N02AF02 Налбуфин (Nalbuphine)
Қолдану көрсеткіштері
Қарқындылығы орташа және айқын дәрежелі ауыру синдромын басу үшін. Қосымша дәрі ретінде: операция алдындағы және операциядан соң ауыруды басу үшін, акушерлік тәжірибеде босанулар кезінде ауыруды басу үшін.Клиникалық хаттама: 1. Политравма
-
Клинические протоколы:
- Политравма
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Препаратқа немесе препараттың кез келген ингредиентіне аса жоғары сезімталдық, ОЖЖ мен тыныс алудың айқын бәсеңдеуі, эпидуральді және жұлын анестезиясында, эпилепсиялық синдром, бассүйекішілік гипертензия, бассүйек-ми жарақаты, жедел алкогольдік жағдайлар, алкогольдік психоз, морфин тәрізді препараттарға дәрілік тәуелділік (морфин, промедол, фентанил), цефалоспориндерден, линкозаминдерден, пенициллиндерден болған жалғанжарғақшалы колит аясындағы диарея, уытты диспепсия.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
Кахексия, тыныс алу жеткіліксіздігі, мерзімінен бұрын босанулар және ұрықтың жетілмей қалу ықтималдылығы, ішектің ауыр қабыну аурулары, бронх демікпесі, аритмия, артериялық гипертензия, гипотиреоз, қуықасты безінің гиперплазиясы, несеп шығару арнасының стенозы, суицидке бейімділік, эмоционалдық құбылмалылығы бар және әлсіз науқастарға сақтықпен қолдану. Жүрек айнуы мен құсу туындаған миокард инфарктісі бар пациенттерде; Одди сфинктерінің түйілуін тудыруы мүмкін болғандықтан өт жолдарына операция жасау кезіндегі пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Препаратты хирургиялық құрсақ синдромы кезінде сәйкесінше диагностика жүргізбей қолдану ұсынылмайды, өйткені налбуфин оның көріністерін бүркемелеуі мүмкін. Көлік құралдары мен жоғары зейінді қажет ететін басқа механизмдерді басқарудан бас тарту керек.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
ОЖЖ бәсеңдететін заттар - тыныс алу және орталық жүйке жүйесіне бәсеңдеткіш әсері күшейеді.Этанол - налбуфиннің орталық жүйке жүйесіне бәсеңдеткіш әсері күшейеді.Антидепрессанттар - бір немесе екі препараттың дозасы азайтылуы тиіс.Басқа апиындық аналгетиктер - тыныс алудың бәсеңдеуі және ауырсынуды басатын әсері ішінара төмендейді.Антихолинергиялық белсенділігі бар дәрілік заттар, диареяға қарсы препараттар - ішек бітелісіне дейінгі іш қатуының, несептің іркілуі мен ОЖЖ бәсеңдеуінің даму қаупін арттырады.Артериялық қысымды төмендететін дәрілік заттар, диуретиктер - гипотензивті әсерін күшейтеді.Метоклопрамид - метоклопрамид тиімділігі төмендейді.Басқа инъекциялық ерітінділермен бір еккіште араластырмау керек.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану. Ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану. Ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жүктілік
Қолданбау. Акушерлік тәжірибеде босанулар кезіндегі ауыруды басу үшін қолдану жаңадан туылған сәбилерде құрсақішілік брадикардия, тыныстың тарылуы, апноэ туындауы мүмкін.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: седация. Жиі: тершеңдік, ұйқышылдық, бас ауыруы, ауыздың құрғауы, бас айналуы. Жиі емес: тремор, күйгелектік, парестезиялар, жайсыздық, дисфория, көру жітілігінің нашарлауы, көзден жас ағу, құрысулар.Сирек: тыныстың тарылуы. Өте сирек: эйфория, елестеулер, сананың шатасуы, депрессия, шаршау, енжарлық, мазасыз ұйықтау, әдеттен тыс түс көрулер, брадикардия немесе тахикардия, жүрек ырғағының бұзылуы, ортостатикалық гипотензия, артериялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі, дене температурасының жоғарылауы, өкпенің ісінуі, ауыр жағдайға дейінгі аллергиялық реакциялар, әрі қарай өт энзимдері деңгейінің жоғарылауымен жүретін өт жолдарының түйілуі, анорексия, уытты мегаколон, салданған ішек бітелісі, гепатоуыттылық, қуықасты безінің аденомасы мен уретралар стенозы кезінде бұл жағдайдың ушығуы немесе несептің ағып шығуының бұзылуы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді