N02AB03 Фентанил¹ (Fentanyl)

Қолдану көрсеткіштері

Опиоидты анальгетиктермен ғана адекватты шеттетілетін, ересектердегі созылмалы ауыр жазылатын ауырсынулар.
    Клинические протоколы:
  1. Поражение нервных корешков и сплетений
  2. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  3. Поражение нервных корешков и сплетений
  4. Гипоксически-ишемическая энцефалопатия

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Әсер ететін затқа немесе басқа да кез келген ингредиентке жоғары сезімталдық; тынысалудың ауыр тежелуі; ОЖЖ ауыр зақымдануы; препаратты қысқа мерзім  аралығында дозасын таңдау мүмкіндігі жоқтығына және өмірге қауіпті тынысалу тежелуінің  дамуы ықтималдығына байланысты жедел немесе операциядан кейінгі ауырсынуларды емдеу үшін қолдануға болмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Барлық опиоидтарға тән сақтық шараларын сақтау қажет.Фентанил үшін:- жалпы сақтық шаралары: бас миынің ісігі, қант диабеті, сананың бұзылуы;- трансдермальды түрі үшін: жедел ауырсынуды емдеу, препараттың стационарлы жағдайы дозасын тез титрлеуге кедергі келтіретіндіктен, қысқа уақыт ішінде ауыру сезімін басу дозасын ауыстыруды қажет пациенттер.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Пайдалануды болдырмау немесе дозасын азайту. Фентанилдің уыттылық белгілерінің болуын қадағалау.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Пайдалануды болдырмау немесе дозасын азайту. Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда кома дамуы жылдамдауы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Босану кезінде опиоидты анальгетиктер қолданылған жағдайда, жаңа туған нәрестеде абстиненция синдромы және тыныс алу тежелуі дамуы мүмкін; сонымен қатар, босану кезінде опиоидты анальгетиктерді қолданғанда анасында асқазанның іркілуі және аспирациялық пневмония даму жағдайлары сипатталған.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Барлық опиоидтарға тән.Фентанил үшін:Жиі: іштің ауыруы; астения; анорексия; үрей; тәбеттің өзгеруі; тері реакциялары; диарея; диспепсия; ентігу; асқазан-өңеш рефлюксі; гипертония; миоклонус; парестезиялар; фарингит; ринит; стоматит; тремор; қан тамырларының кеңеюі.Жиі емес: амнезия; артралгия; қан аурулары; қалтырау; сананың шатасуы; дәм сезудің бұзылуы; метеоризм; гиповентиляция; ішек тарылуы; зейін шоғырлануының бұзылуы; қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы; әлсіздік; гипертермия; құрысулар; сөйлеу бұзылысы; шөлдеу; тромбоцитопения.Сирек: ықылықӨте сирек: апноэ; аритмия; атаксия; сандырақ; қан түкіру.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Опиоидты анальгетиктерді қабылдайтын, 2 жастан асқан балаларда ауыр созылмалы ауырсынуларда ұзақ уақыт қабылдау. Кеуденің немесе қолдың жоғары бөліктерінің жазық беткейіне жабыстыру. Кем дегенде пероральді морфиннің күніне 30 мг баламалы мөлшерін бұрын қабылдаған,  2 жастан 16 жасқа дейінгі балалар.  Балаларда опиоидтардың оральді немесе парентаральді енгізу тәсілінен трансдермальді фентанилге  ауысқанда, нұсқаулықта келтірілген кесте пайдаланылады.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз! 2 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді