A10BJ05 Дулаглутид (Dulaglutide)

Қолдану көрсеткіштері

2 типті қант диабетінде гликемиялық бақылауды жақсарту үшін диетаға және дене жаттығуларына қосымша ретінде.2 типті қант диабетінде метформинді қолдануға болмайтын жағдайдағы монотерапия ретінде; Инсулинмен немесе басқа да диабетке қарсы препараттармен бірге 2 типті қант диабеті (егер жүргізілген емдеу жеткілікті гликемиялық бақылауға жетуге мүмкіндік бермесе).Клиникалық хаттама:   1.  2 типті қант диабеті
    Клинические протоколы:
  1. Сахарный диабет 2 типа

Қарсы көрсеткіштері

Жеке немесе отбасылық анамнезіндегі қалқанша безінің медуллярлық обыры; 2 типті көптеген эндокринді неоплазиялық синдромы бар пациенттер; дулаглутидке немесе кез келген қосымша компоненттеріне асқын сезімталдық.Асқазан-ішек жолының ауыр аурулары.

Қауіпсіздік шаралары

Дулаглутидті қабылдауды бастағаннан кейін тұрақты іштің қатты ауыруын қоса, панкреатит симптомдары мен белгілерінің пайда болуына пациенттерді мұқият бақылау керек. Панкреатитке күдіктенгенде препаратты қабылдауды дереу тоқтату керек. Анамнезінде ГПП-1 рецепторларының басқа агонистеріне анафилаксиялық реакция жағдайлары болған пациенттерде сақ болу қажет. АІЖ ауыр аурулары бар пациенттерге препаратты қолдану ұсынылмайды.Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа диабетке қарсы препараттар - гипогликемия қаупін арттырады.Метопролол - метопрололдың емдік әсерін арттырады.Этинилэстрадиол, норгестимат - сіңірілуді кешіктіреді.Пероральді препараттар - дулаглутидпен бір мезгілде қабылдағанда олардың сіңірілуінің бұзылуы, себебі ішектің босатылуы баяулайды.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: расталған симптоматикалық гипогликемия (басқа гипогликемиялық препараттармен біріктіріп қолданғанда), жүрек айну, диарея, құсу.Жиі: расталған симптоматикалық гипогликемия (метформинмен, метформин және пиоглитазонмен бірге қолданғанда), ауыр гипогликемия (прандиальді инсулинмен бірге қолданғанда), іштің ауыруы, тәбеттің төмендеуі, диспепсия, қажу, іштің қатуы, метеоризм, іштің кебуі, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, кекіру, синустық тахикардия, тұрақты синустық тахикардия, бірінші дәрежедегі атриовентрикулярлы блокада, PR аралығының ұзаруы.Жиі емес: ауыр гипогликемия (инсулин гларгинмен және метформинмен, сульфонилмочевина препараттарымен бірге қолданғанда), дулаглутидке антидене, енгізген жердегі реакциялар, аса жоғары сезімталдықтың жүйелі реакциялары (ауыр есекжем, жүйелі бөртпе, беттің ісінуі, еріннің ісінуі), панкреатит.Жиілігі белгісіз: амилаза және липаза деңгейінің жоғарылауы, қалқанша бездің С-жасушалы ісіктерінің даму қаупі, бүйрек жеткіліксіздігі, анафилаксиялық реакция.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Қолдануға болмайды, пациенттердің осы санатында қолдану туралы деректер жоқ.