N03AF01 Карбамазепин¹ (Carbamazepine)

Қолдану көрсеткіштері

Эпилепсия: қарапайым парциальді ұстамалар (фокальді ұстамалар); күрделі парциальді ұстамалар (психомоторлы ұстамалар); ауқымды құрысу ұстамалары, негізінен фокальды генездегі (ұйқы кезіндегі ауқымды ұстамалар, диффуздық ауқымды ұстамалар); құрысудың аралас түрлері, үш тармақты жүйке невралгиясы, тіл-жұтқыншақ жүйкесінің идиопатиялық невралгиясы, алкогольді абстинентті синдром кезіндегі құрысу ұстамалары дамуының алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. Заболевания белого вещества головного мозга
  2. Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  3. Второй этап "Реабилитация II А". Профиль "Неврология и нейрохирургия" (дети)
  4. Второй этап "Реабилитация II Б". Профиль "Неврология и нейрохирургия" (дети)
  5. Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  6. Повторная реабилитация. Профиль "Неврология и нейрохирургия" (дети)
  7. Третий этап "Амбулаторная реабилитация II". Профиль "Неврология и нейрохирургия" (дети)
  8. Клещевой энцефалит
  9. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  10. Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  11. Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
  12. Болезнь Ниманна-Пика
  13. Болезнь Фабри
  14. Мукополисахаридозы у детей
  15. Аутизм
  16. Депрессии без психотических симптомов
  17. Депрессии с психотическими симптомами
  18. Детский тип шизофрении
  19. Личностные расстройства (психопатии)
  20. Мании без психотических симптомов
  21. Мании с психотическими симптомами
  22. Невротические, связанные со стрессом, соматоформные расстройства
  23. Непсихотические нарушения вследствие повреждения головного мозга
  24. Обсессивно-компульсивное расстройство
  25. Органические психозы
  26. Острые психозы
  27. Шизофрения
  28. Психические и поведенческие расстройства вызванные употреблением каннабиноидов у несовершеннолетних (7-18 лет)
  29. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением алкоголя (для взрослых)
  30. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением алкоголя у несовершеннолетних (7-18 лет)
  31. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением галлюциногенов (для взрослых)
  32. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением других стимуляторов (для взрослых)
  33. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением летучих растворителей (для взрослых)
  34. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением летучих растворителей у несовершеннолетних (7-18 лет)
  35. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением опиоидов
  36. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением опиоидов у несовершеннолетних (7-18 лет)
  37. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением седативных и снотворных средств (для взрослых)
  38. Психические и поведенческие расстройства, вызванныеупотреблением каннабиноидов
  39. Психические расстройства, связанные с физиологическими нарушениями
  40. Расстройства поведения у детей и подростков
  41. Расстройства психические и поведенческие, вызванные употреблением новых психоактивных веществ
  42. Расстройства психологической адаптации в детском возрасте
  43. Реакция на стресс
  44. Резидуальные психотические расстройства
  45. Сенильный психоз
  46. Синдром Ретта
  47. Тревожные расстройства
  48. Умственная отсталость
  49. Гемифациальный спазм
  50. Гидроцефалия (вентрикуло-перитонеальное шунтирование)
  51. Головные боли (педиатрия)
  52. Ликворея
  53. Невралгия тройничного нерва
  54. Опухоли основания черепа (хирургическое лечение)
  55. Рассеянный склероз
  56. Поражение нервных корешков и сплетений
  57. Расстройство вегетативной нервной системы у детей
  58. Синдром Гийена-Барре
  59. Эпилепсия у детей и взрослых
  60. Грыжи диска поясничного и других отделов позвоночника с сохранением стабильности позвоночно-двигательного сегмента (оперативное лечение)
  61. Дегенеративные заболевания поясничного отдела позвоночника со спинальной нестабильностью (оперативное лечение)
  62. Артериовенозные мальформации головного мозга
  63. Болезнь Гиршпрунга у детей
  64. Тяжелая черепно-мозговая травма
  65. Краниосиностоз
  66. Эпилепсия у детей
  67. Церебральный венозный тромбоз

Қарсы көрсеткіштері

Сүйек кемігі зақымдануында, жүректе қозу өткізгіштігінің бұзылыстарында (атриовентрикулярлық блокада), препараттың әсер етуші затына, үшциклді депрессияға қарсы препараттарға немесе препараттың бір құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдық, ауыр  ауыспалы порфирияда (порфириндер алмасуында белгілі бір тұқым қуалайтын ақау), литий препараттарын бір мезгілде қабылдау, МАО тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау.

Қауіпсіздік шаралары

Эпилепсиясы бар науқастарда карбамазепинмен емдеуді тоқтату және оларды басқа құрысуға қарсы дәрілік затқа ауыстыруды кенеттен жүргізбейді, дозаны төмендете отырып, біртіндеп жүргізеді. Мерзімді түрде қан көріністеріне талдау және бүйрек пен бауыр қызметін тексеріп отыру ұсынылады (әсіресе ұзақ қабылдауда). Бұны емге дейін, содан бірінші айда аптасына 1 рет, кейін - айына бір рет жүргізеді. Емнен 6 айдан кейін жылына  2-4 рет бұл бақылауларды жүргізеді.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Моноаминоксидазалар тежегіштері - орталық жүйке жүйесі тарапынан жанама әсерлер. Гормональді контрацептивтер - карбамазепин олардың әсерін әлсіретеді. Фенитонин - қандағы концентрациясын жоғарылатады/төмендетеді. Фенобарбитал, примидон, вальпрой қышқылы, теофиллин - қандағы карбамазепин концентрациясының төмендеуі. Антибиотик-макролидтер, мысалы, эритромицин, джозамицин, изониазид, верапамил, дилтиазем, ацетазоламид сияқты кальций антагонистері, декстропропоксифен/пропоксифен,  вилоксазин, даназол (тежеуге арналған дәрілік зат), ересектерде жоғары дозадағы никотинамид (В тобының дәрумені), сонымен қатар циметидин және дезипрамин - қандағы карбамазепин концентрациясын аттырады. Метоклопрамид немесе нейролептиктер - неврологиялық жағымсыз құбылыстардың пайда болуын туындатады. Литий - жүйке жүйесін зақымдайтын белсенді заттардың екеуінің де әсері күшейеді. Изониазид - изониазид әсерін күшейтуі. Несеп айдайтын дәрілер (гидрохлортиазид, фуросемид) - қан сарысуындағы натрий мөлшерін азайтады. Серотониннің қайта ұсталуының тежегіштері типті депрессияға қарсы дәрілер (флуоксетин сияқты депрессияға қарсы дәрілік заттар) - уытты серотонинді синдром дамуы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Препараттың төменгі дозасын тағайындау керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Препараттың төменгі дозасын тағайындау керек.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Емдік дозада бала үшін қауіпті емес. Егер емізулі баланың салмақ қосуы жеткіліксіз болса немесе жоғары ұйқышылдық (седативтік әсер) байқалса, онда бала емізуді тоқтатады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: ұйқышылдық, бас айналуы, жалпы әлсіздік, жүріс және қимылдың бұзылысы (мишық атаксиясы) және бас ауырулары. Егде жастағы науқастарда естің шатасуы және мазасыздану, тәбеттің төмендеуі, ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, құсу.Сирек: ауытқыған еріксіз қимылдар, мысалы, ырғақсыз тремор, көз алмасының тартылуы (нистагм) немесе бұлшықеттің жиырылуы, аллергиялық қызбамен немесе қызбасыз тері реакциялары, мысалы, есекжем (уртикария), тері қышынуы, кейде улкен пластиналық немесе қабыршақталған тері қабынулары (эксфолиативті дерматит, эритродермия), көпіршіктердің пайда болуымен байланысты шеткі бөліктердің некрозы (Лайелл синдромы), жарыққа сезімталдық (фотосенсибилизация), геморрагиялармен (көп формалы экссудативті эритема, түйінді эритема, Стивенс-Джонсон синдромы), түйіндер түзілуімен және дақ тәрізді бөртпелердің полиморфты тері қызарулары, теріде нүктеленіп қан құйылу және қызыл жегі (диссеминирленген қызыл жегі), перифериялық қандағы лейкоцит немесе тромбоцит (тромбоцитопения) санының көбеюі (лейкоцитоз, эозинофилия) немесе кемуі (лейкопения), іштің өтуі, іштің қатуы.Өте сирек: депрессивті нашар көңіл-күй, озбырлы мінез-құлық, ойлаудың тежелуі, сергектіктің төмендеуі, сонымен қатар қабылдаудың бұзылуы (галлюцинация) және құлақтың шуылы, конъюнктивиттер, кейде көздің аккомадациясына ұласатын бұзылыстар, көздегі қосарлану, көрудің бұлдырлануы, бұлшықет және буындардың ауыруы (артралгии, миалгии), сонымен қатар бұлшықеттің түйілуі, алопеция, диафорез, агранулоцитоз, апластикалық анемия, басқа да анемияның формалары (гемолиттік, мегалобласты), көк бауыр мен лимфатикалық түйіндердің улкеюі, іштің ауыруы, стоматит, гингивит, глоссит, панкреатит, гинекомастия, галакторея, брадикардия, жүрек ырғағының бұзылысы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Карбамазепинмен емдеу аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты әрбір науқас үшін жеке дозада төмен дозаларда тағайындалады.