N02CC06 Элетриптан (Eletriptan)

Қолдану көрсеткіштері

Аурамен немесе аурасыз жүретін бас сақинасы ұстамалары кезінде бас ауыруының жедел фазасын емдеу

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; орташа немесе ауыр артериялық гипертензия, немесе арнайы ем тағайындалмаған жеңіл артериялық гипертензия; жүректің расталған коронарлық ауруы, соның ішінде жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия, анамнездегі миокард инфарктісі немесе расталған симптомсыз ишемия); коронарлық түйілуі бар (Принцметал стенокардиясы бар), жүректің ишемиялық ауруының объективті немесе субъективті симптомдары бар пациенттер;  елеулі аритмиялар немесе жүрек жеткіліксіздігі;  шеткері қантамырлардың ауруы;  анамнездегі ми қанайналымының жедел бұзылуы (МҚЖБ) немесе транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИШ).

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

 • Сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза мен галактозаның мальабсорбциясы синдромы бар пациенттерге  қабылдамағаны жөн. • Препаратының құрамында «күн батар түстес сары» бояғыш бар, ол аллергиялық реакцияларды туғызуы мүмкін және балаларға қолдануға тыйым салынған. • Препарат гемиплегиялық, офтальмоплегиялық немесе базилярлық бас сақинасын емдеу үшін көрсетілмеген. • «Атипиялық» бас ауыруын, яғни күрделілігі зор жағдай (инсульт, аневризманың үзілуі) түрткі болуы мүмкін бас ауыруын емдеу үшін қолданбау керек, вазоконстрикция ол кезде зиянды болуы мүмкін. • Препаратты қолдану кеуде қуысының ауыруы мен қысылу сезімін қоса, уақытша симптомдармен қатар жүруі мүмкін, олар қарқынды болуы және тамаққа жайылуы мүмкін. Егер ондай симптомдар жүректің ишемиялық ауруын білдіреді деп есептелсе, препараттың ары қарайғы дозаларын қабылдамау керек және тиісінше бағалау жүргізу қажет. • Препаратты анықталмаған жүрек ауруы болуы мүмкін пациенттерге, немесе жүректің ишемиялық ауруының (ЖИА) даму қаупі бар  пациенттерге алдын-ала бағалап алмай тағайындамау керек. ЖИА анықталған пациенттерге  тағайындамау керек.  • Жағымсыз әсерлер триптандар мен құрамында шайқурай (шілтерлі шайқурай) бар өсімдіктен алынған препараттарды бірге қолданғанда жиілеуі мүмкін. • Препаратты 60 мг немесе одан көп дозада қолданғанда артериялық қысымның аздаған және уақытша жоғарылауы байқалды.  • Бас ауыруы кезінде кез келген ауыруды басатын дәрілерді ұзақ уақыт бойы пайдалану ауыруды күшейтіп жіберуі мүмкін. Егер аталған жағдай байқалса немесе болжам жасалса, дәрігермен кеңесу және емдеуді тоқтату қажет. • Егер клиникалық тұрғыдан, препарат пен серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштерін (СКҚІТ) немесе серотонин мен норадреналинді кері қармаудың тежегіштерін бір мезгілде қабылдау қажет болса, әсіресе емдеудің басында, дозасын арттырған кезде немесе басқа серотонинергиялық препаратты қосқан кезде пациентке қадағалау жүргізу ұсынылады.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 • Қарсы көрсетілген    -  элетриптанмен емдеуге дейін немесе емдеуден кейін 24 сағат ішінде эрготаминді немесе оның туындыларын (метисегридті қоса) қолдану     -  элетриптанды 5-НТ1 рецепторлардың басқа агонистерімен бір мезгілде қабылдау    -  кетоконазол, итраконазол, эритромицин, кларитромицин, джозамицин және протеаза тежегіштері сияқты (ритонавир, индинавир және нелфинавир) CYP3A4 ферментінің күшті тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау  • CYP3A4 ферментінің  күшті тежегіштері (кетоконазол, итраконазол, эритромицин, кларитромицин, джозамицин) және протеаза тежегіштері (ритонавир, индинавир және нелфинавир)  - бірге қабылдамау керек. • Құраында кофеині мен, құрамында эрготамин немесе эрготаминге ұқсас заттары (дигидроэрготамин) бар препараттар -  ішке қабылдағанда, пациенттерде артериялық қысымның болар-болмас қосымша жоғарылауы байқалды; қабылдаудың арасында кемінде 24 сағат өтуі тиіс. • Серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштері немесе серотонин мен норадреналинді кері қармаудың тежегіштері мен триптандар - бір мезгілде қолданғаннан кейін  серотониндік синдром (психикалық жағдайдың өзгерістерін, вегетативтік жүйке жүйесінің бұзылысын және жүйке-бұлшықет бұзылуларын қоса)  байқалады.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Тек анасы үшін күтілетін пайдасы шарана үшін болуы мүмкін қауіптен асып түсетін жағдайларда ғана тағайындау керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Сақтықпен қарау керек. Препараттың жаңа туған сәбиге әсер ету қаупін препаратты қабылдағаннан кейін 24 сағат бойы бала емізуді уақытша тоқтата тұру арқылы азайтуға болады.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: фарингит, ринит;  ұйқышылдық, бас ауыруы, бас айналуы, шаншу немесе әдеттен тыс сезінулер, гипертония, гипестезия, миастения; вертиго; жүрек қағуын сезіну, тахикардия; гиперемия; тамақтың қысылу сезімі; іштің ауыруы, жүрек айнуы, ауыздың құрғауы, диспепсия; тершеңд арқаның ауыруы, миалгия;  ысыну сезімі, астения, кеуде қуысы аймағындағы симптомдар (ауыру, қысылу және жаншылу сезімі), қалтырау және ауырсыну.Жиі емес: анорексия; патологиялық ойлау, қозу, сананың шатасуы, өзін-өзі танымау, эйфория, депрессия, ұйқысыздық; тремор, гиперестезия, атаксия, гипокинезия, сөйлеудің бұзылуы, мелшию,  дәм сезудің бұрмалануы; көрудің бұзылуы, көздің ауыруы, көз қарығу, көз жасы ағуының бұзылуы;  құлақтың ауыруы, құлақтағы шуыл; шеткері артериялардың ауыруы; ентігу, тыныс алудың бұзылуы, есінеу; диарея, глоссит; бөртпе, қышыну; буынның ауыруы, артроз, сүйектердің ауыруы; несеп шығару жиілігінің артуы, несеп шығару жолдарының ауыруы,  полиурия дімкәстану, беттің ісінуі, шөлдеу, ісіну, шеткері ісіну.Сирек:  жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары; лимфаденопатия; көңіл-күйдің құбылмалылығы; конъюнктивит; брадикардия; шок; бронх демікпесі, дауыстың өзгеруі; іштің қатуы, эзофагит, тілдің ісінуі, кекіру; гипербилирубинемия, АСТ деңгейінің жоғарылауы; терінің зақымдануы, есекжем; артрит, миопатия, құрысумен жүретін тартылулар; кеуденің ауыруы, меноррагия.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәліметтердің болмауына байланысты қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді