсеңдеуінде, экзогенді психозда (оның ішінде сыртартқысында) сақтықпен қолдану керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Аритмияға қарсы ІА класына жататын (мысалы, кинидин, дизопирамид, прокаинамид) және ІІІ класқа жататын кейбір препараттар (мысалы, амиодарон және соталол); кейбір антипсихотикалық препараттар (мысалы, тиоридазин, хлорпромазин, пимозид); кейбір үшциклді және тетрациклді антидепрессанттар (мысалы, амитриптилин); кейбір антигистаминдік препараттар (мысалы, астемиозол, терфенадин); кейбір макролидтік антибиотиктер (мысалы, эритромицин, кларитромицин)- QT аралығын ұзартады.Триамтерен және гидрохлортиазид амантадиннің плазмадағы концентрациясының артырады. Антихолинергиялық дәрілер, симпатомиметиктер және паркинсонға қарсы препараттар (Леводопа, Бромокриптин, Мемантин, Тригексифенидил) жағымсыз әсерлерін күшейтеді.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Клиренс кретині 35 мл-ден төмен болса препаратты қабылдамау керек.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану керек.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: үрейлену, ашушаңдық, көру елестеулері, психомоторлы қозу:бас айналу, бас ауыру, көру өткірлігінің бұзылуы, ұйқысыздық, сирақ пен тобықтың ісінуімен бірге мәрмәр тері синдромы, жүрек айнуы, құсу, ауыз ішінің құрғауы, тәбеттің төмендеуі, диспепсия, қуықасты безінің аденомасымен науқастарда несептің кідіруі;Өте сирек: эпилепсиялық ұстамалар, шеткері нейропатия, көздің уақытша көрмей қалуы, аритмия, тахикардия, қарыншалар фибрилляциясы, QТ аралығының ұзаруы, жүрек жеткіліксіздігінің дамуы немесе өршуі, ортостатикалық гипотензия, терінің аллергиялық реакциялары, дерматоз, фотосенсибилизация, полиурия, никтурия.
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген.