N03AX09 Ламотриджин¹ (Lamotrigine)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер және 13 жастан асқан жасөспірімдердегі эпилепсия; тонусты-клонустық құрысуларды қоса парциальді құрысуларды немесе жайылған құрысуларды емдеу үшін біріктірілген ем құрамында немесе монотерапия ретінде; Леннокс-Гасто синдромымен астасқан құрысуларда.Ламотриджин Ленокс-Гасто синдромын емдеу үшін біріктірілген ем құрамында, сондай-ақ тырыспаға қарсы (AED) бастама препарат ретінде қолданылуы мүмкін.2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға: Леннокс-Гасто синдромымен астасқан, тонусты-клонустық құрысуларды қоса парциальді құрысуларды және жайылған құрысуларды қосымша емдеу үшін; типтік құрысу ұстамалары монотерапиясында; биполярлы бұзылыста.
    Клинические протоколы:
  1. Заболевания белого вещества головного мозга
  2. Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  3. Второй этап "Реабилитация II А". Профиль "Неврология и нейрохирургия" (дети)
  4. Второй этап "Реабилитация II Б". Профиль "Неврология и нейрохирургия" (дети)
  5. Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  6. Повторная реабилитация. Профиль "Неврология и нейрохирургия" (дети)
  7. Третий этап "Амбулаторная реабилитация II". Профиль "Неврология и нейрохирургия" (дети)
  8. Болезнь Ниманна-Пика
  9. Болезнь Фабри
  10. Аутизм
  11. Депрессии без психотических симптомов
  12. Депрессии с психотическими симптомами
  13. Детский тип шизофрении
  14. Личностные расстройства (психопатии)
  15. Мании без психотических симптомов
  16. Мании с психотическими симптомами
  17. Невротические, связанные со стрессом, соматоформные расстройства
  18. Непсихотические нарушения вследствие повреждения головного мозга
  19. Обсессивно-компульсивное расстройство
  20. Органические психозы
  21. Шизофрения
  22. Приобретенная афазия с эпилепсией (Синдром Ландау-Клеффнера)
  23. Психические расстройства, связанные с физиологическими нарушениями
  24. Расстройства поведения у детей и подростков
  25. Расстройства психологической адаптации в детском возрасте
  26. Реакция на стресс
  27. Резидуальные психотические расстройства
  28. Сенильный психоз
  29. Синдром Ретта
  30. Тревожные расстройства
  31. Умственная отсталость
  32. Эпилепсия у детей и взрослых
  33. Церебральный венозный тромбоз
  34. Эпилепсия у детей

Қарсы көрсеткіштері

Ламотриджинге немесе препараттың басқа қосылыстарына жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Ламотриджинді тағайындаған кезде басқа ЭҚП қабылдауға аллергиялық реакциялары бар пациенттерге сақтық танытқан жөн. Егер емдеу бөртпенің даму себебінен тоқтатылса, қабылдаудың болжамды пайдасы ықтимал қаупінен басым болмаса, препаратты қабылдау қайта жаңғыртылмауы тиіс. Егер қабылдау асептикалық менингиттің дамуы себебінен тоқтатылса, ламотриджинді қайталап тағайындау кезінде, препаратты қайтадан қолдану ұсынылмайды. Анамнезінде суицидтік әрекеттері бар немесе өзін- өзі өлтіру жөнінде ойлары бар пациенттер, сонымен қатар жас пациенттер емдеудің барлық курсы ішінде дәрігердің мұқият бақылауында болуы тиіс. Құрамына ламотриджин кіретін басқа препараттармен ем қабылдап жүрген пациенттер, препаратты дәрігердің кеңесінсіз қолданбауы керек. Емделу кезеңінде зейінділікті және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіптілігі жоғары қызмет түрлерімен айналысуды тоқтата тұру қажет. 

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Вальпроат - ламотриджин метоболизмін төмендетеді және жартылай шығарылудың орта кезеңін шамамен екі есеге арттырады. Парацетамол және эпилепсияға қарсы препараттар (фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, пиримидон) - ламотриджин метаболизмін жылдамдатады және оның жартылай шығарылу кезеңін 2 есеге қысқартады. Карбамазепинмен емдеуге ламотриджинді қосқанда карбамазепин дозасын төмендеткен кезде жоғалатын бас айналу, атаксиялар, диплопиялар, көрудің жіті болмауы және жүрек айнуы дамуы мүмкін. Рисперидон - ұйқышылдық шақыруы мүмкін. Рифампицин - ламотриджин клиренсін арттырады және оның жартылай шығарылу кезеңін төмендетеді (ламотриджинді дозалаудың бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттармен біріктірілімі үшін көрсетілген режимі ұсынылады). Лопинавир/ритонавир - ламотриджиннің плазмалық концентрациялары екі есе төмендейді (ламотриджинді дозалаудың бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттармен біріктірілімі үшін көрсетілген режимі ұсынылады). Ламотриджинді бүйрек арқылы OCT2 механизмі бойынша шығарылатын дәрілік заттармен (мысалы, метформин, габапентин және варениклин)- қан плазмасында осы дәрілік заттардың концентрацияларының артуына әкелуі мүмкін. Дәрілермен өзара әрекеттесуіне зерттеу тек ересектерге жүргізілді. Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Глюкуронид метаболиттерінің кумуляциясы мүмкін болғандықтан сақтықпен қолдану керек. Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде бастапқы доза эпилепсияға қарсы препараттарды тағайындаудың стандартты сызбасына сәйкес белгіленеді. Ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысында демеуші дозаны төмендету ұсынылады.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың 75% - ауыр (Чайлд-Пью классификациясы бойынша С деңгейі) және орта (Чайлд-Пью классификациясы бойынша В деңгейі) деңгейіндегі жеткіліксіздігі бар пациенттерге бастапқы, ұлғайту және демеуші дозаны шамамен 50% азайту керек. Пациенттің жеке клиникалық жауабына байланысты ұлғайтатын және демеуші дозаны түзету қажет.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген. Ұрыққа тератогенді әсер ету қаупі бар. Вальпроатпен біріктіру кезінде қауіптің айтарлықтай ұлғаюы.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: тері бөртпесі, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, ұйқышылдық, бас айналуы, атаксия, диплопия, көрудің бұлыңғырлануы.Жиі: озбырлық, ашушаңдық, ұйқышылдық, бас айналуы, ұйқысыздық, тремор, қозу, нистагм, диарея, ауыздың құрғауы, шаршау, әлсіздік, артралгия, арқаның ауыруы.Жиі емес: алопеция.Сирек: Стивенс-Джонсон синдромы, асептикалық менингит, конъюнктивит.Өте сирек: уытты эпидермальді некролиз (Лайел синдромы), нейтропения, лейкопения, анемия, тромбоцитопения, панцитопения, апластикалық анемия, агранулоцитоз, лимфоаденопатия, қозу, жүріс-тұрыс мәнерінің өзгеруі, Паркинсон ауруы барысында жағдайдың нашарлауы, экстрапирамидалық бұзылыстар, хореоатетоз, құрысу ұстамасы жиілігінің жиілеуі, галлюцинация, абыржу, түнгі қорқынышты түс көрулер, қызыл жегілік синдром, бауыр сынамасы көрсеткіштерінің жоғарылауы, бауыр қызметінің бұзылуы, асқын сезімталдық синдромы (қызба, лимфаденопатия, беттің ісінуі, гематологиялық бұзылыстар, бауырдың зақымдануы, ДВС-синдромы, полиағзалық жеткіліксіздік). Гемофагоцитарлы лимфогистиоцитоз тудыруы мүмкін- иммундық жүйенің шамадан тыс белсендіруімен көрінетін сирек кездесетін, бірақ ауыр жағымсыз реакция.  Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

2 жасқа дейін балаларға қарсы көрсетілген. Препараттың дозасы баланың дене кг салмағына қарай есептеледі.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.