N02BA01 Ацетилсалицил қышқылы (Acetylsalicylic acid)

Қолдану көрсеткіштері

Түрлі этиологиядағы әлсіз және орташа қарқынды ауырсыну синдромы.
    Клинические протоколы:
  1. Менингит у детей и взрослых
  2. Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  3. Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  4. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  5. Невралгия тройничного нерва
  6. Эндоваскулярное лечение ишемического инсульта в острейшем периоде
  7. Острый и хронический тонзиллит
  8. Последствия термических и химических ожогов, отморожений, ран
  9. Идиопатические воспалительные миопатии
  10. Перекрестный (overlap) синдром
  11. Слизисто-кожный лимфонодулярный синдром Кавасаки у детей
  12. Узелковый полиартериит у детей
  13. Экстракраниальные заболевания брахиоцефальных артерий
  14. Дисменорея
  15. Орхит и эпидидимит у детей
  16. Тазовые перитонеальные спайки
  17. Синдром диабетической стопы
  18. Рак предстательной железы
  19. Рак мочевого пузыря
  20. Гепатоцеллюлярная карцинома
  21. Гастропатии, индуцированные приемом нестероидных противовоспалительных препаратов
  22. Рак шейки матки
  23. Злокачественные неоплазии тела матки
  24. Злокачественные опухоли гортаноглотки
  25. Злокачественные новообразования слюнных желез
  26. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  27. Рак вульвы
  28. Злокачественные новообразования гортани
  29. Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
  30. Злокачественные новообразования ротоглотки
  31. Опухоли средостения
  32. Злокачественные новообразования носоглотки
  33. Злокачественные новообразования ободочной кишки
  34. Злокачественные новообразования прямой кишки
  35. Рак легкого
  36. Рак поджелудочной железы
  37. Злокачественные новообразования полости рта

Қарсы көрсеткіштері

Анамнезінде немесе асқыну сатысындағы асқазан- ішек жолының эрозивті- ойық жаралық зақымданулары; геморрагиялық диатездер;  геморрагияларға бейімділік; қан кетудің жоғарылауы; қан ұюының бұзылыстары; ауыр жүрек жеткіліксіздігі; подагра және подагралық артрит; нефролитиаз, гиперурикемия; глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жетіспеушілігі; су- элетролиттік балансының және қышқыл- негіз тепе- теңдігінің айқын бұзылыстары; салицил қышқылына, оның туындыларына немесе басқа да стероидты емес қабынуға қарсы препараттарға жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Демікпе, анамнезінде асқазан-ішек жолдарының (АІЖ) эрозиялы-ойық жаралы зақымдануы және қан кетулер, жоғары қанағыштық, аллергиялық аурулар, сусыздану; балаларда қызба немесе вирустық инфекциялар (Рейе синдромының даму қаупі, төменде қараңыз) кезінде қолданбаған жөн; егде жастағы адамдар; Г6ФД-тапшылығы; қан кету қаупін жоғарылататын препараттармен бір мезгілде қолдану; Ұзақ уақыт ацетилсалицил қышқылын қабылдағанда ульцерогенді әсерін уақытылы анықтау үшін жүйелі түрде нәжісте қанның болуын бақылап тұру керек және қан анализдерін жүргізу керек  (тромбоциттер агрегациясына әсері, кейбір коагуляцияға қарсы белсенділігі); анемия; тиреотоксикоз; гиперурикемия; қан кетулер даму қаупін азайту мақсатында  жоспарлы хирургиялық араласулардан 5-7 тәулік бұрын ацетилсалицил қышқылын қабылдауды тоқтату керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Метотрексат- аспиринмен бірге аптасына 15 мг дозада және одан жоғары қолдану оның гематологиялық уыттылығын жоғарылатады. ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН! Ибупрофен - аспириннің кардиопротекторлы әсерінің төмендеуі.  Антикоагулянттар, антиагреганттық препараттар- қан кетулер даму қаупі. СЕҚҚП салицилаттармен жоғары дозада (3 г/тәу және жоғары) - АІЖ шырышты қабығында ойық жаралардың және қан кетулердің даму қаупі. Серотониннің қайта ұсталуының таңдамалы  тежегіштері- АІЖ жоғары бөлігінен қан кетулер даму қаупінің жоғарылауы. Дигоксин - аспирин клиренсінің төмендеуі қан плазмасында дигоксин концентрациясын жоғарылатады.  Диабетке қарсы заттар- гипогликемиялық әсерінің күшеюі. Вальпрой қышқылы - вальпрой қышқылы уыттылығының артуы.  Этанол - АІЖ шырышты қабатының зақымдану қаупінің жоғарылуы және қан кету уақытының ұзаруы. Урикозуриялық препараттар- урикозуриялық әсерінің төмендеуі. ААФ тежегіштері- гипотензивті әсерінің төмендеуі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ауыр дәрежесінде қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Ауыр дәрежесінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: асқазан-ішек жолының бұзылыстары, асқазан ауыруы; асқазан және/немесе он екі елі ішектің эрозиялы-ойық жаралы зақымдануы, асқазан-ішектен қан кету, қан құсу (гематемезис), мелена. Аздаған қан жоғалту, жиі симптомсыз (науқастардың шамамен 70% болуы мүмкін) ұзақ терапия кезінде темір тапшылықты анемияның себебі болуы мүмкін; аллергиялық реакциялар (терінің бөртуі, есекжем, Квинке ісігі, Лайелл синдромы, бронхоспазм, эозинофилия, анафилактикалық шок, ангионевротикалық ісіну, «аспиринді триада»: бронх демікпесінің, қайталанатын мұрын және мұрын маңы қуысының полипозының және ацетилсалицил қышқылына төзімсіздіктің үйлесуі) ауыр, фатальды, пароксизмальды бронхоспазм және диспноэға дейін;Сирек:  асқазан-ішек жолының жоғары бөлігінен қан кету, қан кету уақытының ұзаруы, тромбоциттердің адгезиясы азаюы және жоғары дозаларда гипопротромбинемияға әкелуі мүмкін. Бұл қанның басқа ауруларын, соның ішінде тромбоцитопения тудыруы мүмкін; гепатоуыттылық, әсіресе ювенильді идиопатиялық артрит немесе дәнекер тінінің басқа аурулары бар науқастарда; балаларда Рейе синдромы; жүрек жетіспеушілігінің ауырлығының күшеюі; асептикалық менингит; интерстициалдық нефрит, папиллярлық некроз, нефротикалық синдром, бауыр және бүйрек функциясының бұзылыстары, бүйрек жеткіліксіздігі; бас айналуы, бас ауруы, құлақтың шуылдауы, есту қабілетінің төмендеуі.

Балаларда қолданылуы

15 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, Рейе синдромына байланысты аспириннен тұратын препараттарды 15 жасқа дейінгі балаларға тағайындауға болмайды, тек қана алдын ала арнайы көзделген мақсатта ғана, мысалы Кавасаки ауруында.